"Жас жалын" клубы Қожамжар ауылдық кітапханасы

24.11.2021

"Жас жалын" клубы Қожамжар ауылдық кітапханасы

Төлқұжат

  1. Ауылдық округ атауы: Қожамжар ауылдық округі;
  2. Кітапхана атауы: Қожамжар ауылдық кітапханасы;
  3. Мекен-жайы: Ақтоғай ауданы, Қожамжар ауылы;
  4. Клубтың атауы: "Жас жалын;
  5. Кітапхананың телефон номері: жоқ;
  6. Клубтың құрылған жылы: 2014 жыл;
  7. Клубтың мақсаты (бірлестік): Ақын, жазушылардың өмірбаяндары мен шығармаларын насихаттау;
  8. Клубтың үраны, әнұраны: "Мәңгілік елдің ұраны-мызғымас бірлік";
  9. Оқырман санаты: Ауыл тұрғындары, оқырмандар, оқушылар;
  10. Сабақтардың кезедсулер күні тұрақтылығы: Жұма күндері;
  11. Қатысушылар саны: 10.

"Жас жалын" клубы туралы ЕРЕЖЕ

І. Жалпы ережелер.

   1.1. "Жас жалын" клубы ауыл тұрғындарына ақпаратты білімді, мәдени құндылықтарды нығайтудағы орталық ретінде дамыту және бос уақытты тиімді пайдалану мақсатында ерікті негізінде ауылдың тұрғындарын біріктіру.

   1.2. Ауыл тұрғындарына білікті кеңес беру.

  • Тұрғындардың бос уақытын және демалысын ұйымдастыру үшін құрылған.

   1.3. Барлық іс-шаралар клубқа тұрғындардың ашықтық және еркін бару принципінде ұйымдастырылады. Клубқа кіретін тұрғындар қабылданған бағдарлама негізінде жұмыс істейді.

   1.4. Клуб өз міндетінде клубқа баратын тұрғындардың мүддесін басшылыққа алады.

ІІ. Клубқа қатысушылар.

   2.1. Клубқа қатысушылар:

  • Әртүрлі жастағы ауыл тұрғындары, оның ішінде оқушылар.

   2.2. Клуб отырысына еркін бару және міндеттерді іске асыру.

Мақсаты:

  1. Балалардың бос уақытын ұйымдастыру.
  2. Салауатты өмір салтын нығайту.
  3. Мәдени-ағарту бағыттары бойынша іс-шаралар топтамасын өткізу.
  4. Көркем әдебиет туындыларын оқу, талқылау сағаттарын жүргізу.
  5. Халқымыздың салт-дәстүрін дәріптеу.

   Клубтың ұраны: "Мәңгілік елдің ұраны-мызғымкас бірлік".

Клуб тарихы

   "Жас жалын" клубы 2014 жылы 25 қазанында құрылып, жұмыс жоспары жасалды. Клубтың мүшелері әр түрлі мерекелік шараларға қатысып, өлең шығарады, ән айтады, би билейді, қабырға газетін шығарады.Даталы күндерге арналған түрлі шараларға дайындалып. сапалы түрде өткізеді.

Кітап оқуға баулу

   Кітап оқу баланың ой-өрісін кеңейтеді, ойлауға үйретеді, сөйлеу қабілетн, есте сақтауын, қиялын дамытады, танымдық және дамытушылық қызметін анықтайды. Баланы кітап оқуға көбірек баулу және пайдалы оқу үшін, ең басты балаларға кітапты сүюге көмектесіп, алдын ала бос уақытында оқитын кітаптарының тізімін белгілеп, оны ата-анасы өздері ұсынуға болады. Баланы жас кезінен кітапты құрметтеуге және оны күтіп ұстауға баулыған жөн. Сондай-ақ, білімнің бір көзі-балалар басылымы.

   Оқыған кітабының ішінде түсінбеген сөзді не мақал-мәтелдерді, не дәйексөздерді теріп жазып алуға арнайы дәптер аштыру керек. Осыдан келіп ол баланың еңбектеуге құлшынысы туады, зейіні артады, талғамы өседі, көп оқуға тырысады.

Қызметінің бағыттары:

  • Кітапхана ісі туралы ережелерді және әрбір қызметкердің жеке міндеттерінің орындалуын қадағалау, тексеру;
  • Кітаптарды насихаттаудың және оқуға басшылық жасаудың теориялық дәрежесін арттыру;
  • Кітапхана қорларының өзекті мәселелерімен жұмыс жасау.

Құқықтары мен міндеттері:

  • Клуб ережесін сақтау;
  • Клубтың басқа да мүшелерінің құқықтары мен заңды мүдделерін құрметтеу;
  • Клубтың жұмысына мүмкіндігінше қатысу;
  • Клубтың жұмысына еркін қатысу;
  • Клуб отырысын өткізу және ұйымдастыру;
  • Клуб қызметімен байланысты мәселелер бойынша ұсыныстар, ескертулер енгізу.

Мекемелер мен басқару тәртібі:

  • Кітапхана озық, жаңа тәжірбие жұмыстарының түрлерін енгізу;
  • Кітапханалық библиографиялық жұмыстарға басшылық жасау;
  • Қызығушылар клубтарының ережесі мен жаңа жобалардың бағдарламасын жасауға көмектесу;
  • Шұғыл жоспарлар жасау;
  • Іс-шаралардың сценарийлерін жазып, өткізілуін ұйымдастыру.

Клубтың қызметің тоқтату

  Клубтың қызметі клуб қатарындағы немесе ауыл кітапханашысының бастамашы тобы мүшелерінің ұсынысы бойынша Клубтың жалпы жиналысының шешімімен тоқтатылады.

Маңызды ақпарат

© 2006—2021 Павлодар облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Ақтоғай ауданының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі. Барлық құқықтар сақталған