КГУ

ББК 84 (5Қаз-4Пав)

         Амантайұлы Ж.

А 52       Ескі сурет: жыр жинағы/ Павлодар: ҒӨФ «ЭКО», 2018. – 78 б.

         ISBN 978-601-284-278-4

 

      Жарқынбек Амантайұлының жыр жинағына соңғы жылда жазылған таңдаулы өлеңдері топтастырылған. Ақын албырт жастыққа тән жалынды жырларымен қатар, байсалды ой салатын байыпты бәйеттерін де ұсынады. Шығармашылығына имандылық тақырыбын негіз еткен қалам иесінің туындылары мәйікті сөз, мәнді насихатқа құрылған. Достық, адамгершілік, отаншылдық, ар мен рух асқақтығы, қабырғалы тұлғалардың тағдыры талай жырына арқау болған. Кітап көпшілік оқырман қауымға арналады.

ББК 85.2 (5Қаз)

         Беркімбайұлы Е.

Б 44      Қорлан.-Алматы: Ғалым, 1994. – 88 б.

         ISBN 9965-08-261-8

 

         Қазақ халық музыкасының классигі, әнші – композитор және ақын Естай Беркімбайұлының өмірі мен шығармашылық қызметін қамтитын «Қорлан» жинағы оның туғанына 125 жыл толуына орай дайындалған болатын. Мұнда Естайдың 35 әні текстерімен және ғылыми түсініктерімен беріліп отыр. Сондай-ақ әндерінің стильдік ерекшелігін сөз ететін орыс тіліндегі мақала да енгізілді.

         Кітап өнерді сүйетін қалың қауымға, музыка зерттеушілері мен композиторларға арналған.

ББК 84 (5Қаз-4Пав)

         Бижан Ж., Мағзұмов С.

Б 52       Ардақты елім-Ақтоғай. - Павлодар: «Дом печати» ЖШС,2003 ж. - 262 б.

         ISBN 9965-568-15-4

 

         Туған өңірдің, өз өлкеңнің, оның арғы бергі тарихын, абзал азаматтарын ардақтайтын деректі де дәйекті ой толғауға әркім ынталы.

         Тарихи танымды, дерегі дәлелді «Ардақты елім – Ақтоғай» атты бұл кітап – қалың оқырман сүйсініп оқитын шығарма. Аға ұрпақтың мазмұнды өмірі мен ұстанымы кейінгіге таптырмайтын өнеге десек, очы тағылым шығармаға арқау болған.

         Біріншіден, кітапты оқыған адам өзінің туған жерінің қойнауын, өзен – көлінің саласын, ел-жұртының дарасын көз алдында елестетеді.

         Екіншіден, ғасырлар бойы беруге белес, енді біреуге елес болып жүрген ата мекен тарихы-қазақы мәрттігі мығым, дархан пейіл, елжанды азаматтардың кемелді ғұмырымен кезек алмасып, толғандырады, тамсандырады, таң қалдырады.

ББК 84 (5Қаз-4Пав)

         Бөжен Б.

Б 78        Ел – тұғыр. – Павлодар: ТОО «Дом печати», 2020. – 346 б.

         ISBN 978-601-7614-19-5

 

         Бұл кітапқа автордың топтама өлеңдері, әңгімелері мен өлкетануға қатысты зерттеу еңбектерінің бір парасы еніп отыр. Ертістің Кереку аймағынан шыққан, ел ішінде есімдері ескерілмей жүрген ұлтымыздың біртуар тұлғалары туралы тұшымды деректерді арқау еткен зерттеу мақалалары аймақтанудың алтын қорына қосылған рузани дүниелер. Кітап көпшілік оқырманға арналған.

ББК 84 (5Қз-4Пав)

         Елтін А.

Е 49       Өмір соқпағы. – Павлодар: ЖК «Сытин А.А.», 2019. – 288 б.

