Жарғы

17.05.2021

«Ақтоғай ауданының орталықтандырылған кітапхана жүйесі»

коммуналдық мемлекеттік мекемесінің

ЖАРҒЫСЫ

 

  1. Жалпы ережелер

 

  1. «Ақтоғай ауданының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi (бұдан әрi – коммуналдық мемлекеттiк мекеме) функцияларын жүзеге асыру үшiн мекеме ұйымдық құқықтық нысанында құрылған, заңды тұлға мәртебесiне ие коммерциялық емес мекеме болып табылады.
  2. Мемлекеттiк мекеменiң түрi: коммуналдық.
  3. Мемлекеттiк мекеме Ақтоғай ауданы әкімдігінің 2004 жылғы 7 шілдедегі №18 шешiмiмен құрылды.
  4. Коммуналдық мемлекеттiк мекеменiң құрылтайшысы жергілікті атқарушы орган – Ақтоғай ауданының әкімдігі болып табылады.
  5. Мекеменің мемлекеттік басқарушы органы «Ақтоғай ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып табылады.
  6. Занды тұлғаның мемлекеттік тілде толық атауы – «Ақтоғай ауданының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі. Занды тұлғаның орыс тіліндегі толық атауы – коммунальное государственное учреждение «Централизованная библиотечная система Актогайского района».
  7. Коммуналдық мемлекеттік мекеменің мекенжайы: 140200, Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, Ақтоғай ауданы, Ақтоғай ауылы, Қайырбаев көшесі, 92.
  8. Ақтоғай ауданының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі аудандық орталық кітапханадан және ауылдық кітапханалардан құралған (заңды тұлға болып табылмайтын):

Приреченск ауылдық кітапханасы, Жоламан ауылдық кітапханасы, Әуелбек ауылдық кітапханасы, Басқамыс ауылдық кітапханасы, Жалаулы ауылдық кітапханасы, Балтасап ауылдық кітапханасы, Жолболды ауылдық кітапханасы, Шұға ауылдық кітапханасы, Қараоба ауылдық кітапханасы, Қожамжар ауылдық кітапханасы, Жамбыл ауылдық кітапханасы, Жаңабет ауылдық кітапханасы, Мүткенов ауылдық кітапханасы, Әбжан ауылдық кітапханасы, Жаңатап ауылдық кітапханасы, Ақжол ауылдық кітапханасы, Барлыбай ауылдық кітапханасы, Шолақсор ауылдық кітапханасы, Харьков ауылдық кітапханасы.

 

 

  1. Коммуналдық мемлекеттiк мекеменiң заңдық мәртебесi

 

  1. Коммуналдық мемлекеттік мекеме ол мемлекеттік тіркелген кезден бастап құрылды деп есептеліп, заңды тұлғаның құқықтарына ие болады.
  2. Коммуналдық мемлекеттік мекеменің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дербес теңгерімі, банкте шоттары, бланкілері, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген және коммуналдық мемлекеттік мекеменің атауы жазылған мөрі болады.
  3. Коммуналдық мемлекеттік мекеме басқа заңды тұлғаны құра алмайды, сондай – ақ оның құрылтайшысы (қатысушысы) бола алмайды.
  4. Коммуналдық мемлекеттік мекеме өзiнiң мiндеттемелерi бойынша өзiнің кепілдігіндегі ақшамен жауап бередi. Коммуналдық мемлекеттік мекемеде ақша жеткіліксіз болған кезде оның міндеттемелері әкімшілік-аумақтық бірлік тиісті бюджет қаражатымен демеу қаржылық жауапты болады.
  5. Коммуналдық мемлекеттік мекеменің азаматтық – құқықтық мәмілелері, олардың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық бөлімшелерінде тіркелгеннен кейін, күшіне енеді.

