Кітапхана тарихы

17.05.2021

 Ақтоғай ОКЖ директоры лауазымында Бибігүл Болатқызы Машырықова

   Кітапхана тарихын ұрпақтан – ұрпаққа жеткізу мақсатында, кітапхана менкітапханашының өмір тұрмысындағы алатын орнын, беделін өсіру, жас ұрпақты тәрбиелеу, келешектегі қазақ елін, жерін, тілін, дінін сақтап, бәсекеге қабілетті елу елдің қатарынақосыламыз деген біздің тарихымыз өз орнында, өткеніміз өлшеулі, үлкен таразының басындатұрғанда тәуелсіз ел екендігімізді тағы да тани түсеміз.

Краснокутск ауданының (қазіргі кезде Ақтоғай) ОКЖ директорлары

     1.Нейфельд Ирма Андреевна–1978 жылдан бастап 1985 жылдар аралығында қызмет етті.

     2.Чегодайкина Надежда Васильевна–05.09.1985 ж 30.04.1992ж  аралығында қызмет етті.

     3.Мухамеджанова Ляззат Солтангалиевна–30.04.1992 ж 30.08.1992 аралығында қызмет етті.

     4.Жармагамбетова Жумаш Дюсембаевна–01.02.1993-2019 жылға дейін осы лауазымда қызмет атқарды.

     5. Қазіргі кезеңде 31.12.2019 жылдан бастап Ақтоғай ОКЖ директоры лауазымында Бибігүл Болатқызы Машырықова қызмет атқарып келеді.

Ауыл кітапханаларының қарт  кітапханашылары:

   «Алмақтың да салмағы бар» демекші, ардагер кітапханашылар өз қызметтерін заман талғамына сай құруға талпыныс танытқан. Ардагерлердің әрбірі 30 жылдан аса үздіксіз бір орында қызмет жасап, зейнеткерлік жасқа жетті. Бұлардың жолын кейінгі толқын- жастар жалғастыруда. Өз кәсібіне шын берілген ардагер- кітапханашылар жартылай ғана еңбекақы ала жүріп те, әр жұмыс күнін толық әрі сапалы атқарып, сүйікті мәдени ошағының жарығын өшірмеуге тырысқан.

1.Ильинская Прасковья Андреевна–Коминтерн ауылдық кітапхана меңгерушісі.

2.Боданбаева Баян Габбасовна–Интернационалдық кітапхана меңгерушісі, еңбек жолын  1939 жылдан бастады.

3.Марченко Вера Михайловна–Харьков ауылдық кітапхана меңгерушісі.

4.Дакауова Ырысты–№3 Чкалов бөлімшесі ауылдық кітапханасының аға кітапханашысы.

5.Адамжанова Зура Серикбаевна–№2 Харьков бөлімшесінің ауылдық кітапхана меңгерушісі.

6.Кенжалина Кайынжамал Мукарамовна–Ақтоғай балалар кітапханасының аға кітапханашысы.

7.Щепко Лидия Ильинична–1968-1977 жылдар аралығында аудандық кітапхана меңгерушісі .

8.Калымова Макуза Султановна–Новотроицк ауылдық кітапхана меңгерушісі.

9.Жученко Ольга Петровна –Спартак ауылдық кітапхана меңгерушісі.

10.Ковальская Прасковья Ивановна –Чкалов ауылдық кітапхана меңгерушісі

11.Жармакина Дана Кайкеновна –Әуельбек ауылдық кітапхана меңгерушісі.

12.Виткова Валентина Васильевна – Ақтоғай орталықтандырылған кітапхана жүйесінің әдіскері. Еңбек жолын 1971жылы Разумов ауылдық кітапхана меңгерушілігінен бастады..

13.Чегодайкина Надежда Васильевна – Ақтоғай аудандық кітапханасының аға кітапханашысы. Еңбек жолын 1973 жылдан бастады.

14.Султанова Кульше Касымовна –Ақтоғай ауылдық кітапхана меңгерушісі.

15.Кочубеева Нина Анатольевна – Ақтоғай аудандық кітапхана меңгерушісі.