        

         Әр адамның пешенесіне жазылған өзіндік өмір жолы, қайталанбас жеке соқпағы болады. Бұл кітапта ерлі – зайыпты Елтін Амангелді және Нәжімиденқызы Мәркештің елге сіңірген еңбегі мен қызметі туралы әр кезде баспасөз беттерінде басылып шыққан мақалалар жинақталған. Сонымен қатар, Амангелді Елтіннің республикалық «Қазақ тарихы», «Қазақ әдебиеті және мемлекеттік тіл» ғылыми – әдістемелік журналдарында, «Отарқа», «Ауыл тынысы» «Тереңкөл тынысы», «Маралды» газеттерінде, ғаламторда жарияланған еліміздің тарихында, мәдениетіне қатысты оқшау ойлы мақалалары берілген.

         «Армысың, Алтын күзім!» тарауына қарттық туралы ой – толғаулар енгізілген. Кітаптың соңында әзіл әңгімелер берілген.

         Кітап қазақ және орыс тілдерінде жазылған, көпшілік оқырманға арналған.

ББК 76.01 (5Қаз-4Пав)

         Елтін А.

Е 41       Сарайшықта. – Павлодар: ЖК «Сытин А.А.», 2019. – 112 б.

         ISBN 978-601-284-327-9

 

         Бұл кітапта өмірінің саналы 46 жылын халыққа білім беру саласына арналған, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі Елтін Амангелдінің қоғам туралы ой – толғаулары берілген. Кейбір пікірлері полемика тудыратыны белгілі. Сонда да жас оқырманға елімізді дамыту жолындағы ізденістеріне ой салады. Кітаптан ел тануға қатысты, өлкетанулық материал табуға болады.

ББК 84 (5Қаз-4Пав)

         Елтін А.Қ.

Е 49         Тұзүйген баяулары. А.Қ. Елтін – Павлодар: Типография Сытина, 2014. – 124 б.

         ISBN 978-601-7539-27-6

 

         Тұзүйген – Павлодар облысының Ақтоғай ауылыңың ертедегі аты. Ұсынылған кітапта өлкеге кең таралған әзіл – әңгімелер, аңыздар, тарихи деректер баяндалады. Және ұстаздық өмірде, тұрмыста қызықты эпизоттар келтірілген. Сонымен қатар бұл өңірде туып – өскен атақты қаламгерлердің өмірбаяны мен шығармашылығымен танысуға болады. Кітап жасөспірім оқырманға арналған.

ББК 84 (5Қаз-4Пав)

Е 85        Естай (мақалалар, естеліктер, зерттеулер, поэмалар, арнау өлеңдер). - Павлодар. «ЭКО» ҒӨФ, 2002. – 232 б.

         ISBN 9965-568-98-7

 

         Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнер қайраткері, әнші, композитор Естай Беркімбаевтың аты халыққа ертеден таныс. Оның «Хорлан», «Бір мысқал», «Жай қоңыр» сияқты әндері халық арасына кең тараған.

         Бұл жинаққа Естай туралы зерттеу мақалалар, естеліктер, поэмалар мен пьесалардан үзінділер енгізілді.

         Кітап көпшілік оқырманға арналған.

ББК 84 (4Пав-5Қаз)

         Қайырбайұлы Е.А.

Е 49       Ел үшін от кешкендер./ А.Қ. Елтін – Павлодар: ЖК «Сытина Н.И.» баспаханасы, 2016. – 248 б.

         ISBN 978-601-7896-28-7

 

         Әр өңірдің өз тарихы, мақтан тұтар тұлғалары болады. Аталмыш кітапта қаламгер Ақтоғай ауданында жасаған айтаулы азаматтардың өнегелі өмірі, арғы ата – бабалары жайлы ел аузында қалған аңыз – әңгімелерді жатық тілмен баяндайды. Ақтілес пен Бәсентиін рулары шежіресі қоса ұсынылған.

         Жаңа кітап авторы қазақ тарихы қатпарына үңіліп жүрген қаламгер. Республикалық «Қазақ тарихы», «Қазақ әдебиеті және мемлекеттік тіл» журналдарында жарияланған мақалалары ерекше көзқарасы, танымдық сипатымен тартымды.

