КГУ

 

Жақсылық жасаудан жалықпа (Дөңгелек үстел)

Қазақстанда 9 қазан күні «Қайырымды істер марафоны» жалпыұлттық жобасы аясында ұйымдастырылған Жақсылық пен мейірімділік күні мерекесі өткізілуде. Қазақтың жақсы қасиеттерінің асылы – жомарттық, кең пейілділік. Ол адамға қызмет қылып, жақсылық жасауға пейілді жанға тән сипат. Жомарт болу - өзіңде барды зәру адаммен шын жүректен бөлісу.
Әрбір адам баласы бір біріне жақсылық жасайтыны сөзсіз. Неғұрлым көбірек жасаса, сауап болады. Кез-келген адамды жасына қарай силап,ізет көрсетудің өзі де үлкен жанға көрсетілген жақсылықтың бір үлесі деген ұғыммен жас ұрпақтың бойына адамгершілік, ізгілік, қамқорлық, қайырымдылық сияқты асыл қасиеттерді дарыту мақсатында Ақтоғай орталық кітапханасында «Нұр-Ана әлемі» қоғамдық бірлестігінің Ақтоғай аудандық филиалы мүшелерінің қатысуымен «Жақсылық жасаудан жалықпа» атты дөңгелек үстел өті.
Жақсылық дегенде,кез-келген адамның қуанышты күлкісі езуіне келіп,тек жақсы жағдайлар мен жақсы істерді, жақсы сөздерді ойлайтыны рас. Жақсылық-адамның көңілін көтеріп,қуанышқа бөлейтін әсерлі сәттердің бірі.
Үлкен болсын, кіші болсын жақсы сөздер айтып,қолдан келген көмекті аямай,әрқашанда қолдау көрсету керек. Жиналған қонақтар әрдайым осындай игі істерді атқарып, көптеген өткізілген іс-шаралары жақсылыққа толы болып, өздерінің осы жақсы істерімен, дөңгелек үстел басында бөлісіп, өсіп келе жатқан ұрпақтарға өсиеттерін айтумен жалғасын тапты.
“Жақсылық отқа күймес, суға батпас,
  Гауҝар тас жарық қылмай жерде жатпас,
 Қолдан келсе етіңіз жақсылықты,
Жақсылықты еткендер жаман таппас”.
деген қасиетті сөздермен іс-шара өз мәресіне жетті.

ІС-ШАРАЛАР АФИШАСЫ

Барлық оқиғалар

Маңызды ақпарат

© 2006—2021 Павлодар облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Ақтоғай ауданының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі. Барлық құқықтар сақталған