16.Жунусова Гульжайнат Каримовна – Балалар кітапханасының меңгерушісі 1978 жылдан бастап 2019 жылға дейін еңбек етті.

17.Исикеева Каирпану Сейтеновна –Шолақсор ауылдық кітапхана меңгерушісі.

18.Уалиханова Батима –Шұға ауылдық кітапхана меңгерушісі.

19.Аширбекова Нина Николаевна –Қоғалы ауылдық кітапхана меңгерушісі.

20.Дюсембекова Каинылкаят Мускеновна –Естай ауылдық кітапхана меңгерушісі.

21.Искакова Шолпан Секеновна –Алға ауылдық кітапхана меңгерушісі.

22.Тасболатова Айман- Харьков ауылдық кітапханасының кітапханашысы

23.Құрманғазина Күлшайра Жанқарақызы- Мүткенов ауылдық кітапханасының кітапханашысы

24.Әділханова Нағима Қанапияқызы- Қожамжар ауылдық кітапханасының кітапханашысы

25.Искакова Галина Айтжановна –Приреченск ауылдық кітапхана меңгерушісі.

26. Кондыкерова Айтжамал Сәрсенбайқызы- Жаңатап ауылдық кітапханасының кітапханашысы

27.Собкалова Людмила Викторовна-Ақтоғай орталық кітапханасының жинақтау бөлімінің меңгерушісі

28. Абросимова Галина Степановна- Ақтоғай орталық кітапханасының жинақтау бөлімінің кітапханашысы

   1978 жылы Краснокутск кітапхана жүйесінде барлық кітапханаларды біріктіру мақсатымен орталықтандыру барысы  өтті. Біріктірілген жүйеге 39 ауылдық , аудандық, аудандық балалар кітапханасы және қалалық бөлімше филиалы енді. Кітап қоры 320 927 дана кітаптарды құрды. 

   Ленинград мәдениет институтының түлегі Ирина Андреевна  Нейфельд балалар кітапханасының меңгерушісі болып қызмет атқарып жүрген лауазымнан көтеріліп, директор болып тағайындалды.Кішіпейіл, адамгершілігі мол, қатал, кітапхана жұмысының қыр-сырын жетік білетін ол тез арада әріптестермен оқырмандар арасында үлкен құрметке бөленді. Бірінші болу әр кезде де өте қиын болады. Ирина Андреевна үшін кітапхана жүйесін қалыптастыру бағытында алғаш жол салушы болғандықтан-қиыншылықтар көп болды. Бұл адамның басқаруымен оқырмандарға қызмет ету бөлімі ашылып- Щепко Л.И меңгерушісі болып тағайындалды., кітап жинақтау бөлімі-меңгерушісі Чегодайкина Н.В., стационарлық қызмет ету бөлімі- меңгерушісі Чупрынова Н.В., кітап қорын пайдалану және ұйымдастыру бөлімі меңгерушісі Кенжалина К.М., әдістемелік-ұйымдастыру бөлімі-меңгерушісі-Зятькова Т.А., информациялық-библиографиялық бөлімі- меңгерушісі Потапенко В.С, балалар кітапханасы бөлек қызмет етіп тұрды-меңгерушісі  Шиль Л.Н., қалалық кітапхана бөлімшесі- меңгерушісі Сапегина Т.С.

   Ең қиыны барлық кітапханалардың кітап қорын бақылауға алу болды. Ол мәселені шешу мақсатымен Ирины Андреевнаның басшылығымен ауылдық кітапханаларға ,кітапхана бөлімшелеріне кітапхана қорын жасақтау, қалыпқа келтіру және әдістемелік, практикалық көмек көрсету, кітапханаларды безендіру жұмыстарын ұйымдастыру, анықтамалық-библиографиялық аппаратты жүйелеу мақсатымен іс-сапарлар ұйымдастырылып отырылды. Көптеген кітапханашылар арнайы кітапхана білімдері болмаған себептерден, Ирина Андреевна әрқашанда оларға өз практикалық  білімін көрсетіп, ұштап, жетелеп,рухтарын көтеріп отырды. Өте білікті, өз ісін жетік білетін маман, әрқайсысымен тіл табыса алды, жаңа келген жас мамандарға тәлімгер ретінде жол сілтей білді. Бұл кісіні қазіргі аға буын әріптестері үлкен сыйластықпен еске алып отырады. Ирина Андреевна Кәсіподақ қызметкерлерінің облыстық комитетінің алғыс хаттарымен, аудандық және облыстық мәдениет бөлімінің мақтау қағаздарымен, мадақтамаларымен және алғыс хаттарымен бірнеше мәрте марапатталды.

