КГУ

Ақтоғай ОКЖ ауылдық кітапхана-филиалдары

  Халқымыз ғасырлар бойы білімді ерекше қадірлеп өзінің алдына мақсат етіп қойған. Сонымен қатар, кітапты ерекше ақылшы ұстаз санаған.

  Кітап бұлағынан сусындайтын тәуелсіз мемлекетіміздің оқырмандарына аудан кітапханашылары қызмет көрсетуде.

  Ауыл тұрғындарының мәдени - ақпараттық ортасын қалыптастыру және дамытудың жалпы бағыттарын айқындау. Бұл мәселе кітапханалық қызмет көрсету, соның ішінде ауыл тұрғындарына қазіргі жаңа ақпараттық- коммуникативтік технология заманына сай қызмет ұсынудың дер кезінде көтерілуі «ауылды түлету-ұлтты ұлы ету»болып табылады.

Мүткенов ауылдық кітапханасы

   Бүгінгі заман талабына сай кітапхана Интернет желісіне қосылған. 

  Кітапхана ауыл өмірінің тарихы мен қазіргі өмірі туралы мәліметтерді жинайды. Оқырмандарға жоғары деңгейде қызмет көрсету, олардың сұраныстарын қанағаттандыру кітапхананың негізгі мақсаты болып табылады. Қазіргі кезеңде орта арнаулы білімі бар кітапханашы Бейбитхан Т. қызмет атқарып келеді.

Қараоба ауылдық кітапханасы

   Ауыл жұртшылығының мәдени өмірін өркендету жолында өз қызметін адал атқарып, бүгінде өз іс- тәжірибесімен бөлісіп жүрген мамандардың бірі орта арнаулы білімді Қараоба ауылдық кітапхананың кітапханашысы Аяпбергенова Ж.С. Мәдениет саласына зор үлесін қосқаны үшін 2012 жылы аудан әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.

   Кітапханада қаламгерлер, ақын-жазушыларға арналған көптеген көрнекілік кітап көрмелері безендіріліп, арнайы дайындалған «Ауылым- алтын бесігім» кітап көрмесі кітапхана төрінде орын алып тұр. Кітапханашы жасөспірім оқырмандарды туған жерін,туған елінің табиғатын аялауға тәрбиелеу, экологиялық сауаттарын жетілдіру мақсатында көптеген жұмыс жасауда. Кішкентай оқырмандар туған жердің өсімдіктер әлемін танып білу, дәрілік өсімдіктерді жинау мақсатында топсаяхаттар ұйымдастырып отырады. Ауыл балаларының арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері бойынша «Салауатты өмір салты» атты сайыс өткізілді.

Приреченск ауылдық кітапханасы

   Кітапханашысы Епанова С.Ю. жоғары білімді, тәжірибелі маман. «Кітапхананың жетістігі - біздің де жетістігіміз». Өйткені, бүгінгі таңда ақпаратсыз өмір сүру мүмкін емес, әлемде қаншама әр қилы өзгерістер, жаңалықтар болып жатыр. Дәл осы жерде кітапхана өз міндетін атқара білуі қажет. Кітапхана «РАБИС» бағдарламасымен жұмыс жүргізеді. Ауыл әкімшілігімен, ауыл тұрғындарымен тығыз байланыста. Көпшілік іс-шараға қатысқан әрбір оқырман, әрбір тұрғын- ауыл өмірі тарихы туралы мәліметтерді жинақтауға қосқан үлестері туралы жарыса айтып, осы бастамаға деген ризашылықтарын аямайды.

Әуелбек ауылдық кітапханасы

   Әуелбек ауылының кітапханашысы Асылова Л.С. орта арнаулы білімді. 2019 жылы кітапханада заман талабына сай жаңаша жабдықталып, "«Коммуникациялық орталық»" коммуникациялық орталық ашылып, оған жергілікті бюджеттен 1500,0т.т жұмсалды.Бұл орталықта оқырманның жұмыс жасауына барлық жағдай жасалған. Бұл жетістікті ауыл өміріндегі өркениетке өріс ашқан жақсылықтың нышаны деп білеміз. Бұл орталық пайдаланушыларға әлемдегі қазіргі заманғы үрдістерге ортақтастыру үшін жасалған. Бұл «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан жұмыстың бір бөлшегі болып табылады.

Мұнда сәтті жұмыс үшін қажетті барлық нәрсе бар,5 аймақ жұмыс жасайды:

  1. Wi-Fi аймағы – кітапхана пайдаланушылары ыңғайлы жағдайда тегін, сымсыз Интернетке қол жеткізе алады.
  2. Интернет аймағы – электронды жұмыс орны, ол Интернетке шығатын компьютерлер мен КФҚ- нан тұрады.
  3. Конференция алаңы – түрлі дөңгелек үстелдер, ақпараттық үстелдер, кездесулер, семинарлар, мастер-кластар өткізетін орын.
  4. Релаксация аймағы –қызықты кітаптар мен журналдарды оқып, гаджетіңізде отырып, ойын ойнап немесе теледидар көруге болатын демалыс аймағы.