 

 

  1. Коммуналдық мемлекеттік мекеме қызметінің мәні мен мақсаттары

 

  1. Коммуналдық мемлекеттік мекеме қызметінің мәні–аудан тұрғындарының білімін, кәсіби, мәдени деңгейін көтеруге, оқырмандардың сұранысын қанағаттандыру арқылы ғылымды, өндірісті және мәдениетті дамытуға ықпал жасау.
  2. Коммуналдық мемлекеттік мекеме қызметінің мақсаты:
  • 1) облыс кітапханаларының мәдени – ағарту, ақпараттық қызметінде бірыңғай мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға қатысу;
  • 2) азаматтарды ұлттық және әлемдік рухани құндылықтарға тарту.
  1. Коммуналдық мемлекеттік мекеме мақсатқа қол жеткізу үшін мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады:
  • 1) қорды мемлекеттік, орыс және аудан аумағында тұратын басқа халықтардың тілдерінде, сондай – ақ шетел тілдеріндегі барлық білім салалары бойынша.
  • 2) кітапхана оқырмандарына қорды ұсыну, кітаптарды және басқа баспа, электронды басылымдарды жалпы, арнайы оқу залдарында, салалы бөлімдерде, жеке  және  кітапханааралық  абонементте беру;
  • 3) анықтама аппаратының көмегімен, кітапхана қорын жүйелеу, есепке алу, өңдеу, сақтау және пайдалануды бақылау, аудан кітапханаларының электронды өлкетану каталогының жиынтығын, сирек кездесетін кітаптар мен қолжазбалар каталогын жүргізу, кітапханалық-библиографиялық процестерді компьютерлендіру және автоматтандыру құралдарын енгізу;
  • 4) тұрғындарға кітапханалық – библиографиялық және ақпараттық қызмет көрсету жүйесін жетілдіру бойынша іс – шараларды ұйымдастыру және өткізу;
  • 5) кітапхана қызметкерлерінің кәсіби деңгейін көтеруге бағытталған ғылыми – тәжірибешілік конференциялар, семинарлар, кеңестер, практикумдар, іс – сынақтар және басқа шараларды өткізу; кітапхана практикасына озат тәжірибені айқындап, зерттеп, жинақтап және жоспарлы түрде қазіргі күші бар заңнамаға сәйкес енгізу;
  • 6) инфрақұрылымдарды дамытуды қамтамасыз ету, материалдық-техникалық базаны нығайту, кітапхана қызметінің өндірістік – шаруашылығын жүзеге асыру;

        17.Коммуналдық мемлекеттік мекемеге жарғыда бекітілген өз қызметінің мәні мен мақсаттарына сай келмейтін қызметті жүзеге асыруға, сондай – ақ мәмілелер жасауға тыйым салынады.

  1. Мемлекеттік мекеме қызмет мақсаттарына қайшы жасалған мәміле, Қазақстан Республикасының шектеулі заңдарында немесе құрылтай құжаттарында не басшының жарғылық құзыретін бұза отырып, жасалған мәміле тиісті саланың уәкілетті органының, жергілікті атқарушы органының не аудандық әкімі аппаратының шешімімен, немесе мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның не прокурордың талабы бойынша жарамсыз деп танылуы мүмкін.

              19.Коммуналдық мемлекеттік мекеме басшысының коммуналдық мемлекеттік мекемемен жарғылық емес қызметті жүзеге асыруға бағытталған әрекеті еңбек міндеттемелерін бұзу болып табылатын, тәртіптік және материялдық жауапкершілікке әкеледі.

 

 

  1. Коммуналдық мемлекеттік мекемені басқару

 

       20.Коммуналдық мемлекеттік мекемені жалпы басқаруды Уәкілетті орган жүзеге асырады.

       21.Ақтоғай ауданы әкімдігінің жергілікті атқару органы келесі функцияларды жүзеге асырады:  

