КГУ

https://youtu.be/extMuZBan2c 

Сіздер үшін- жаңа кітаптар жауыны (жаңа кітап көрмесі)

Оқырмандарға жаңа түскен кітаптарды кеңінен насихаттау, әр оқырманға жеке дара ұсыну мақсатында Ақтоғай аудандық кітапхана «Сіздер үшін- жаңа кітаптар жауыны» атты кітап көрмесін ұсынды.
Заман талабы өзгерген сайын, адамдар да дами бастайды. Қазіргі таңда көзі ашық, көкірегі ояу адамдар да аз емес. Бірақ, осы деңгейге жету үшін тынбай білім алып, көп оқу керек. Ұлы Абай  айтқандай, түйсігі бар әрбір адамдар үшін ғылым мен білімнің қайнар көзі кітапта. Әрине, білім алу, оқу,үйрену дегенде сөзсіз ойымызға кітапхана шаңырағы келеді. Кітапхана қоры ағымдағы жылдың 4 тоқсанында жаңа кітаптармен толығып, оқырмандарға жол тапты.
Ұсынылып отырған кітаптардың қатарынан педагогика және психология саласы, орыс және шетел әдебиеттері, әлемдік бестселлерлер, шытырман оқиғалар,тарихи романдар т.б  әдебиеттер көрменің сәнін айшықтандыра түсті.

ІС-ШАРАЛАР АФИШАСЫ

Барлық оқиғалар

Маңызды ақпарат

© 2006—2021 Павлодар облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Ақтоғай ауданының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі. Барлық құқықтар сақталған