   1980 по1982 жж.аралығында Қарасу ауылы (Новотроицк ауылының №2 бөлімшесінде-меңгерушісі Бахтыбаева Найля), Черемушки (№3 Харьков с/о бөлімше-меңгерушісі  Есергепова Мадина), Тереңқұдық ауылында (№4 Жданов а/о комплекстік бригадасы –меңгерушісі Лямина Татьяна) кітапханалар ашылды.Сонымен кітапхана жүйесі 42 кітапхананы біріктірді.  Бұл жылдары социалистік жарыстар,жұмыс тәжірибемен алмасу кеңінен тарап, ерекшеленіп, материалдық-техникалық базасы нығайды.Бұл кезеңде құрметті демалысқа: Коминтерн ауылдық кітапхана меңгерушісі Ильинская Прасковья Андреевна,Әбжан ауылының ауылдық кітапхана меңгерушісі Боданбаева Баян, Адамжанова Зура - Қарабұзау ауылдық кітапханашысы, Григоренко Анна Ивановна – Күбан ауылдық кітапханашысы, Ковальская Прасковья Ивановна - Пролетарлық ауылдық кітапханашыларын шығарып салды.Совет үкіметі ыдырап, тарағаннан кейін Қазақстан өз Тәуелсіздігін алғаннан соң басқару жүйесі де өзгере бастады.Мәдениет саласында да оптимизациялық және приватизациялық жұмыстар басталды.

    Соған орай 1996 жылы облыстық басқармаларының шешімдерімен 42 кітапханалардың 20-сы жабылып, оған қоса аудан әкімінің өкімімен 3 кітапхана қысқартуға ұшырады. (Қалайда болса көп кітапханаларды жабу мақсатта болды).Бірақта аудан басшыларының ақылдасуымен 18 кітапхана сақталып қалды.  2000 жылдардан кейін кішкентай ауылшарларда 6 кітапханалар ашылды.2010 жылға дейін кітапхана саны 24-ке жетті.

    «Ақтоғай орталықтандырылған кітапхана жүйесінің »ММ жарғысы өзгеруіне байланысты және Ақтоғай ауданының №64 16сәуір 2012 ж «Мемлекеттік мекемесінің жарғысының келісуі бойынша » Ақтоғай орталықтандырылған кітапхана»қаулысына байланысты қазіргі уақытта кітапхана жүйесін 23 кітапхана құрайды.  

   Ақтоғай ауылдық кітапханасы аудан жұртшылығының азаюына орай қайта құрудан өтті.

    Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың даналық қоғамдық саясаттық игілікті істері арқылы біздің мемлекет дүниежүзілік кризистан шығу жолын орайластырып табу жолын іздеп тапты.Соның бірі облыстық «Жол картасы»бағдарламасы.

    2009 жылы қараша айында «Жол картасы »бағдарламасы аясында әмбебап дүкеннің ғимараты күрделі жөндеуден өткізіліп, рухани орталыққа айналып,Ақтоғай орталықтандырылған кітапхана жүйесіне және этномәдени орталықтарына қызмет етуге берілді.Жөндеу  үшін облыстық бюджеттен 30 млн.теңге қаржы бөлінді. Кең, жарық кітапханаға жаңа жиһаздар алынды: кітап сөрелері, үстелдер, тақтар, жұмсақ жиһаздар, ұзын кілемшелер. Бұған аудан бюджетінен 3 млн. теңге жұмсалды. Ашылу рәсіміне облыс әкімі Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаев қатысты.

