Аудандық кітапхана

17.05.2021

Ақтоғай аудандық кітапханасы 1938 жылы құрылған.

   Асамбаева Гүлмира Тоқтарқызы-Ақтоғай аудандық орталық кітапханасының қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі

   Әр істің өз тарихы, өз тамыры болады.

   2009 жылы «Жол картасы» бағдарламасы бойынша кітапхана үлкен әмбебап ғимаратына көшіп, қазіргі уақытқа дейін осы жерде орналасқан.

   Ақтоғай ауылы  бойынша адам саны 4219 адамды құрайды.

   Хиро Ксения Вячеславовна –аудандық кітапханасының қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы.

    Аудандық кітапханаға балалар  әдебиет бөлімі кіреді. Балалар бөлімінде Эргешова Зебо Ихтиерқызы кітапханашы лауазымында қызмет етеді.

   Аудандық кітапханасының кітап қоры 01.01.2023ж. 19949 дананы құрайды, оның 10688 данасы қазақ  тілінде, балалар әдебиетінің кітап қоры 9950, қазақ тілінде-2191 дана.

   Әдебиеттер мемлекеттік және жергілікті бюджеттен алынады. Тапсырыс берген кезеңде өлкетану бағыты, мектеп бағдарламасы бойынша  және балалардың ойлау қабілеттерін дамыту мақсатындағы кітаптар ескеріледі.

   Ауыл жастары жеке кәсіп құруға бағытталған кітаптар және психологиялық аспектілерге арналған кітаптар қамтуды қалайды. Мысалы: (Т.Худайбергенова «От таксиста до миллионера», К.Шонбай «Не будь вторым», С.Бисекеева «Бәрі өз қолыңда», Р.Кийосаки «Богатый папа» т.б.

   Аудандық кітапханада «Ата-бабалар жолымен», «Дорогами предков атты жоба негізінде көптеген іс-шаралар өтті. Мысалы: Мүткенов ауылындағы Жауынгерлік даңқ мұражайына, суырып-салма ақын Қ. Нығмановтың үйінде орналасқан мұражайға, Әуельбек ауылында орналасқан мектеп мұражайы, ақын Қ.Ыдырысов мұражайына саяхат жасалып, Е.Беркімбаевтың кесенесіне саяхатталды.

   Аталмыш жоба 2023 жылы өз жалғасын «Ауылым-ару мекенім» атты жобамен өз жалғасын табады.

   Жобаның мақсаты: өз туған ауылы туралы әңгімелеу, оның көрікті жерлерімен таныстыру.

   Жоба негізінде келесі шаралар өткізу жоспарлануда:

   «Ақтоғайда ізі қалған ұлы есімдер», «Туған өлке-тұнған шежіре», «Ел жадындағы естеліктер», «Өз өлкеңді өзгеден бұрын таны» т.б.

   Балалар әдебиет бөлімінде «Тосыннан түсіргенде» атты жаңа  жоба іске асырылады. Жоба мақсаты: кітапппен тұрған  балалардың тосыннан түсірген суректтер жинағы. Мысалы: күзгі орманда, көгалда, бау-бақшаада т.б жерлерде).

   Кітап қорының цифрлік форматқа түсуру жұмысы жалғастырылуда.

   2023 жылы Павлодар өңірінде атақты жерлес ақын-жазушылардың мерейтойлары аталып өтеді. Сонымен қатар, көптеген іс-шаралар ұйымдастырылады. 

  • «Халқымыздың асыл перзенті» (жазушы-демократ С. Торайғыровтың туғанына 130-жыл толуына орай)
  • «Мен жастарға сенемін» (М.Жүмабаевтың 130 жылдығына)
  • «Батыр туған өлке» (С.Мүткеновтың 110 жылдығына,)
  • «Туған өлке перзенті» (жерлес ақын Қ.Ыдырысовтың туғ.95 ж)
  • «Әнші.Сазгер.Ақын» (жерлес ақын Е.Беркімбаевтың 155-жылдығы)
  • «Бала деп соққан жүрегі» (балалар ақыны М.Әлимбаевтың 100 жылдығы)

   2023 жылы «Бір ел-бір кітап» акциясы бойыншаТөлен Әбдіковтың«Парасат майданы», «Өліара» т.б кітаптары таңдалды.

   "Бір ел-бір кітап" акциясы бойынша 2023 жылы шығармалар таңдалды.

    Аудандық кітапхана қызметкерлері-шығармашыл адамдар болып табылады.Оған дәлел: жыл бойындағы өткізіліп жатқан іс-шаралар мен безендірілген кітап көрмелері.

Маңызды ақпарат

© 2006—2021 Павлодар облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Ақтоғай ауданының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі. Барлық құқықтар сақталған