КГУ

Рамазанов Бәкібай Рамазанұлы

(1949-2020)

Ақтоғай ауданы

   Қазақстан Республикасы журналистер одағының мүшесі, Ақтоғай ауданының Құрметті азаматы, баспасөз және мәдениет салаларының ардагері.  

   1949 жылы 9 қаңтарда Куйбышев (қазіргі Ақтоғай) ауданына қарасты Жаңааттаныс ауылында дүниеге келген. Ол аудан орталығындағы орта мектептің табалдырығын 1956 аттап, оны 1966 жылы тәмамдаған. 

   Бәкібай Рамазанұлы 1967-1970 жылдар Краснокутскі аудандық «Коммунистический труд» («Коммунисттік еңбек») газеті редакциясында аудандық радиохабарын ұйымдастырушы, содан соң реадкцияның жауапты хатшысы болып қызмет атқарады. Осы жылдары білімін жетілдіру қажет деп тапқан ол Алматы дағы С.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің (қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті) журналистика факультетіне сырттай оқуға түсіп, оны 1976 жылы ойдағыдай бірітіп шығады.
1973 жылдан бастап Краснокутскі аудандық партия комитетінің насихат және үгіт бөлімінде нұсқаушы, кейінен аудандық атқару комитетінің мәдениет бөлімінің меңгерушісі, аудандық газеттің редакторы және т.б лауазымды қызметтерде істейді.

   Б.Рамазановтың ел, оның ішінде аудан өміріне сіңірген еңбегі түрлі деңгейдегі билік тарапынан өзінің лайықты бағасын да алды. Ол Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл»,  «Павлодар облысына – 75 жыл» мерейтойлық медальдарымен марапатталған. Сонымен қатар, Ақтоғай ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін қосқан үлесі үшін 2013 жылы «Ақтоғай ауданының Құрметті азаматы» атағы берілген болатын.  

   Журналсит зейнеткерлік жасқа келсе де, өмірінің соңғы сәтіне дейін Павлодар қаласындағы «ЭКО» ғылыми-өндірістік бірлестігі баспасында сүйікті мамандығы бойынша қызмет істеген еді. 

   Сонына өшпес белгі ретінде өзі жазып, баспадан шығарған «Бәріне ризашылықпен қараймын» және «Мерей»  атты кітаптарын қалдырды.

Әдебиет:

  1. Рамазанов Б. Мерей (жинақ) – Павлодар: ЭКО, 2019. – 208 б.
  2. Рамазанов Б. Более полувека: [об областной газете "Звезда Прииртышья"]. / // Звезда Прииртышья. – 2018. - 7 апреля. - С. 7
  3. Рамазанов Б. Помнить всех поименно: [об участии жителей Павлодарской области в Великой Отечественной войне] // Звезда Прииртышья. – 2015. - 28 апреля. - С. 5
  4. Рамазанов Б. Историю делают люди: [Актогайскому району - 60 лет]. / Т.Смагулов // Звезда Прииртышья. – 1998. - 6 окт. - С. 5
  5. Рамазанов Б. Ізгілік жолымен: (Ұлы Жеңістің 75 жылдығына) // Ақбеттау. – 2020. - № 2 (11). - 87 - 89 б.
  6. Рамазанов Б. Жарты ғасырдан аса біргемін: [Облыстық "Сарыарқа самалы" газетінің тоқсан жылдық торқалы тойы қарсаңында, өткеннен біраз сыр шертсем бе деген оймен қолыма қалам алған едім] // Сарыарқа самалы. – 2019. - 12 ақпан. - 6 б.
  7. Рамазанов Б. Ақын перзентке тағзым: (Белгілі қазақ ақыны, журналист және аудармашы, халық ағарту ісінің үздігі, жерлесіміз Қабдыкәрім Ыдырысовтың туғанына - 90 жыл) // Сарыарқа самалы. – 2018. - 16 қазан. - 5 б.
  8. Рамазанов Б. Дос-аға: (Қаламгер, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, "Егемен Қазақстан" газетінің ардагері Жанат Елшібек жайлы) // Сарыарқа самалы. – 2017. - 20 мамыр. - 9 б.
  9. Рамазанов Б. Абыз ақсақал: (Ақтоғайдың Құрметті азаматы, Ұлы Отан соғысының ардагері Зекен Сәрсенов жайлы) // Сарыарқа самалы. – 2015. - 25 сәуір. - 7 б.
  10. Рамазанов Б. Бәріне ризашылықпен қараймын // Найзатас. – 2015. - №3. - 147 - 183 б.
  11. Рамазанов Б. Уақыттың сөзі - өмірдің өзі // Егемен Қазақстан. – 2014. - 28 шілде. - 7 б.
  12. Рамазанов Б. Ақтоғайдың айнасы: ("Ауыл тынысы" газетінің жарық көргеніне - 75 жыл) // Сарыарқа самалы. – 2014. - 5 маусым. - 5 б.
  13. Рамазанов Б. Еңбегі ел есінде: [көрнекті жазушы-журналист, тәржімеші, абзал да сырбаз азамат Ризабек Әдуов туралы естелік] // Сарыарқа самалы. – 2007. - 19 сәуір. – 15 б.
  14. Рамазанов Б. Тындырғаны бір төбе, ой-арманы да көп еді: [павлодарлық журналист Ризабек Әдуов туралы] // Егемен Қазақстан. – 2007. – 25 сәуір. – 5 б.
  15. Рамазанов Б. Еңбегі ел есінде: [көрнекті жазушы-журналист, тәржімеші, абзал да сырбаз азамат Ризабек Әдуов туралы естелік] // Сарыарқа самалы. – 2007. - 19 сәуір. – 15 б.
  16. Рамазанов Б. Тындырғаны бір төбе, ой-арманы да көп еді: [павлодарлық журналист Ризабек Әдуов туралы] // Егемен Қазақстан. – 2007. – 25 сәуір. – 5 б.
  17. Рамазанов Б. Ақтоғай ауданының мерейтойы: [Ақтоғай ауданына-65 жыл" деген тақырыпта Ақтоғай ауданында конференция өтті] // Сарыарқа самалы. – 2003. - 20 ақпан. - 2 б.
  18. Рамазанов Бәкібай Рамазанұлы: (2021 жылдың 20 қаңтарында Ақтоғай ауданының Құрметті азаматы, облыстық ардагерлер кеңесінің мүшесі, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Бәкібай Рамазанұлы Рамазанов 72 жасында дүниеден озды). // Ардагер-Ветеран. – 2021. - 28 қаңтар. - 8 б.
  19. Рамазанов Бәкібай Рамазанұлы (1949-2020): (2021 жылдың 20 қаңтарында Ақтоғай ауданының Құрметті азаматы, облыстық ардагерлер кеңесінің мүшесі, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Бәкібай Рамазанұлы Рамазанов 72 жасында дүниеден озды) // SARYARQA SAMALY. – 2021. - 26 қаңтар. - 7 б.
  20. Жазушы аға - жетелі жаста : (журналист, ҚР Журналистер одағының мүшесі, Ақтоғай ауданының Құрметті азаматы Бәкібай Рамазанұлының туғанына - 70 жыл) // Ардагер-Ветеран. – 2019. - 10 қаңтар. - 1 б.
  21. Қыздарбек Е. Бәріне ризашылықпен қараймын: (журналист, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Ақтоғай ауданының Құрметті азаматы Бәкібай Рамазановтың кезекті кітабының тұсаукесері өтті) // Сарыарқа самалы. – 2016. - 7 қаңтар. - 18 б.
  22. Савчук Г. Делегат первого съезда: [о партийном деятеле Б.Р. Рамазанове] // Звезда Прииртышья. – 2019. - 9 февраля. - С. 9
  23. Шаяхметов А. Со "Звездочкой" по жизни: [о ветеране труда, журналисте Б. Рамазанове] // Звезда Прииртышья. – 2018. - 20 декабря. - С. 15

ІС-ШАРАЛАР АФИШАСЫ

Барлық оқиғалар

Маңызды ақпарат

© 2006—2021 Павлодар облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Ақтоғай ауданының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі. Барлық құқықтар сақталған