    10000 оқырманға Ақтоғай орталықтандырылған кітапхана жүйесі қызмет көрсетуде. Кітапхананың жалпы кітап қоры 202 мың. дана кітапты барлық сала бойынша оқырмандарына ұсынып жұмыс жасайды.

    Кітап беру 192 400, оның ішінде  қазақ тілінде 78 тмың. дана.кітап.

   Кітап қоры жыл сайын мемлекеттік тапсырыс бойынша және аудандық бюджеттен толықтырылады. Жылда аудандық бюджеттен миллион теңге оқырмандар сұранысы бойынша кітаппен қамтамасыз етуге жіберіледі.

   Басылымдар саны жыл сайын көбейіп келеді. Әрбір аудандық кітапхана 30газет журнал атауын алады, ал ауылдық кітапханалар 15 атауын алады.

   Бұған жылда 1 млн. 200 мың.теңге бөлінеді. 

   Жылдар бойы Краснокутск қазір Ақтоғай ауданының кітапханалары аудан жұртшылығы алдында көптеген жұмыс атқарды және де атқарып келеді.

   Біздің жұмысымызға нақты бір бағыт-мақсаттық жұмыс–жүйесі еніп отыр. Оны іске асыру барысында кітапханалар аудандық мемлекеттік мекемелерімен тығыз байланыста болады. Оған дәлел ретінде аудандық кітапханадағы жүргізіліп жатқан «Человек ты в ответе за жизнь на земле»,аудандық балалар кітапханасының «Атамекен», «Тілашар» -Приреченск ауылдық кітапханаларының бағдарламалары.

   Дәстүрге айналған жыл сайын өткізілетін мерекелер: «балалар кітап апталығы», «Наурыз мейрамы», «Ана тілім тірлігімнің айғағы», «Денсаулық зор - байлық», «Ана туралы аңыздар», «Отаным – асыл қазынам».

   Өзінің алғашқы жемісін берген қызықты клуб, үйірме жұмыстары:Ақтоғай аудандық кітапханасында «Незабудка» клубы, «Қаламгер»аудандық балалар кітапханасында, «Асыл әжелер»Әуелбек ауылдық кітапханасында , «Закон обо мне и мне о законе»Шолақсор ауылдық кітапханасында т.б / клуб жайында мәліметтер берілуде/

   Ақтоғай орталықтандырылған кітапхана жүйесінде әр-түрлі тақырыптағы семинарлар,шебер-оқулар өтіп тұрады.Соның бірі облыстық кітапханасының атты Ақтоғай орталықтандырылған кітапхана жүйесінде2010 жылдың ақпан айында  өткізілген семинар.

