КГУ

         

Бүгінгі жастар елдің болашағы екеніне бәріміз кәміл сенімдіміз. Бүгінгі жастарымыз бәрін біліп, көріп, үлгергісі келеді. Олардың эмоциялық ахуалдары жоғары деңгейде болады. Ер балалар қаһармандық ерлік туралы кітаптарды ұнатса, жасөспірім қыз балаларға махаббат, романтика жайындағы кітаптар өте ұнайды.Осы мақсатты негізге ала отыра, Ақтоғай аудандық кітапханасы кезекті кешкі кітапханада «Жетістікке жеткізетін он кітап» тақырыбында жастарды жинады. Жас ұрпақ назарына 10 ең сүйіп оқитын кітаптар ұсынылып, шолу жасалды.
Д.Кехо «Деньги, успех и вы», Л.Хей «Настройся на здоровую жизнь», А.Аманбаев «Хобби и деньги», В.Дмитриева «Это же любовь», К.Омаров «Откровение мужчины», «Привет, меня зовут Лон», П.Коэльо «Хиппи», Д.Макмахон «Обещай, что никому не скажешь», П.Раков «На самом деле я умная», И.Ли «Добрее одиночества» атты кітаптар арқылы өскелең ұрпақ дүниетанымдарын кеңейтуге, эстетикалық ләззат алуға, оқығандарын дұрыс бағалай алуға, өмірде, еңбекте, оқуда, кітапты пайдалануға баулып, қазіргі заманға сай білімді, мәдениетті, өнерлі болады деген сенімдеміз.

ІС-ШАРАЛАР АФИШАСЫ

Барлық оқиғалар

Маңызды ақпарат

© 2006—2021 Павлодар облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Ақтоғай ауданының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі. Барлық құқықтар сақталған