Өлкетану-рухани тәрбие көзі "Жас қаламгер клубы"

06.10.2021

Өлкетану-рухани тәрбие көзі "Жас қаламгер клубы"

Ақтоғай ауданының орталық кітапханасының балалар әдебиет бөлімі

 

Клубтың мақсаты:

   Оқырмандардың бос уақытын өткізуге, қаламдарын ұштауға, олардың жалпы қаламгерлік қызығушылықтарын, талаптарын кеңейтуге көмек көрсету. Поэзияға құштар жастардың қызығушылығын арта түсу. Қазақстанның ақын-жазушыларының шығармаларын және өлең-өнердің қасиетті қазына-кітаптың бағалы мұрасын оқырмандарға насихаттау .

Клубтың ұраны:

    Кітап-досың, жолдасың

    Өмірдегі жол басшың,

    Жақын болсаң онымен,

    Жаман адам болмассың.

Клубтың жарғысы:

  • Туған халқының мәдениеті мен өнерін,
  • Әдебиетін жақсы білу. Анатілінің қадір-қасиетін ұғыну, қастерлеу.
  • Салт-дәстүр, әдет-ғұрпын жақсы білу айтыс, терме, жыр, ән өнерлерін білу.
  • "Туғанда дүние есігін ашады өлең, өлеңменен жер қойнына кірер денең" қағидасын енгізу.
  • Ұлттық сана, ұлттық мәдениет, ұлттық намысты жоғары ұстау.

Мекен-жайымыз:

Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, Ақтоғай ауданы, Ақтоғай ауылы, Қайырбаев көшесі, 92. Жұмыс телефоны: 8(71841) 21-3-91.

Маңызды ақпарат

© 2006—2021 Павлодар облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Ақтоғай ауданының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі. Барлық құқықтар сақталған