    «Жаңа онжылдық- кітапханалардың дамуының жаңа болашағы»атты облыстық семинар өткізілді. Оған облыстық мәдениет басқармасы бастығының орынбасары Б.Т.Мұқашева, С.Торайғыров атындағы ОБҒҚ директоры М.Ә.Жиенбаева, оның орынбасары Ш.Б.Шахметова, Павлодар, Ақсу, Екібастұз қалаларының және бірнеше аудандардың орталықтандырылған кітапхана жүйелерінің директорлары, Ақтоғай ауданы әкімінің орынбасары Б.З.Ысқакова, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімініің Бастығы Б.К. Оспанова, аудандық және балалар кітапханаларының қызметкерлері мен селолық округтердегі кітапханалардың меңгерушілері қатысты. Семинар басталмас бұрын аудан әкімі М.Ш.Көбенов семинар қатысушыл 1 арға хош келдіңіздер деп, жұмыстарына сәттілік тіледі. Б.З. Ысқақова семинарды ашыпалғашқы сөзді Б.Т. Мұқашеваға берді. Ол өткен жылы облыстық екі бағдарламаның «Мәдени мұра» және «Бұлақ» бағдарламаларының жүзеге асырылғанын, «Жол қартасы» бойынша облыста клубтар, 7 кітапхана, оның 2-і ауылда  жөндеуден өткізілгенін айтып өтті. Сонымен қатар ол  облыс кітапханаларында Жеңістің 65 жылдығына  қарсы шаралар өткізілуі керектігін, компьютерлерді Интернетке қосу, халдықты  оқуға тарту және Жолдауда көрсетілген бағдарламаларды орындау кенректігін айтып өтті. Ақтоғай аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің  бастығы Б.Қ.Оспанова «ҚР Президенті Жолдауы тұрғысында Ақтоғай ауданының мәдениет мекемелерінің даму келешегі» атты баяндама жасады. Баяндама  мәдениет мекемелерінің өткен жылғы атқарылған жұмыстары туралы және ағымдағы жылғы жоспарлары жөнінде айтылды. Сонымен қатар ол кітапхана жүйесінің қызметкерлері  ауданда өткізілетін барлық шараларға белсенді  түрде  қатысып жүргендері туралы да айтып өтті. Одан кейін аудандық ОҚЖ директоры Ж.Д. Жармағамбетова «Кітапхана-2010», Ақсу қаласының ОҚЖ диреторы Р.Т.Зингер, Павлодар қаласының ОҚЖ директоры Б.Е.Әлімғазинова, Павлодар ауданының ОКЖ директоры Қ.Ж.Аханова «Павлодар ауданы ОКЖ жұмысының нәтижелі жетістіктері» баяндамалар жасалынып әрбір сөз сөйлеуші баяндама оқыған кезде экраннан жұмыстары туралы түсірілген слайд көрсетілді. «Кітапханашылар қызметінің жаңа мүмкіндіктері, жаңа мазмұны» атты  «дөнгелек ұстел» өткізілді. «Павлодар облысының кітапханалары: қорытынды, проблемалары, келешегі; сандық нысаны; мәдени мұраны сақтау жөніндегі жаңа міндеттер; Павлодар облыстық кітапханаларының ақпараттық технологиялары; жаңа ізденістері мен талаптары» деген тақырыптар бойынша Успен ауданынынң ОКЖ директоры Г.В.Негриенко мен Екібастұз қаласының ОКЖ директоры Г.Г.Степовик сөз сөйледі. Одан соң кітапхана қызметкерлері дайындаған шағын музықалық нөмерлерін қонақтарға ұсынды.

   Тәуелсіздіктің 20-жылдығына орай бір топ кітапхана қызметкерлері медальдармен, Құрмет грамоталармен марапатталып, бағалы сыйлықтарға ие болды. Ж.Д. Жармағамбетова Ж.Д.–Ақтоғай ОКЖ директоры ҚР Президентінің Құрмет грамотасымен марапаталды.

    ҚР Президентінің жарлығымен «Тәуелсіздікке 20 жыл» атты мерейтой медалімен Шолақсор ауылдық кітапханасының кітапханашысы Қ.С. Исекеева марапатталса, облыстық мәдениет басқармасы Алғыс хатымен аудандық кітапханасының қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі Н.А. Кочубеева, Шұға ауылдық кітапханасының кітапханашысы Б.Т. Уәлиханова, аудан әкімінің Алғыс хатымен Ақжол ауылдық кітапханасының кітапханашысы Я.Д. Кравченко, аудан мәслихатының Мадақтау қағазымен Балтасап, Қараоба ауылдық кітапханасының кітапханашылары Н.Р. Сматаева, Ж.С. Аяпбергенова және балалар кітапханасының меңгерушісі Г.К.Жүнісова марапатталды.

   Аудан тұрғындары үшін кітапхана- қолжетімді мекеме болып саналады. Кітапхана- балалармен қатар, үлкен оқырмандар, қарт адамдардың білім алып, демалып қайтатын мекемесіне айнала білді.

Ақтоғай ОКЖ     

   Ақтоғай ОКЖ 20 кітапханадан, оның ішінде 19 ауылдық кітапханаларды және 1 аудандық кітапханадан тұрады. Кітапхана жүйесінде 55 адам қызмет етеді, оның 31-шығармашыл адамдар, 8 адам-жоғары білімді жіне 23-орта арнаулы білімді қызметкерлер.

