"Қиялдар әлемі" клубы Жаңабет ауылдық кітапханасы

23.11.2021

"Қиялдар әлемі" клубы Жаңабет ауылдық кітапханасы

Төлқұжат

  1. Ауылдық округ атауы: Ақтоғай ауданы, Жаңабет ауылы;
  2. Кітапхана атауы: Жаңабет ауылдық кітапханасы;
  3. Мекен-жайы: Ақтоғай ауданы, Жаңабет ауылы, Мектеп №11;
  4. Клубтың атауы: "Қиялдар әлемі" шебер қолдар клубы;
  5. Кітапхананың телефон нөмері: жоқ;
  6. Клубтың құрылған жылы: 2016;
  7. Клубтың мақсаты (бірлестік): үйірме арқылы пайдаланушыларды қолөнер түрлерімен таныстыра отырып, шығармашылыққа баулу, еңбекке қызығушылығы мен ой-өрісін кеңейту және ұлттық тәлім-тәрбиені бойына сіңіру, өнер саласындағы басылымдарды насихаттау;
  8. Клубтың ұрыны, әнұраны: "Өнерді қызықпасаң көре алмайсың, таспаны үйренбесең өре алмайсың"
  9. Оқырман санаты: ортаңғы топ;
  10. Сабақтардың кездесулер күні тұрақтылығы: екі айда бір рет;
  11. Қатысушылар саны: 12.

   Клубтың ұраны:

"Өнерді қызықпасаң көре алмайсың,

Таспаны үйренбесең өре алмайсың"

   Клуб мақсаты: үйірме арқылы пайдаланушыларды қолөнер түрлерімен таныстыра отырып, шығармашылыққа баулу, еңбекке қызығушылығы мен ой-өрсін кеңейту және ұлттық тәлім-тәрбиені бойына сіңіру, өнер саласындағы басылымдарды насихаттау.

   Клуб міндеті: 

  • жастарға сәндік-қолданбалы өнердің қыр-сырын үйрету;
  • халық шығармашылығына сүйіспеншілігін арттыру;
  • сәндік-қолданбалы өнер саласындағы әдебиеттерді таныстыру.

   Үйірме бағдарламасы: ілмек бізбен жұмыс, кесте тігу, тоқу, аппликация, бисермен жұмыс.

Клубы жарғысы

І. Жалпы ережелер.

  1.1. Клуб 2015 жылы 1 қазаннан қабілеті бар шығармашылықпен айналысатын ортанғы топтағы оқырмандардан құрылды. 

  1.2. Клуб мүшелері-жас ерекшеліктері әр деңгейдегі шығармашылықпен айналысатын талантты жастар бола алады.

  1.3. Клуб жұмысы қабылданған жарғыға сай атқарылады.

  1.4. Клуб кеңесінің төрағасы сайланады.

  1.5. Клуб кеңесінің мүшелері сайланады.

  1.6. Клуб жұмысы клуб Кеңесінің басшылығымен клуб мүшелері арқылы іске асады.

  1.7. Клубтың жұмыс жоспары клуб кеңесінің мәжілісінде талқыланып, бекітіледі.

  1.8. Клуб Кеңесі бекітілген жқмыс жоспарының орындалуына жағдай жасап, жыл соңында клуб мүшелерімен жалпы жиналыс өткізіп, жүмыстың бір жылдық қорытындысын шығарады.

ІІ.Клубтың мақсаттары мен міндеттері.

  2.1. Талантты ортаңғы топтағы оқырмандардың сұраныстарын қанағаттандыруға көмектесу.

  2.2. Қол өнерді кеңінен насихаттау.

  2.3. Шығармашылықты жаңа бастағандарға көмек көрсету

  2.4. Өз жұмыстарын аймақаралық, облысқа жариялануына көмек көрсету.

  2.5. Бұқаралық ақпарат құрылдарында клубтың жұмысы туралы жариялау.

  2.6. Клубта көрме қорын жасау.

ІІІ. Клуб мүшелерінің құқықтары мен мндеттері.

  3.1. Жаңабет ауылдық кітапханасының осы Жарғыны қолдайтын кез келген оқырманы клуб мүшесі бола алады.

  3.2. Клуб мүшелерінің мынадай құқықтары бар:

  • клуб жұмысына белсене қатысуға;
  • бөлім қоры туралы толық ақпарат алуға;
  • клуб жұмысын жоспарлауға қатысуға және ұсыныстар енгізуге;
  • клуб Кеңесіне ұсынылуға және сайлануға.

  3.3. Клуб мүшелері мынаған міндетті:

  • клуб қызметіне белсене қатысуға;
  • кітапхана мен клубтың беделін көтеруге тырысуға;
  • көпшілік шараларды ұйымдастыруға көмектесуге.

Клуб ережесі

І. Жалпы ережелер.

  1.1. "Қиялдар әлемі" шебер қолдар клубы Жаңабет ауылында шығармашылықпен айналысатын барлық адамдарды біріктіретін бірлестік болып саналады.

  1.2. Клубтың барлық жұмысы клуб Кеңесі сайлаған басшымен, оның мүшелерінің кең бастамашылығымен жүзеге асады.

  1.3. Клуб мүшелерінің саны 10 адам және одан да көп бола алады.

  1.4. Клуб Кеңесі клубтың жоспарын талдайды және бекітеді, жылдың аяғында эұмыстың жылдық қорытындысын шығарады.

  1.5. Нақты жағдайларды ескере отыра, клуб осы Ереженің негізінде өзінің Жарғысын құрастырады.

ІІ. Клуб жұмысының басты бағыттары.

  2.1. Қол өнерді насихаттау.

  2.2. Клубтың жалпы қызығушылықтары бірдей адамдардың бір-бірімен кездесетін жері қылу керек.

  2.3. Клуб мүшелерінің жұмыстарын талдау және тәжірибелерімен алмасу.

  2.4. Жаңадан шығармашылықпен айналысуды бастаған жас оқырмандарға шығармашылық қабілеттерінің ашылуына мүмкіндік туғызу (клуб мүшелері).

  2.5. Олардың шығармашылық қызығушылығын дамытуға жағдай жасайтын мемлекеттік және қоғамдық ұйымдармен байланыс орнату. 

ІІІ. Жұмыс түрлері.

  3.1. Жыл сайын "Шебер қолдар" байқауын өткізу.

  3.2. Клубты насихаттау үшін Бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалану.

Маңызды ақпарат

© 2006—2021 Павлодар облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Ақтоғай ауданының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі. Барлық құқықтар сақталған