КГУ

https://youtu.be/QG3mdqg7BGE 

Ақтоғай орталық кітапханасында патриоттық сезім ояту мақсатында "Жаңа Қазақстан-тәуелсіздік тірегі» атты үлкен кең көлемді кітап көрмесінде биылғы Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің ресми бекітілгеніне 30 жыл толғанына орай мемлекеттік рәміздердің шығу тарихына, оған қатысты қызықты оқиғаларға, сонымен қоса әлем елдеріндегі мемлекеттік символдардың қалай қорғалатыны жөнінде материал дайындалып безендірілген.
2022 жыл-Балалар жылы деп жарияланып, кітап көрмесінде балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі конвенция баптары берілген. Ұлтымыздың құндылықтарын дәріптеп, жас жеткіншектерге жеткізу мақсатында «Қазақ халқының салт-дәстүрлері» атты кітап көрмесі безендіріліп, көрмедегі Құрманғазы, Дәулеткерей, Тәттімбет пен Дина сынды атақты күйшілер туралы және дәстүрлі қазақ өнерімен халықты сусындатып жүрген өнер тарландары туралы әдебиеттер қойылған.

ІС-ШАРАЛАР АФИШАСЫ

Барлық оқиғалар

Маңызды ақпарат

© 2006—2021 Павлодар облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Ақтоғай ауданының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі. Барлық құқықтар сақталған