   Кітапханаға жұмысшылар, қызметкерлер, зейнеткерлер, жоғары сынып оқушылары және басқалар келеді. Кітапхана қорындағы кітаптар ББК бойынша орналасқан. Өлкетану әдебиеттері қазақ және орыс тілінде белгіленіп орналасқан. Өлкетану бөлімі бойынша папкалар, Ақтоғай ауданының тарихы бойынша альбомдар жасақталды. Сонымен қатар Қазақстан ақын – жазушыларына арналған тақырыптық папкалар бар. Кітапханада өлкетану картотекасы бойынша алфавиттік және жүйелік каталог қазақ және орыс тілінде жүргізіледі. 

    Ақтоғай ОКЖ директоры -Бибігүл Болатқызы Машырықова-жоғары білімді лауазымды тұлға.

   Кітапхананы дамыту және  ақпараттық-библиографиялық бөлім әдіскерлері: Мулюкова Гүлсара Сүлейменқызы-бөлім меңгерушісі, Секенова Мадина Егеубаевна-әдіскер.

   Бұл бөлім-ОКЖ-ның негізгі бөлімі болып саналады.

   Бөлімнің негізгі қызметі - оқырмандардың барлық санаты үшін ақпараттық-библиографиялық және анықтамалық-іздестіру аппаратын қалыптастыру және оны жүргізу.

-Жаңа ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, анықтамалық-кітапханалық және ақпараттық қызметтерді атқарады.

- кітапхана-филиалдарымен тығыз байланыста болады- әртүрлі қоғамдық ұйымдармен бірлескен жиынтық үйлестіру жоспарларын әзірлеуге қатысады;

- кітапханашылар қызметінің жылдық мониторингін өткізеді;

Жоспарланған семинарлар өткізіп, өтілетін семинарларда өз тәжірибесін ортаға салып, әртүрлі тақырыптарда баяндамалар жасап,талдайды. 

    Библиограф: Машабаева Айнура Жанботақызы; Булешова Галия Галлямовна

  Оқырмандарға анықтама – библиографиялық қызмет көрсету мақсатында «Жаңа кітаптар», «Хабарлама күні», «Мамандар күні», «Өлкетанушылар күні» өткізіледі.

-деректер базасын толықты рады

-әртүрлі мазмұндағы және бағыттағы библиографиялық материалдарды құрастыру;

-пайдаланушыларға библиографиялық қызмет көрсету, соның ішінде анықтамалық пен ақпараттық;

-пайдаланушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру.

Ақтоғай орталық кітапханасы

Бөлім меңгерушісі: Асамбаева Гүлмира Тоқтарқызы

Кітапханашылар: Хиро Ксения Вячеславовна-қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы;

Нурмаканова Айнур Кайратбековна-мүгедектермен қызмет көрсету пунктінің кітапханашысы;

Нурбаева Серикжан- орталық кітапханасының балалар әдебиет бөлімінің кітапханашысы

Кітапхана екі бөлімнен тұрады: абонемент және оқу залы.

Абонемент

Бөлім қызметкерлері жоғары сынып, лицей оқушыларына, жасөспірімдерге, қызметкерлер мен мамандарға, ардагерлерге қызмет көрсетеді. Оқырмандардың сұраныстарын толық қанағаттандырып,олардың рухани дамуына ықпал етеді.

Оқу залы

Қорда білім саласы бойынша кітаптар, анықтамалықтар жинақталған. Оқу залының негізгі міндеті – барлық оқырмандарға бірдей сапалы қызмет көрсету және сұраныстарын толық қанағаттандыру.

Оқу залында мерейлі даталарға орай, кітаптар тұсаукесерлері,дөңгелек үстел сұхбаттары, жасөспірімдер арасында шығармашылық байқаулар ұйымдастырылып, ірі мәдени шаралар үнемі өткізіледі.

Оқу залы үзіліссіз, демалыссыз оқырмандарға қызмет көрсетеді.