  • 1) коммуналдық мемлекеттік мекемеге мүлікті бекітіп береді;
  • 2) коммуналдық мемлекеттік мекеменің жеке қаржыландыру жоспарын бекітеді;
  • 3) коммуналдық мемлекеттік мекеме мүлкінің сақталуына бақылауды жүзеге асырады;
  • 4) коммуналдық мемлекеттік мекеме жарғысын бекітуге береді, оған өзгерістер мен толықтыруларға ынта көрсетеді;
  • 5) коммуналдық мемлекеттік мекеменің басқару органдарының құрылымын, құрылуы тәртібі мен өкілеттік мерзімін, коммуналдық мемлекеттік мекеменің шешімдер қабылдау тәртібін анықтайды;
  • 6) коммуналдық мемлекеттік мекеме басшысының құқықтарын, міндеттері мен жауапкершілігін, оны лауазымынан босату негіздерін айқындайды;
  • 7) коммуналдық мемлекеттік мекеменің құрылымы мен шекті штаттық санын бекітеді;
  • 8) жылдық қаржы есептілікті бекітеді;
  • 9) мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөліміне жергілікті бюджеттен қаржыландыратын, коммуналдық мемлекеттік мекемеге берілген немесе өзінің шаруашылық қызметінің нәтижесінде олар сатып алған мүлікті алып қоюға немесе қайта бөлуге жазбаша келісімін береді;
  • 10) коммуналдық мемлекеттік мекемелердің филиалдар мен өкілдіктер құруына келісімін береді және жергілікті атқару шешімі бойынша коммуналды мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату туралы шешім қабылдайды;
  • 11) осы жарғының және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де функцияларды жүзеге асырады;

       22.Коммуналдық мемлекеттік мекеме басшысы Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.

       23.Коммуналдық мемлекеттік мекеменің басшысы коммуналдық мемлекеттік мекеме жұмысын ұйымдастырады және басшылық етеді, мемлекеттік басқарушы органына тікелей бағынады және коммуналдық мемлекеттік мекемеге жүктелген міндеттер мен олардың өз функцияларын жүзеге асыруына жеке жауапты болады.

        24.Коммуналдық мемлекеттік мекеменің басшысы дара басшылық қағидаты бойынша әрекет етеді және коммуналдық мемлекеттік мекеме қызметінің барлық мәселелерін Қазақстан Республикасының заңнамасында және коммуналдық мемлекеттік мекеменің жарғысында айқындалатын өз құзыретіне сәйкес дербес шешеді.       

        25.Коммуналдық мемлекеттік мекеме басшысының мемлекеттік мекемемен жарғылық емес қызметті жүзеге асыруға бағытталған әрекеті еңбек

міндеттемелерін бұзу болып табылып, тәртіптік және материалдық жауапкершілікке әкеледі

       26.Коммуналдық мемлекеттік мекеменің қызметті жүзеге асыруы барысында коммуналдық мемлекеттік мекеме басшысы Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:

  • 1) коммуналдық мемлекеттік мекеме атынан сенімхатсыз әрекет етеді;
  • 2) мемлекеттік органдарда, басқа да ұйымдарда коммуналдық мемлекеттік мекеменің мүддесін білдіреді;
  • 3) шарттар жасасады;
  • 4) сенімхаттар береді;
  • 5) коммуналдық мемлекеттік мекеменің іссапарларға, тағылымдамаға, қызметкерлерді қазақстандық және шетелдік оқу орталықтарында оқытуға және қызметкерлердің біліктілігін жоғарылатудың басқа да түрлеріне байланысты тәртібі мен жоспарларын бекітеді;
  • 6) банк шоттарын ашады;
  • 7) барлық қызметкерлер үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
  • 8) коммуналдық мемлекеттік мекеме қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;
  • 9) коммуналдық мемлекеттік мекеме қызметкерлеріне, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көтермелеу шараларын қолданады және оларға қатысты тәртіптік жаза қолданады;
  • 10) коммуналдық мемлекеттік мекеменің қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттік аясын айқындайды;
  • 11) оған Қазақстан Республикасы заңнамасымен, осы жарғымен және басқару органымен жүктелген басқа да функцияларды жүзеге асырады.

        27.«Ақтоғай ауданының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi мен коммуналдық мүлікті басқаур уәкілетті органы (жергілікті атқарушы органы) арасындағы өзара қарым – қатынас Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамамен реттеледі.

                28.Ақтоғай ауданының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi мен үйлестіретін саласындағы уәкілетті органы (жергілікті атқарушы органы) арасындағы қарым-қатынас қолданыстағы заңнамамен реттеледі.