         Кітап туған өлкесін, қазақ тарихын тереңірек белгісі келетін оқырман қауымға арналады.

ББК 86 (5Қаз)

         Қамзатөре Ж.Ж.

Қ 31       Әулие ата шапағаты. – Павлодар: «Дом печати» ЖШС,2003 ж. – 192 б.

         ISBN 9965-568-33-7

 

         Бұл кітап ел азаматтарының имандылық жолында атқарған еңбектері жайында, ұрпақтардың өткені мен бүгінгісінің, бүгіні мен ертеңінің үндістегі жайында сыр шертеді. Шығарманың ойы салмақты, тілі шұрайлы, қалың оқырманға арналған.

ББК 84 (5Қаз-4Пав)

         Қырықбесұлы Б.

Қ 89        Әкем/ Бауыржан Қырықбесұлы. – Павлодар: Инноваци. Евраз. Ун-т, 2020. – 112 с.

         ISBN 978-601-7613-11-2

 

         В данной книге описывается жизнь моего отца, Дюсеналина Қырықбеса в периоде с рождения до смерти, то есть с 1928-го по 2006-ой год. Описаны традиции и обычаи, казахов того времени. Жизнь и уклад до  и после военного периода. Кроме того, описание события, так или иначе связанные с ним и событиями того времени.

         Книга предназначена для двуязычного читателя. Действия описаны на русском языке, диалоги и размышления героев на казахском. Некоторые герои книги действительно существовавшие личности и как правила, эта взгляд с одной точки зрения. Некоторые события могут толковаться по другому.

ББК 84 (5Қаз-4Пав)

         Мағзұмов С.

М 12         Шапағатты өңір/Самат Мағзұмов. – Алматы: «___» 2019. – 183 б.

         ISBN 978-601-7908-44-7

 

         Өлкетанушы, қоғам қайраткері Сәмет Мағзұмовтың «Шапағатты өңір» атты кітабында ел – жұртының өркениетті дәстүрін ауданның көне көз, дария пейіл қарияларының шежіредей ширата бейнелеген естеліктері жинақталды. Автордың қолжазбасы рухани жаңғырудың бастауы мазмұнында тізбектелген.

         Мұнда автор ел ырысын молайтуда аудан жұртшылығының қазақстандық даму моделін жасау бағытына қосқан берекелі үлестерін де толғана, тебірене сипаттайды. Кітап қалың оқырмандарға арналған.

ББК 63.3 (5Қаз)

         Мундуинов Е.

М 55       Ақтоғай – алтын бесік – Павлодар: ЭКО, 2008. – 496 б.

         ISBN 9965-08-261-8

 

         Бұл кітап биылғы – 2008 жылдың 14 ақпанында құрылғанына 70 жыл толып отырған Ақтоғай ауданының өмірінен сыр шертеді. Ертелі-кеш Ақтоғай жерінде тұрып, адал еңбек еткен, Ұлы Отан соғысына қатнасып, елін жаудан қорғаған қаһармандар жайлы кітапта бірсыпыра мәліметтер берілген. Кітапқа енгізілген ірі тұлғалар өмірі халқымыздың жас ұрпағына өнеге, жарқын болашаққа барар жолда тәрбие мектебіндей.

         Жинақ кімнің де болсын оқуына лайық, әсіресе ауыл жастары мен мектеп шәкірттерінің оқуы үшін де тұсінікті тілмен жазылған.

ББК 63 (5Қаз-4Пав) Қаз7

         Мундуинов Е.

М 78          Батыр аға. – Павлодар: «Алтын кітап». – 128 б.

         ISBN 9965-35-048-5

 

         Бұл кітап Ұлы Отан соғысының қаһарманы, Кеңестік артиллерия әскерлерінің офицері, бүгінде көзі тірі, Павлодар өңірінің тумасы Құдайберген Сұрағановтың ауыр балалық шағы мен адамзат тарихында бұрын – соңды болмаған қырғын – Екінші Дүниежүзілік соғыстағы гитлерлік фашизммен арпалыстарда жасаған асқан ерліктерін көпшілікке түсінікті тілде, деректілікпен сөз етеді.