    Бұның барлығы түрлі тренингтер, дөңгелек үстелдер өткізіп, серіктестермен кездесулер ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

Шұға ауылдық кітапханасы

    Шұға ауылдық кітапханасының кітапханашысы Майдан Р.Б. жан-жақты дамыған, жеке тұлғаның қалыптасуына ықпал еткен, адамдарға деген сүйіспеншілік, жалпы жоғарғы мәдениетті, өз ісін терең білетін, кітапхана ісіне қанық және адамдармен жұмыс істей білетін, еңбекке жаңашылдық көзқараспен қарайтын адам болып табылады.

   Оқырмандарды кітапханаға тарту үшін кітап көрмелерін, кітап сөрелерін, танымдық сағаттар, естелік кештер өткізіледі. Сонымен бірге оқырмандарына кітапхана сабақтары ұйымдастырылады.

   Кітапханада «Кітап достары» үйірмесі жұмысың жалғастыруда. Үйірме мүшелері 4-5сынып оқушылары. Мүшелері кітапты түптеуге, желімдеуге көмектеседі. Оқушыларға «Кітап- сенің досың», «Кітапты қалай оқу керек», «Кітап - білім бұлағы» деген библиографиялық әңгімелер өткізіледі.

Жалаулы ауылдық кітапханасы

   2013 жылы демеушілік көмегімен күрделі жөндеуден өткен Жалаулы ауылдық кітапханасының қазіргі бөлмелері мұнтаздай, жаңа жиһаздармен жабдықталған. Кітапханашы Малғаждарова К. өз ісінің майталманы, жыл бойына көптеген жұмыстар жүргізіп, қызықты да, тартымды мәдени шаралар ұйымдастырып өткізеді. Кітапхана жұмысы жас ұрпақты салауатты өмір сүруге баулу, патриотизмге, Отанын жүрегімен сүюге тәрбиелеу, оларды экологиялық мәдениетті қалыптастыру, ана тілін қадірлеу және еліміздің атақты және зиялы адамдарының мерейтойларын атап өту арқылы өнеге тұту бағытында жүргізіледі.

Жоламан ауылдық кітапханасы

   Жоламан ауылдық кітапханасының кітапханашысы Ибраева Б.Е - орта арнаулы білімді маман болып табылады. Қазіргі уақытта кітапхана жергілікті тұрғындардың талап-тілектері мен сұраныстарының жан-жақты ақпараттың қажеттіліктерін ескеретін мәдени-ағарту орталығы болып табылып, ауыл тұрғындарын әдебиет әлеміне жетелеп, жасөспірімдердің Отанға, өлкесіне, ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру бағытында қызмет етеді.

Балтасап ауылдық кітапханасы

   Кітапханашы Нурпеисова Ж.С.-орта арнаулы білімі бар маман. Күрделі жөндеуге жабылған Балтасап кітапханасы әдемі де көз тартатын ғимаратының есіктерін 2013 жылы өз оқырмандарына айқара ашты.

   Ауылдық кітапханасының жұмыс бағыты – рухани жан дүниесі бай, білімі мен біліктілігі жоғары, талап – талғамы терең, білімді ұрпақ тәрбиелеу болып табылады. 

    Кітапханада өлкетану жұмысы - кітапхана жұмысының негізгі бағыттарының бірі. Кітапханашы– ұлтымыздың рухани өркениеті, тарихы, мәдениеті, салт-дәстүрлері туралы өлкетану материалдарын насихаттап оқырман санасына жеткізе білді.

Ақжол ауылдық кітапханасы

    Ақжол ауылдық кітапханасы өз жұмысын мектеп ұжымымен, клуб меңгерушісімен, мектеп кітапханасымен тығыз байланыста атқарады. Қызықты да танымды шараларда балалар өте белсенді қатысады.

   Кітапханашы Кравченко Я.Д. кітап қорындағы ертегілерге өте көп көңіл бөледі. Өйткені, ертегі кішкентай балаларды ақылдылыққа, еңбекқорлыққа, адалдыққа ұйретеді .

    Әрине, кітап рухани баға жетпес қазына. Атадан қалған ұлы мұра – асыл қазына, көненің көзі, ескінің сөзі, атаның өсиеті, ананың мейірі, күннің нұры, білімнің қайнары осы кітапта. Кітапхана жас ұрпаққа тәлім-тәрбие берумен қатар, рухани жан дүниесін байытып отыру бүгінгі күн талабы. Кітап мәртебесін көтерумен бірге жаңалықтың жаршысы, елімізде болып жатқан жаңалықтардың насихатшысы екенін кітапханашы Ярина Дмитриевна көрсетіп келеді. 2020 жылы Ақжол ауылдық кітапханасында Коммуникациялық орталық ашылды. Бұл орталықта кез келген адамға өзінің сүйікті ісімен айналысуына, жастардың шығармашылық, интеллектуалдық әлеуетін арттыруға, ең бастысы кітапханаға келушілердің бос уақытын тиімді әрі пайдалы өткізуіне бар жағдайы жасалған.