                29.Ақтоғай ауданының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнің әкімшілігі  мен еңбек ұжымы арасындағы өзара қарым – қатына с Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексімен және ұжымдық шартпен белгіленеді.

 

 

  1. Коммуналдық мемлекеттік мекеме мүлкінің құрылу тәртібі

 

        30.Коммуналдық мемлекеттік мекеме мүлкін бағасы оның теңгерімінде айқындалатын заңды тұлғаның активтері құрайды. Коммуналдық мемлекеттік мекеменің мүлкі мыналардың:

  • 1) оған меншік иесі берген мүлік;
  • 2) өз қызметі барысында сатып алған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда);
  • 3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де қаржы көздері есебінен құрылады.

        31.Коммуналдық мемлекеттік мекеме дербес иеліктен шығаруға немесе оған бекітілген мүлік пен оған смета құралдары бойынша бөлінген мүлікке өзгеше тәсілмен иелік етуге құқығы жоқ.

        32.Егер Қазақстан Республикасының заңдарымен коммуналдық мемлекеттік мекемеге кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, мұндай қызметтен алынған ақша Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тиісті бюджеттің есебіне жатқызылады.

         33.Егер Қазақстан Республикасының заңдарында қосымша қаржыландыру көзі белгіленбесе, коммуналдық мемлекеттік мекеменің қызметі жергілікті атқарушы органы бюджетінен қаржыландырылады.

         34.Коммуналдық мемлекеттік мекеме бухгалтерлік есеп жүргізеді және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес есептілік ұсынады.

         35.Коммуналдық мемлекеттік мекеменің қаржылық – шаруашылық қызметін тексеру және  түгендеу Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен басқару органы және өзге де мемлекеттік органдарымен жүзеге асырылады.

 

 

  1. Коммуналдық мемлекеттік мекемедегі жұмыс тәртібі

 

         36.Коммуналдық мемлекеттік мекеменің жұмыс тәртібі ішкі еңбек тәртібінің қағидаларымен белгіленеді және Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуі тиіс.

 

 

  1. Құрылтайшы құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар

енгізу тәртібі

 

         37.Коммуналдық мемлекеттік мекеменің құрылтайшы құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жергілікті атқару органы немесе жергілікті бюджеттен қаржыландыратын коммуналдық мемлекеттік мекемені басқаратын органның, облыстық коммуналды мүлікті иемденуге уәкілетті органының шешімі бойынша жүзеге асырылады.

       38.Коммуналдық мемлекеттік мекеменің құрылтайшы құжаттарына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркеледі.

 

 

 

 

 

 

  1. Коммуналдық мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және

тарату шарттары

 

  1. Коммуналдық мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату жергілікті атқарушы органның шешімі бойынша жүргізіледі
  2. Мемлекеттік занды тұлга, заңнамалық актілермен басқа да негіздер бойынша таратылуы мүмкін.
  3. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, коммуналдық мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыруды және таратуды мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның келісімі бойынша тиісті саланың уәкілетті органы жүзеге асырады.
  4. Коммуналдық мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыруды және таратуды жергілікті атқарушы органның және жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісу бойынша жүзеге асырады.
  5. Кредит берушілердің талаптарын қанағаттандырғаннан кейін қалған таратылған коммуналдық мемлекеттік мекемені мүлкін мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы органы қайта бөледі.
  6. Таратылған мемлекеттік мекеменің мүлкін өткізу нәтижесінде алынған қаражатты қоса алғанда, осы мекеменің кредиторлардың талаптары қанағаттандырылғаннан кейін қалған ақшасы тиісті бюджет кірісінің есебіне жатқызылады.

 

 

  1. Коммуналдық мемлекеттік мекеменің филиалдары мен өкілдіктері

туралы мәліметтер

 

  • Коммуналдық Мемлекеттiк мекеменiң филиалдары мен өкiлдiктерi жоқ.

Маңызды ақпарат

© 2006—2021 Павлодар облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Ақтоғай ауданының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі. Барлық құқықтар сақталған