         Ағалар жүріп өткен тар жол, тайғақ кешулер – жастар үшін үлкен тәлім. Кітап, негізінен, жастардың оқуына арналған.

ББК 86.3 (5Қаз)

         Мундуинов Е.

М 78      ҒАСЫР. МЕШІТ. ЖАНДАРБЕК ҚОЖА. – Павлодар: ТОО «Дом печати», 2006. - 226 б.

         ISBN 9965-9930-3-5

 

         Бұл кітап еліміздің тәуелсіздік алған алғашкы жылдарда Ақтоғай ауданы орталығында салынған алғашқы мешіт, оның құрылыс жұмыстарына тікелей басшылық жасап, құрылыс материалдарының да аса қымбат, тіпті жоқ кезінде де жоқтан бар жасап, күрделі құрылысты аяқтап шыққан азамат Жұмабек Жөкенұлы Қамза төре хақында сөз етсе, кітаптың басым тараулары Исабек Ишан хазірет шөбересі Жандарбек қожа жайлы сыр шертеді. Мешіттің салынып шығуына қол ұшын берген азаматтар туралы да мағлұматтар жетерлік.

         Исабек Ишан хазіретке арналған шәкірті Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының да жоқтауы кітаптан орын алған. Кітап (мешіт өмірінің 10 жылдық тарихы тікелей қожалар ұрпағы өмірімен біте қайнасқан) көпшілік жамағаттың оқуына арналған. Кітап сөзі бәріне де түсінікті тілмен жазылған. Жергілікті ақындар шығармашылығына да кітаптан орын беріліп, өлең-жырлары топталған.

ББК 63.2 (5Қаз-4Пав)

         Мундуинов Е.

М 78       Қуаныш Мұғалім. - Павлодар: ЖК Сытина Н.И. баспаханасы, 2017. - 244 б.     

         ISBN 978-601-284-219-7

 

         Ертіс өзенінің сол жағалауындағы Қожамжар ауылында туып, сол ауылдың бүгінде 70-тен асып, көргені мен қоғамдық ортадан үйренгені көп қариялық дәрежеге жетіп отырған Қуаныш Болатұлы Кәрімовтың ата – тегі, өзенен тарап отырған ұрпақтары, өмір өткелдері жайлы бұл кітапта кеңірек жазылды. Жарық дүниеден 7 бала өсіріп тәрбиелеп барып, «асығыс озған» ардақты ана Роза Дінмұхаммедқызы жайлы да, жүрек толғанысымен жазылған деректі әңгіме де кітаптың айшықты бетінен орын алған.

         Отбасы, бала тәрбиесі, ұстаздық, адами асыл қасиеттер хақында кітапта аз айтылмаған. Ұрпақ өсіріп, тәрбиелеп отырған ата-анаға, жас мұғалімдер мен жастар үшін Бекбау ата тағылымы, одан өрбеген ұрпақтарының мағыналы өмір салты, қысқасы, кімге де болсын өнеге тұтып, үйренуге аса қажет. Кітап осы тұрғыда жазылып отыр.

ББК 63.3 (5Қаз)

         Мундуинов Е.

М 78        Өзгерген өңір – Ақтоғай. – Павлодар: Сытина Н.И., 2012. – 236 б.

         ISBN 9965-08-625-7

 

         Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылы ішінде Ақтоғай ауданында атқарылған игілікті істер, оң өзгерістер бұл кітапта көбірек көрініс тапқан.

         Жас ұрпақ тәрбиесі, мектептердегі білім беру ісі, адам денсаулығы жолындағы медициналық қызмет, кәсіпкерлік пен мәдениет саласының жай – күйі, селолық округтердің бүгінгі тыныс – тіршілігі, жаңа заман азаматының қоғамы ортасындағы кейіп – келбеті де өз бітім – болмысымен айшықталған. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ардақтаған нар тұлғалы жерлестеріміз жайлы кітапта өрелі сөз өрбіген.     

ББК 63.3 (5Қаз)

         Мундуинов Е.