Қожамжар ауылдық кітапханасы

    Кітапханашы Смакова Г.М.орта арнаулы білімі бар маман.2018 жылы Қожамжар ауылдық кітапханасында Коворкинг орталығы ашылды. Орталықтың жасақталуына жергілікті бюджеттен 1140,0 м.тг. жұмсалды.  Бүгінгі таңда кітапхана ақпараттық орталық болғандықтан мемлекеттік саясатты халыққа жеткізу басты бағытттарының бірі болып табылады. Ұлтымыздың болашағы жас ұрпақ тәрбиесіне үлкен көңіл бөлінуде, жастарды отансүйгіштікке, елжандылыққа тәрбиелей отырып, олардың салауатты өмір салтын ұстануына, білімді, зерек болып өсуіне ықпал ететін шаралар ұйымдастырылып өткізілуде.

Жаңабет ауылдық кітапханасы

   Кітапханашы Ахметова Д.О-орта арнаулы білімі бар маман. Ауыл халқының мәдениетін көтеруге, ауылда кітапхана жұмысын жақсарту, әдебиет пен ғылымның жетістігін үзбей насихаттауға, кітапхана қорын толықтыруда, пайдаланушылардың сұраныстарын қанағаттандыруда жұмыс түрлерінің жаңа тәсілдерін пайдалана отырып, қызмет етеді.  Кітапхана қызметі кітап арқылы рухани бірлікті, халықтар достығын, ұлттық тарихи мұраларды, салт-дәстүрлерді сақтап одан әрі дамытуда, мәдениет пен тарихқа деген құрметті тәрбиелеуге бағытталған. 

Харьков ауылдық кітапханасы

    Кітапханашы Ховдабай К-орта арнаулы білімі бар маман. Кітапханашы жұмысының басты ерекшелігі – Қазақстан жазушыларының әдебиеттерін, өлкетану әдебиеттерін насихаттап, көпшілік шаралардың тиімді түрлерін оқырмандардың ой-өрісін, талап-тілегін өзінің алдына қойған мақсатымен ұштастыра отырып  ұйымдастыруда.

Жамбыл ауылдық кітапханасы

   Кітапханашы Азанбаева Л.Ж.-орта арнаулы білімі бар маман. Оқырмандарға толық, сапалы, нәтижелі қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді. 

   Шағын мәдени-қамту мекемесінің жұмыс бағыттарының біріне оқырмандардың әдебиетке деген құлшынысын арттыру, тіл байлықтарын байыту, ой-өрісін кеңейту мақсатында көркем әдебиеттерді насихаттау болып табылады. 

     Жолболды ауылдық кітапханасы

    Кітапханашы Шкиря Т.А-орта арнаулы білімі бар маман. Жыл бойына бекітілген жоспарға сәйкес біркелкі мәдени-көпшілік жұмыстарды тұрғылықты халыққа ұсынып келеді. Әр жылдың басында кітапханада жаңа оқырмандар үшін ашық есік күндері жоспарлы түрде өткізіледі.

         Жанатап ауылдық кітапханасы

   Кітапханашы Абдырахманова Б.Т-орта арнаулы білімі бар маман. Жаңа заман талаптарына жауап бере отырып, ел өмірінің шындығын терең және жан-жақты бейнелеп көрсете алады.

   Кітапханасы- ауыл оқырмандарының сүйікті орны. Кітапханада әр оқырманның сұранысы қанағаттандырылады. Ұлтымыздың болашағы жас ұрпақ тәрбиесіне үлкен көңіл бөлінуде, жастарды отансүйгіштікке, елжандылыққа тәрбиелей отырып, олардың салауатты өмір салтын ұстануына, білімді, зерек болып өсуіне ықпал ететін шаралар ұйымдастырылып өткізілуде.

Әбжан ауылдық кітапханасы

    Кітапханашы Жаканова М.Т. -жоғары білімі бар маман. Талапты өз оқырмандарымен тамаша тіл табыса білетін адам.

    Оқырмандардың әр-түрлі тобына арналған үнемі көпшілік шаралар ұйымдастырады, сұранысқа сай қызмет көрсетіп, оларды кітапханаға тарту ісін ойдағыдай жолға қоя біледі.

 Шолақсор ауылдық кітапханасы

    Кітапханашы Сматаева Р.- жоғары білімді маман. «Кітап – білім кілті» демекші кітапхананың атқаратың жұмысы үлкен, солардың ішінде балалардың шығармашылық жұмыс істеуіне көп ықпалын тигізеді.

Барлыбай ауылдық кітапханасы

   Кітапханашы Жамалиденова Б.Р.- орта арнаулы білімді маман. Ұлттық тәрбие бағытында тарихымызды, өнерімізді насихаттап, түрлі тақырыптарға арналған мәдени көпшілік жұмыстары ай сайын өткізілі п тұрады.

ІС-ШАРАЛАР АФИШАСЫ

Барлық оқиғалар

Маңызды ақпарат

© 2006—2021 Павлодар облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Ақтоғай ауданының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі. Барлық құқықтар сақталған