КГУ

Жұмасейіт Қоғабайұлы Бижан

(1940 - 2021)

Ақтоғай ауданы 

    Жұмасейіт Бижан - журналист, КСРО Телеарнасы және  радиосының үздігі, Қазақстан журналистер Одағының мүшесі, ұстаз, Қазақстанның Құрметті журналисі.

    Бижан Жұмасейіт Қоғабайұлы 1940 жылғы 24 ақпанда Павлодар облысы Краснокутск ауданының Шұға ауылында туған. 1966 жылы Қарағанды педагогикалық институтын қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі мамандығы бойынша бітірді. Жаңаталап сегіз жылдық мектебінде мұғалім болған.

    1968 жылы «Білім қоғамының» жауапты хатшысы, 1970 жылы Қазақстан КП аудандық партия комитетінің нұсқаушысы, 1972 жылы Краснокутск аудандық атқару комитеті мәдениет бөлімінің меңгерушісі, 1974 жылы Екібастұз аудандық «Вперед-Алға» газеті редакторының орынбасары. 

    1978 жылы Алматы Жоғары партия мектебін тәмамдаған, Екібастұз АКӨБ бастығының орынбасары, Екібастұз қаласы атқару комитеті мәдениет бөлімінің меңгерушісі. 1979-1997 жылдары Павлодар облыстық Телерадио компаниясының редакторы, бас редакторы, саяси шолушысы, бас продюсері, төрағаның орынбасары.

    1997 жылы Павлодар облыстық сайлау комиссиясының мүшесі; 1998 жылдан бастап облыс әкімі аппаратының жұртшылықпен байланыс бойынша бөлімінің кеңесшісі; 2000 жылы облыс ауыл шаруашылық департаментінің БАҚ-пен байланыс бойынша бас маманы және аудармашы, 2002-2005 жылдары облыстық телеарнаның редактор-үйлестірушісі, 2005 жылы ПМУ «Білік» газетінің редакторы, ПМУ аға оқытушысы, Ж.Аймауытов атындағы этнопедагогика және инновациялық технологиялар ҒПО ғылыми қызметкері. Краснокутск аудандық кеңесінің депутаты болып сайланды (1972-1974 жылдары) Краснокутск аудандық партия комитетінің ревизиялық комиссиясының мүшесі болды. 

    «Замандастар тағылымы», «Ардақты елім-Ақтоғай», «Дала уалаяты» газеті (1888-1902 жылдары), «Ой толқыны:тәжірибелік нұсқаулық» кітаптарының, «Көзқарас», «Дәуір» циклды шығармашылық телерадио бағдарламаларының авторы.

    Жұмасейіт Бижан Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының, Кеңес Одағы теледидар және радиосының үздігі белгісінің иегері, «Тың және тыңайған жерлерді игергені үшін» медалімен (1963), КСРО Мемлекеттік Теларнасы және радиосының құрметі грамоталарымен (1988-1989 жж.), облыстық мәслихат құрмет грамотасымен (2000 ж.), сонымен қатар көп жылғы адал еңбегі  үшін «Құрмет» орденімен (2018), «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгі, С.Торайғыров атындағы алтын медаль (2010), Павлодар облысына 75 жылдық мерейтой медальдерімен (2018) марапатталды.

Әдебиеттер: 

  1. Бижан Ж. Замандастар тағылымы: публицистика, сұхбаттар, өлеңдер мен естеліктер. - Павлодар: ЭКО, 2000. - 112 б.
  2. Бижан Ж. Ардақты елім - Ақтоғай / Бижан Жұмасейіт, Мағзумов Самет; пікір жазғандар: Ульян Мақұл, Ақылбек Гүлдана Бағадатқызы - тіл мамандары, Ғалымбек Жұматов - жазушы.- Павлодар: Дом печати, 2003.- 262 б.
  3. Бижан Жумасейт Когабаулы // Кто есть кто в Павлодарской области. Книга 1. – Павлодар, 2006. – С. 99
  4. Бижан Ж. Журналист шығармашылығындағы жаңа инновациялық технологиялар: оқу құралы. - Астана: Фолиант, 2013.- 208 б.
  5. Бижан Ж. «Дала уалаяты» газеті (1888-1902): жеке тұлға және қоғам: монография. - Павлодар: Типография Сытина, 2014.- 396 б.
  6. Бижан Ж. Ой толқыны: тәжірибелік нұсқаулық. - Павлодар: Типография Сытина, 2015.- 477 бет.
  7. Бижан Жұмасейіт  Дара біткен // Сарыарқа самалы. – 2015. - 15 қаңтар. - 17 б.
  8. Бижан Жұмасейіт  Естайды алғаш және соңғы көруім // Сарыарқа самалы. – 2018. - 28 тамыз. - 5 б.
  9. Награды – журналистам: [в связи с 50-летием создания Союза журналистов за весомый вклад в развитие казахстанской журналистики награж 105 дены работники СМИ Павлодарской области] // Звезда Прииртышья. – 2009. – 25 июня. – С. 2
  10. Касенова А. С микрофоном по жизни // Звезда Прииртышья. – 2010. – 16 марта. – С. 4
  11. Өнерлінің өрісі кең: [ҚР Журналистер Одағы сыйлығының лауреаты, КСРО Теледидары және радиосының үздігі белгісінің иегері, ҚР Құрметті журналисі Ж. Қ. Бижан 70 жаста] // Сарыарқа самалы. – 2010. – 18 ақпан. – 6 б.
  12. Парасатты Президент, кемеңгер Көшбасшы: [Қазақстанның Құрметті журналисі, С. Торайғыров таныдағы ПМУ-дің профессоры Жұмасейіт Қоға¬ байұлы Бижанмен сұхбат] / әңг. Асыл Әбіш // Сарыарқа самалы. – 2012. – 22 қараша. – 7 б. 27
  13. Бижан Жұмасейіт // Ертістің Павлодар өңірі: Энциклопедия / Бас ред. Б. Ө. Жақып. – Алматы, 2013. – 248-249 б.
  14. Жұматов А. Жаңа кітап жарық көрді: (Журналист, ПМУ профессоры Жұмасейіт Бижанның «Журналист шығармашылығында жаңа инновациялық, технологиялар» атты жаңа оқу құралының тұсаукесері өтті) / Жұматов Айбек // Шаһар. – 2014. – 14 ақпан (№6). – 5 б.
  15. Әміре Фархат  Парасат // Сарыарқа самалы. – 2015. - 24 ақпан. - 5 б.
  16. Зейнулина А. Салмақты іс, салиқалы ой иесі: (ҚР Журналистер Одағы сыйлығының лауреаты, КСРО Теледидары және радиосының үздігі белгісінің иегері, ҚР Құрметті журналисі Жұмасейіт Бижан хақында) // SARYARQA SAMALY. – 2020. - 20 ақпан. - 20 б.
  17. Журналистика - жан тынысым: (Қазақ телевизиясының шамшырағы, бүгінде болашақ журналистерді тәрбиелеу ісіне белсене араласып жүрген ардегер журналист Жұмасейіт Бижан сексеннің сеңгіріне шықты). // SARYARQA SAMALY. – 2020. - 5 наурыз. - 15 б.

ІС-ШАРАЛАР АФИШАСЫ

Барлық оқиғалар

Маңызды ақпарат

© 2006—2021 Павлодар облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Ақтоғай ауданының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі. Барлық құқықтар сақталған