М 78        Толқында туған Ақтоғай.-Павлодар: «Сытин» баспасы,-2015.- 488 б.        

         ISBN 978-601-7539-53-5

 

         Қазақ хандығының 550 жылдығы мен Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы, Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 70 жылдығы ерекше бір өрлеу үстінде аталып жатқан 2015 жылда Ақтоғай ауданы тарихын тағы бір зерделеп, тар жол, тайғақ кешулерде қаһармандықпен қоғамы үшін еңбек еткен, гитлерліктер тарапынан Отанға қарсы басқыншылық, жаулап алу соғыстары басталғанда, қолдарына қару алып, ел қорғаған батырларымызды ұрпақтар жадында мәңгілік сақтау үшін бұл деректі материалдар негізінде жазылып шыққан шығармашылық еңбек оқырмандарға ұсынылып отыр. Кітап әдеби, көпшіліктің оқуына түсінікті тілде басылды. Бұл көлемді еңбек – Ақтоғай ауданы тарихының 3-томы.

ББК 84 (4Пав-5Қаз)-44

         Мундуинов Е.Қ.

М 78        Халықтың баласы. – Павлодар: - ЖК «Сытина Н.И.» баспаханасы, 2017. – 342 б.

         ISBN 978-601-284-169-5

 

         Өскелең жасты Қазақстан патриотизмі рухында тәрбиелеуде қоғамдық ортадан өзіне лайық орнын тауып, адам баласына тән небір асыл қасиеттерді бойына жинақтаған, ел – жұртына баға жетпес қызмет жасап, туған жер топтырағын сеніммен нық баса ғұмыр кешіп жүргендер бүгінгі жаңарған заманда кездеседі. Десек те, сондай тұлғалы азаматтардың бірегейі, бүгінгі баспадан шыққалы отырған «Халықтың баласы» атты кітабымыздың басты кейіпкері – Жұмабек Жөкенұлы Қамзатөре.

         Оның көшбасшылығы, жан – жақты білімдарлығы, өнерпаздығы кітаптың өн бойынан көрініс тапқан.

         Ол – өз ана тілін де, орыс ұлты тілін де жете игерген сөз зергері. Ол – өңіріміздегі бірден-бір жоғары білімді, тәжірибелі электролизші – инженер. Ол – жастар тәлімгері, спортшы. Ол – құрылысшы әрі архитектор. Осылайша тізбелеп айта берсек, Жұмабек Жөкенұлының адами болмыс – бітімін тани білерсіз. Қызыға отырып, оқып шығатыныңыз да анық.

         Кітап үш тілде жазылды. Ж.Ж. Қамзин туралы мақалалар, достары мен әріптестерінің хаттары орыс, ағылшын тілінде жазылғандықтан, мәтіндерін қазақшалауды жөн көрмедік. Қысақасы, бұл кітап – жастар үшін тәлімі мол дүние.

ББК 84 (4Пав-5Қаз)

         Мырзатаева Б.К.

М 91       Әкеден – ақыл, анадан – мейір: (Ғұмырнамалық естелік кітабы) Б.К. Мырзатаева. – Павлодар: ИП Сытина Н.И., 2017. – 88 б.

         ISBN 978-601-06-4425-0

 

         «Жеті атасын білмеген жетесіздік белгілі», «Ата – анаға құрмет – перзенттерге міндет», «Тегіңді біл, туған терің мен төркініңді ұмытпа» деген қағидаларды берік ұстанатын автор өзінің «Әкеден – ақыл, анадан – мейір» атты ғұмырнамалық естелік кітабында бір әулеттің өмір тарихын ғана қамтып қоймайды, бұрынғы Краснокутс, қазіргі Ақтоғай ауданы, тұрғындарының, сол шақтағы «Спартак», «25 лет Октября» кеңшалары жұмыскерлерінің де тыныс – тіршілігіне тоқталады.

