КГУ

 

Ақ жаулықты ардақты аналардың жүзіне қуаныш ұялату мен мерекелік көңіл-күй сыйлау мақсатында Ақтоғай аудандық кітапханасында көктемнің жайма-шуақ күнімен қатар келетін Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында аудан әкімі Қаршыға Зәлмұқанұлы Арынов әр салада еңбек ететін, алтын құрсақты аналарды қабылдап,  құрмет көрсетті. Қаршыға Зәлмұқанұлы ардақты да аяулы аналарды мейірім мен сүйіспеншіліктің мерекесі 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күнімен құттықтап, жүрекжарды тілегін жеткізіп, аналарға гүл шоқтарын тарту етті. Сөз тізгіні аналарға да беріліп, олар мерекелік көңіл-күй сыйлап, жылы құттықтауларын арнаған жандарға алғысын білдірді. Еркін форматта ұйымдастырылған кеште, дөңгелек үстел басында, шай іше отыра, аналық ақ жарма тілектерін арнап, естеліктерімен бөлісті. Кеш барысында ақ тілектер ағылып, мерекелік құттықтаулар тек қана аналарға айтылып, Мәдениет үйінің көркемөнерпаздарының орындауында әсем әннің барлығы аяулы аналарға арналды.

ІС-ШАРАЛАР АФИШАСЫ

Барлық оқиғалар

Маңызды ақпарат

© 2006—2021 Павлодар облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Ақтоғай ауданының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі. Барлық құқықтар сақталған