                                    Балалар әдебиет бөлімі

Балалар әдебиет бөлімінің  негізгі қызметі -балалардың оқу, оқып танысу сонымен қатар кітапхананы пайдалану әдеттерін дамыту, білімін көтеру, танып білу үшін ақпаратты қолдануды игеруіне мүмкіндік жасау, балаларға тәрбие беру мен оқытуына белсенді көмек көрсету, олардың ұлан-байтақ кітаптар әлемінен өздеріне қажеттісін ажырата алуына көмектесу, кітапқа деген құрметі мен сүйіспеншілігін қалыптастыру, оларға кітаптармен жұмыс жасай білуді үйрету болып табылады.

Бала - біздің болашағымыз десек, олардың өз өмірлерін қызықты да баянды өткізулері біздің қолымызда. Балалар әдебиет бөлімі-балалар оқуына басшылық жасай келе, оларға қажетті білім мен тәрбие беру мақсатында жаңа ақпараттық мәдениетін дамытып, түрлі мәдени шаралар ұйымдастырады, соның ішінде, бүгінгі күннің өзекті мәселесі ұрпаққа тәлімді тәрбие беру үшін ұлттық тәлім тәрбиеден бастау, сондай-ақ жастарымызды ұлттық рухани мәдениетке үйрету мақсатында олармен түрлі мәдени шаралар жүргізіп келеді. Балалардың кітап оқуға қызығушылығын арттыруда кітаптар инсталлициясын ұйымдастыруда көпшіліктің жиналатын демалыс парктерінде , жазғы демалыс лагерлерінде кітап жаймалары өткізіледі. Кітапханада балалар кітабы күніне апталық өткізіліп, кітап көрмесі ұйымдастырылды. Ал Халықаралық балаларды қорғау күніне де түрлі ойындар, сурет байқауы ұйымдастырылады. Оқырман балалардың ақпараттық мәдени білімділік сұранысын қанағаттандыру бағытында «Қуыршақ-думан»атты  жоба ұйымдастырылы, көптеген іс-шаралар өткізілуде.

             Жинақтау және өңдеу бөлімі

Бөлім меңгерушісі: Жумалина Әсем Серікқызы

Кітапханашы: Сахнова Галина Владимировна

Кітапхана кітап қорын толықтыру және өңдеу бөлімінен бастау алады. Оқырмандардың сұранысын негізге ала отырып әдебиеттерге тапсырыс беру, өңдеу және толықтыру – әдебиеттерді (құжаттарды) өңдеу, толықтыру бөлімінің негізгі міндеті, сонымен қоса әдебиеттерді аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі филиалдарына бөлу жұмысымен айналысады.

Электронды каталог –«РАБИС» бағдарламасымен ** жылдан жұмыс жасайды. Бүгінгі таңда жүйе бойынша электронды қор ***-ні құрайды.

Қазіргі кезеңде Ақтоғай орталық кітапханасы- үлкен ақпараттық бөлімге айналып үлгерді, кітапхана есігі әрдайым әр адамға ашық. 1611131 дана кітабы

бар кітап қоры, бірқатар спектрдегі газет-журналдар оқырмандардың кітапханаға келіп, жұмыс істеулеріне үлкен септігін тигізе білді.

Аудан басшылары кітап қорының толықтырылуына үлкен мән беруде. Жыл сайын кітап қоры мемлекеттік, аудандық бюджеттен, сонымен қатар сыйға тартқан кітаптармен толықтырылады.

Аудандық кітапханасында өз ісінің мамандары қызмет етеді. Олардың барлығы өз қызметтерінде көптеген инновациялық әдістерді пайдалана отырып, көптеген қызықты іс-шаралар өткізеді. Олар: Сахнова Г.В, Булешова Г.Г, Мулюкова Г.С, Асамбаева Г.Т, Жумалина А. С, Секенова М.Е, Машабаева А.Ж, Нурмаканова А.К. 

Маңызды ақпарат

© 2006—2021 Павлодар облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Ақтоғай ауданының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі. Барлық құқықтар сақталған