         Кітап беттерін парақтай отырып, 1950 - 1980-ші жылдар аралығындағы қарапайым еңбек адамдарының келбеті көз алдыңа келеді. Бағия Көкенқызы асқар тау әкесінің, аяулы анасының тұлғаларын суреттермен қатар, олардың айналасындағы дос – жарандары, туыс – туғандары мен қызметтестерінің сан – қырлы қасиеттерін ортаға салады. Әсіресе, адалдық, адамгершілік, бауырмалдық, ағайынның ауызбіршілігі сынды құндылықтар осы кітаптың негізгі өзегіне айналған. Сонымен бірге, бұл басылымда Бағия тәрбиелік мәні зор тақырыптарға қалам тербеген, әр жылдары жүректен жазылған өлең жолдарын да топтастырған. Кітап жалпы оқырман қауымға арналады.

ББК 84 (5Қаз-4 Пав)

         Нығманов Қ.

Н 90        Сел. – Павлодар: Эко, 2010. – 188 б.

         ISBN 9965-08-438-6

 

         Сел – тасқын селі.

         Ерте тасыған өзеннің қар үстімен қаптап келіп, халықты қапыда қалдырған кезі. Табиғаттың алай – дүлей күшіне қарсы тұрған адамдарының жан қиярлық әрекеті мен қыруар техниканың күші. Ғасырлар бойы өз бетімен қалыптасқан табиғат дағдысын өзгертіп, адам игілігіне пайдалану. Асау табиғатты ауыздықтағы еңбек селі.

         Бұл шығарма болған оқиғаның ізімен жазылған. Ауыл адамадардың шынайы бейнесі, патриоттық еңбегі, ұлт пен ұлыс өкілдері арасындағы туысқандық – достық, ел іші бірлігі татулығы да шығармаға арқау болған.

ББК 84 (5Қаз)

         Нығманұлы Қ.

Н 90        Естай. Поэма/алғысөзін жазған қарт журналист Баки Әбдіқадыров. – Павлодар: ЭКО, 2010. – 164 б.

         ISBN 978-601-284-008-7

 

         Қарт Ертістің Павлодар облысына қараған өңірі жұртшылығына ақындығымен танылған, қазақтың біртуар ұлы Иса Байзақовтан бата алып, оның ақындық өнерін әрі қарай сабақтаған Ақтоғайлық Қимадиден (Қимаш) Нығмановтың бұл кітабына өзінің көзінің тірісінде баспадан шықпаған «Естай», «Мақаш», «Тындағы отау» поэмалары және ертістік ақын Қабек Сағитовпен айтысы еніп отыр. Ақын шығармаларымен танысу арқылы кітапқұмар қауым ақын әрі сазгер Естай Беркімбаев өмірі мен Кеңес Одағының Батыры Махмет Қайырбаевтың жүріп өткен тар жол, тайғақ кешулерінен мағлұмат алады.

         Ақын шығармалары кімнің де болсын оқуына жеңіл. Әсіресе халқымыздың жас ұрпағын отансүйгіштікке тәрбиелеуде маңызы ерекше.

ББК 84 (5Қаз-4Пав)

         Нығыманов Қ.

Н 90        Өмір жаңалықтары.-Павлодар:-ҒӨФ «ЭКО» баспаханасы, 2019.-256 б.

         ISBN 978-601-284-313-2

 

         Бұл кітапқа Қимадиден Нығмановтың оқушы кезінен бастап өзі өмір сүрген дәуірдегі ғұмырлық жаңалықтар мен өткелдеріне негізделген естеліктері енген. Кітап автордың өз басындағы жағдайы ғана емес, жалпы қазақ халқының өткерген қасіретті жылдарының жантүршігерлік оқиғаларын, жарқын белестерін қамтиды. Өлке тарихын щерттеушілер үшін құнды тарихи мәліметтерге толы жинақ болып табылады. Кітап көпшілік оқырманға арналған.

ББК 84 (5Қаз-4Пав)

         Нығыманұлы Қ.

Н 90        Ақдидар. – Павлодар: - ҒӨФ «ЭКО» баспаханасы, 2019. – 352 б.

