ЖИНАҚТАУ ЖӘНЕ ӨҢДЕУ БӨЛІМІ

17.05.2021

"Ақтоғай ауданының ОКЖ" КММ-нің жинақтау және өңдеу бөлімі

Жинақтау бөлімінің меңгерушісі: Жумалина А.С.

Жинақтау бөлімінің кітапханашысы: Сахнова Г.В.

Жинақтау бөлімінің кітапханашысы: Нуркина О.А.

   Әдебиеттерді жинақтау және өңдеу бөлімі орталықтандырылған аудандық кітапханада алдыңғы қатарлы оқу орындарының бірі болып табылады.

  Бөлімнің негізгі міндеті кітапхана пайдаланушыларының заманауи ақпараттық қажеттіліктеріне сәйкес келетін ОКЖ кітап қорын қалыптастыру болып табылады. Әсем Серікқызы аудандық орталық, балалар әдебиеті бөлімі және ауылдық кітапханаларының кітап қорларын толық жедел жинақтауды қамтамасыз етеді. Әдебиеттерді өңдеу және есепке алумен айналысады. Мерзімді басылымдарға жазылу бойынша үлкен жұмыс атқарады.

   2023 жылдың 01 қаңтарына Ақтоғай ОКЖ-нің кітап қоры 139163-ті құрады, оның ішінде мемлекеттік тілде 90624 дана кітап. 2022 жылы мемлекеттік тапсырыс арқылы 2442 дана кітап келіп түсті, оның ішінде қазақ тілінде – 2265 дана кітап.

   Сонымен бірге 2022 жылы 124 дана кітап сыйға берілді, оның ішінде 57 дана кітап қазақ тілінде.   

   Барлығы 2022 жылы 2566 дана кітап келіп түсті, оның ішінде қазақ тілінде 2322 дана кітап.

Маңызды ақпарат

© 2006—2021 Павлодар облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Ақтоғай ауданының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі. Барлық құқықтар сақталған