"Жас толқын" клубы Әбжан ауылдық кітапханасы

04.11.2021

"Жас толқын" клубы Әбжан ауылдық кітапханасы

Төлқұжат 

 

  1. Ауылдық округ атауы: Мүткенов ауылдық округы;
  2. Кітапхана атауы: Әбжан ауылдық кітапханасы;
  3. Мекен-жайы: Әбжан ауылы;
  4. Клубтың атауы: "Жас толқын";
  5. Клубтың құрылған жылы: 2011 жыл;
  6. Клубтың мақсаты (бірлестік): жас ұрпақтың ұлттық сана сезімін, қоғамдық саяси ой-өрісін дамыту, ойлау, сөйлеу қабілетін шындау, туған жерге, еліне, ата-анаға деген сүйіспеншілігін, рухани байлығын арттыру, шешендік өрісін кеңейту.;
  7. Клубтың ұраны, әнұраны: "Біз жазбаймыз өлеңді ермек үшін...";
  8. Оқырман санаты: 2 сыныптан бастап студенттерге дейін;
  9. Сабақтардың кездесулер күні тұрақтылығы: екі айда 1 рет;

 

"Жас толқын" клубы туралы Ереже

І. Жалпы ережелер.

  1.1. Оқырмандардың бос уақытын тиімді пайдалану;

  1.2. Тілге қүрметпен қарау;

 1.3. Жерлестеріміз: Естай Беркімбайұлы, Қабдікәрім Ыдырысов, Қимадиден Нығыманов ақындрдың жолын жалғастыру:

  1.4. Жазушы-ақындардың шығармашылығын дәріптеу;

  1.5. Кітапханада өтетін әр шараға өз үлесін қосу.

ІІ. Клубқа қатысушылар.

   2.1. Мектеп оқушылар және студенттер;

  2.2. Клубқа кіру үшін сауалнама-өтініш толтырулар қажет, 2-ден кем емес клуб отырысына еркін бару және жобаларды іске асыруға қатысу.

ІІІ. Клубтың мақсаттары мен міндеттері.

   3.1. клубтың мақсаты:

  • жас оқырмандарды өлең жазуға баулу, салт-дәстүрімізді дәріптеуге тәрбиелеу,патриоттық сана қалыптастыру;

   3.2. Клубтың міндеттері:

  • жас ақындарды алаңдатқан мәселе төңірегінде ой қозғау;
  • оларға кітапханалық-ақпараттық қызмет көрсету;
  • ақын-жазушылардың шығармашылықтарымен таныстыру, ой-өрісін кеңейту.

IV. Қызметінің бағыттары.

   4.1. Клуб қойылған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу үшін өткізеді:

  • қазақ тілі, қазақ әдебиеті мұғалімдерімен кездесіп, олардан ақыл-кеңес алу;
  • бос уақыттағы іс-шаралар, байқаулар, экскурсиялар және т.б.

V. Құқықтары мен міндеттері.

   5.1. Клуб мүшелері құқылы:

  • клубтың жұмысына еркін қатысу;
  • клуб қызметіне байланысты мәселелер бойынша ұсыныстар, ескертулер енгізу;
  • клубтың нышандары мен рәміздерін пайдалану.

   5.2. Клуб мүшелері міндетті:

  • клуб туралы ереже сақтау;
  • клубтың басқа да мүшелерінің құқықтары мен заңды мүдделерін құрметтеу;
  • клубтың жұмысына мүмкіндігінше қатысу;
  • клубтың отырысын өткізу және ұйымдастыру.

VI. Мекемелер мен басқару тәртібі:

    6.1. Жоғары басқаур мекемесі клуб мүшелерінің жалпы жиналысы болып табылады. Клубтың жалпы жиналысының құзыретіне келесі сұрақтарды шешу жатады:

  • клуб туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізу;
  • клуб жұмысының есептерін тыңдау және бағалау;
  • клуб қызметінің басым бағыттарын айқындау;
  • клубтың қызметін тоқтату.

VII. Клубтың қызметін тоқтату.

    Клубтың қызметі клуб қатарындағы немесе ауыл кітапханашысының бастамашы тобы мүшелерінің ұсынысы бойынша клубтың жалпы жиналысының шешімімен тоқтатылады.

VIII. Клубтың қызмет орны.

    Клуб қатысушылары, кемінде екі айда бір рет Әбжан ауылдық кітапханасында жиналады.

 

Маңызды ақпарат

© 2006—2021 Павлодар облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Ақтоғай ауданының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі. Барлық құқықтар сақталған