КГУ

 

Сыбайлас жемқорлықтың себептері мен деректері (әңгіме)

Қоғамның әр-түрлі орталарындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын – алу, профилактикалық жұмыстарын насихаттау, құқықтық мағлұмат беру мақсатында Ақтоғай орталық кітапханасында жастардың ресурстық орталығының директоры Ж.М. Нұрахметованың қатысуымен ЗУМ режимінде «Сыбайлас жемқорлықтың себептері мен деректері» атты әңгіме өтті. Шара спикері Ж. Нұрахметова сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға қатысуы, себептері мен деректері, халықтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқықтық сауаттылығын арттыру жөнінде айтты.
Онлайн қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрудың басты құралы әрбір азаматтың осы процеске қатысуы болып табылады деген пікірде болды, өйткені сыбайлас жемқорлықтың деңгейін бұқаралық күш-жігермен ғана төмендетуге болады. Іс-шара барысында қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға нақты жауаптар берілді.

ІС-ШАРАЛАР АФИШАСЫ

Барлық оқиғалар

Маңызды ақпарат

© 2006—2021 Павлодар облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Ақтоғай ауданының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі. Барлық құқықтар сақталған