         ISBN 978-601-284-329-3

 

         Жерлес ақын Қимадиден Нығмановтың іесімі елге етене  таныс. Бұл кітапқа Ұлы Отан соғысының ардагерлері, өлкетанушы, фото – суретші, айтыскер, шежіреші Қ. Нығмановтың «Соқпақ жол» және «Дала шұғыласы» кітаптарында жарық көрген өлеңдері мен поэмалары, бұрын – сонды баспа бетін көрмеген термелері мен толғаулары, өлең – очректері, айтыстары еніп отыр. Сонымен қатар көзі көрген зиялы қауым өкілдерінің естеліктері топтастырылған.

         Кітап көппшілік оқырманға арналған.

ББК 76.01 (5Қаз-4Пав)

         Рамазанов Б.

Р 19        Бәріне ризашылықпен қараймын. – Павлодар: - «Типография Сытина» ЖШС, 2015. – 196 б.

         ISBN 978-601-7539-63-4

 

         Кітап авторы Бәкібай Рамазанов Ақтоғай ауданында (бұрынғы Куйбышев, Краснокутскі) туып – өсіп, қырық бес жылдан аса іңбек жолын бір ауданға арналған азамат. Бүгінде ол Қазақстан Республиксының журналистер одағының мүшесі, туған аймағының Құрметті азаматы, зейнеткер. Өзінің «Бәріне ризашылықпен қараймын» деген тақырыппен беріліп отырған, жеке өмірдерек ретінде құрылған туындысы, оқып, танысқан адамға көп жағдайды аңғартады, әрі жеке тұлғаның қалыптасуы жайлы тәрбиелік мәні бар шығарма екендігіне шүбә жоқ.

         Жинаққа сондай – ақ автордың әр кезде жазған мақалалары, Ертіс өңірінің танымал азаматтары болған журналистер Сарсенбай Шектібаев, Ризабек Әдуов туралы, ауданның мәдениет саласының дамуы, аудандық газеттің тарихы жайлы, Ұлы Жеңістің 70 жылдығына, Қазақстан Халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналған материалдар топтастырылған. Кітап «Суреттер сыр шертеді...» деген айдармен – фотосуреттермен безендерілген. Оқуға жеңіл, тілі жатық.

ББК 76.01 (5Қаз-4Пав)

         Рамазанов Б.

Р 19       Мерей (жинақ). – Павлодар: ЭКО, 2019. – 208 б.

         ISBN 978-601-284-309-5

 

         Қазақстан Республикасы журналистер одағының мүшесі, Ақтоғай ауданының Құрметті азаматы, баспасөз және мәдениет салаларының ардагері Бәкібай Рамазанұлы Рамазановтың «Мерей» атты бұл жинағына, алғашқы шыққан «Бәріне ризашылықпен қараймын» кітабының тұсаукесерінен бастап, бүгінге дейін әртүрлі тақырыптарға қалам тартқан үлкенді – кішілі естеліктері мен хикаяттары кірген. «Алдыңғы толқын – ағалар» дегендей, өзімен туыстар ағалары жайлы, шығармашылықта және басқа салаларда жүріп, тумаса да туғандай болып кеткен үлкендер туралы ойлар толғайды. Кітап фотосуреттермен, құттықтаулармен орынды безендірілген.

ББК 84 (5Қаз)7Қаз

         Рахметуллин Х.

Р 24        Өмір өткелдері. – Павлодар: Типография Сытина, 2010. – 224 б.

         ISBN 9965-08-467-Х

 

         Ауыл азаматы Рахметуллин Хомардың өз өмірі, өзімен тағдырлас болған адамдар жайлы жазған деректі повесін шықсаңыз, халқымыздың Ұлы Отан соғысы жылдарында туған ұрпақтарына тән өмірбаянымен танысасыз.

         Бүгінде 70-ке келіп отырған оның өмірсалты жас ұрпақ тәрбиесі үшін аса қажет, өнеге тұтарлық іс-харакеттері де жетерлік. Кітап кімнің де болсын оқуына жеңіл.

ББК 83.3 (5Қаз)

         Садуақас С.М.

С 15        Ақтоғай, Ертіс аймағының әдебиеті: оқулық – хрестоматия.-Павлодар: Кереку, 2009. – 94 б.

