"ТТТ (Талантылар, тапқырлар, талаптылар)" клубы

12.10.2021

"ТТТ (Талантылар, тапқырлар, талаптылар)" клубы

Баскамыс ауылдық кітапханасы

 

Біздің ұранымыз:

"Талантымыз, тапқырмыз,

Талаптанып жүреміз.

Өнеріміз жарасқан

"ТТТ" клубы боламыз" 

Жалпы ережелер

 "ТТТ (талантылар, тапқырлар, талаптылар)" клубтың туралы осы Ережесі (әрі қарай Ереже) клубтың негізгі қызметін үйлестіріп, реттейтін базалық құжаты болып табылады.

  Бұл Ереже клуб отырысында қарастырылып, клуб мүшелерінмен келісілді және оған қол қойған бастап күшіне енді.

  Ереже Шідерті орта мектебінде өткізілетін оқудан тыс және тәрбиелік жұмыстар щеңберіндегі Клубтың құрылымын, функцияларын және өкілеттілігін анықтайды.

 Клуб өз творчестволық және рухани қызығушылықтарын қанағаттандыру мақсатында клуб мүшелерінің қызығушылықтарының бірыңғайлығы негізінде ерікн түрде құрылған қоғамдық ұйым болып табылады.

  Клуб өз қызметін осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

  Қызығушылықтар бойынша Клубтың барлық жүмысы оның мүшелері мен жетекшісімен жүзеге асырылады.

  Клубтың атауы, эмблемасы, ұраны бар, бұлардың барлығы клубтың ортақ отырысында келісілген.

 Клуб әдеби және қоғамдық мерекелік шараларды ұйымдастырып, оған қатыса алады. Клуб отырысы 2 айда 1 реттен кем емес өткізіледі. Қызығушылылықтар бойынша Клубтың отырыстарының күндері отырысқа клубтың барлық мүшелерінің қатысу мүмкіндігі ескеріле отырып клуба жетекшісімен бекітіледі.

ІІ. Клубтың мақсаттары мен міндеттері

   Клубтың негізгі мақсаттары мен міндеттері:

Мақсаты: Оқушылардың ұлттық сана сезімін ояту, рухани ойлау дәрежесін, өзіндік қабілеттерін дамыту.

Міндеттері мен бағыттары:

  • оқушылардың бос уақытын ұйымдаствру мәселелерін шешу;
  • дарынды оқушыларды қолдау;
  • кітапханада өткізілетін көпшілік іс-шараларды ұйымдастыруға көмек жасау.

ІІІ. Клуб жұмысының тәртібі

  Клуб Кеңесі бір жылдық жұмыс жоспарын дайындап, оны барлық мүшелері мен қызығушылық танытқан тұлғаларға жеткізеді, алдағы шаралар туралы ақпаратты жариялайды.

IV. Клубқа ену тәртібі мен оның мүшелігінен айырылу

 Клубқа ену және одан шығу үшін ауызша арыз қажет.

V. Клуб мүшелерінің құқықтары

  Клуб мүшелері құқылы:

  •   Клубтың өткізілетін барлық шараларға қатысу;
  •   Клубтың біржылдық жоспарын дайындау мен талқылауға қатысуға;
  •   Клуб жұмысы мен жоспарындағы өзгерістер туралы ақпаратты уақытылы алуға;
  •   Клуб отырысында баяндама немесе хабарлама оқуға;
  •   Қажет болған жағдайда осы Ережені өзгерті немесе толықтыру туралы ұсыныстарды енгізуге;
  •   Клуб мүшелерінің құқықтары тең;
  •   Клубтың әрбір мүшесі Клубқа қатынасын немесе одан шығуын ерікті түрде шешуге құқылы.

VI. Клуб мүшелерінің міндеттері

  Клуб мүшелері міндетті:

  •   Клуб дамуында өз ниетін таныту, Клуб алдындағы мақсаттарды жүзеге асыруға белсенді қатысу;
  •   Клуб отырысына әрқашан да қатысу;
  •   Клуб отырысында қабылданған шешімдерді жүзеге асыру;
  •   Клубтың ережелері мен дәстүрлеріне бағыну.

VII. Клубтың басқару органдары

  Клубты басқару органдары: клуб жетекшісі мен клуб мүшелері қатырынан сайланған кеңес мүшелері болып табылады.

  Басқару органдары сондай-ақ Клуб жұмысының жоспарын әзерлеу және оның жұмысы туралы жылдық есебін дайындау міндеттерін атқарады. Клубты басқару органдары Клубтың мерекелік шараларын дайындау және өткізу жұмыстарын басқарады. Клубтың басқа клубтармен, қоғамдық ұйымдармен, оқу орындармен және т.б. қарым-қатынас кезінде Клубтың өкілі болып табылады.

VIII. Клубтың құжаттамасы

  Клуб туралы Ереже:

  • Клуб мүшелерінің тізімі;
  • Клубтың бір жылдық жұмыс жоспары;
  • Орындалған жұмыс туралы есептер;
  • Клубтың жоспарлы және жоспардан тыс отырыстардың хаттамалар;
  • Өткізілетін іс-шаралар туралы Ережелер.

ІХ. Клубтың орналасу орны

  Мекен-жайы: Павлодар облысы, Ақтоғай ауданы, Басқамыс ауылы, 1 Май көшесі 7, Басқамыс ауылдық кітапханасы.

Х. Қызығушылықтар бойынша Клубтың қызметінің тоқтатылуы

  Клуб қызметі клубтың жоюдың нақты себебін түсіндіре отырып ортақ жиналыстың шешімімен клуб мүшелерін алдын-ала ескерте отырып тоқтатылады.

Маңызды ақпарат

© 2006—2021 Павлодар облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Ақтоғай ауданының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі. Барлық құқықтар сақталған