         ISBN 9965-573-15-8

 

         Әдебиет – ғасырлар бойы халықтың рухани жетілуін, адами құндылықтарының қалыптасуын қамтамасыз етіп келген құрал. Оны танып білу – әрбір саналы ұрпақтың ең басты мұраты.

         Бұл еңбек Ақтоғай, Ертіс аймағында XVIII ғасырдан бүгінгі күнге дейінгі аралықта дамыған әдебиет үлгілері мен әдеби – мәдени тұлғылардың өмірінен мәлімет береді. Оқулық – хрестоматия мектеп оқушыларына арналған.

ББК 84 (5Қаз-4Пав)

         Үсейінов М.Қ.

Ү 83         Өмір – еңбек. – Павлодар: Кереку, 2008. – 134 б.

 

         «Өмір – еңбек» кітабында автор өшінің ұстаздық қызметінің ұзақ жылдарында жинақтаған тәжірбиесіне сүйеніп, мектептерде оқыту мен тәрбие беруде елдердің жаңашыл тәжірбиелерін қолданудың, ала тәрбие беруде ұлттық дәстүрдің өлшеусіз пәрменділігін көрсетеді. Кітапта қиын кезеңдерде, қауырт шақтарда еңбек етуге жұмсалған ауыл ұшын беруге іркілмей дайын болғандығын айғақтайтын нақты өмір – тіршілік қамы публицистикалық жанрда баяндалады.

         Сондай – ақ, бұл кітапта Мұрат Қасанұлының табиғат, ел, халық, албырт жастық шақ, бала әуені, дүниетану жайында жазған мазмұны мен ұйқасы қауышқан лирикалық өлеңдері берілген. Еңбекті ағарту саласының қызметкерлері, ата – аналар және жалпы оқырман қауым білімдену мен тәрбие саласында көмекші құрал ретінде пайдалануды тиімділікке жеткізеді деп ойлаймыз.

ББК (Каз2)

         Ыдырысов Қ.

Ы 21          Аршында, балақай. Құрас. Ыдырысова Бәтіш. – Алматы: Жалын, 1980. – 344 б.

 

         Қабдыкәрім Ыдырысов – балалардың сүйікті ақыны,.Ақынның өлеңдерінде бөбектердің бүгінгі шат-шадыман тұрмысы, кешегі Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ел басына, балаларға түскен ауыртпалық әдемі жырланады.

ББК 83.3 (5Қаз)

         Ыдырысов Қ.

Ы 21       Тұрсам болды көңіліңнің төрінде.../бас ред. А. Нухұлы, құрастырушы: Н. Жайықбаев. – Павлодар: ПМПУ, 2018. – 305 б.

         ISBN 978-601-284-169-5

 

         Бұл жинаққа 1950 – 1970 жылдары қазақ поэзиясында еңбек еткен көрнекті қаламгер, әнші, сазгер Қабдыкәрім Ыдырысовтың адамгершілік қасиеттері, шығармашылық қарым – қабілеті туралы естеліктер мен мақалалар алғаш рет топтастырылып отыр. Ақын туралы ағалары Дихан баба Әбілев, Қалижан Бекқожин, Мұзафар Әлімбаевтардан бастап, кейінгі толқын інілері де әдемі сырларын атқарады. Әрбір әңгіме оқушыға қауымға жарқын әсер, өмірлік мән, терең сыр аңғартады.

         Сондай – ақ Қ. Ыдырысовтың елімізге белгілі тұлғалармен, шетелдік ақын – жазушылармен, отбасымен түскен суреттері беріліп отыр. Олардың көпшілігі баспа бетін алғаш көрді.

         Кітап қазақ әдебиетін зерттеушілерге, әдебиет сүйер қауымға, филология студенттеріне терең мағыналы тұстарымен құнды деп ойлаймыз.

ІС-ШАРАЛАР АФИШАСЫ

Барлық оқиғалар

Маңызды ақпарат

© 2006—2021 Павлодар облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Ақтоғай ауданының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі. Барлық құқықтар сақталған