"Болашақ" клубы Шолақсор ауылдық кітапханасы

24.11.2021

"Болашақ" клубы Шолақсор ауылдық кітапханасы

Клубтың төлқұжаты

  1. Ауылдық округ атауы: Жалаулы ауылдық округі;
  2. Кітапхана атауы: Шолақсор ауылдық кітапханасы;
  3. Мекен-жайы: Ақтоғай ауданы, Шолақсор ауылы;
  4. Клубтың атауы: "Болашақ";
  5. Кітапхананың телефон нөмірі: 8(71842)29-3-03
  6. Клубтың құрылған жылы: 2016;
  7. Клубтың мақсаты (бірлестік): 1) Балалардың туған елі мен жеріне, тарихына және ана тіліне деген сүйіспеншілігін ояту; 2) Балалардың қоғамдық мәдени-ағартудағы белсенділіктерін, таным деңгейлерін және шығармашлылық қабілеттерін арттыру.;
  8. Клубтың ұраны, әнұраны: "Болашақ бүгінен басталады";
  9. Оқырман санаты: 8-11 сынып;
  10. Сабақтардыңкездесулер күні тұрақтылығы: айына 1 рет;
  11. Қатысушылар саны: 13 адам.

"Болашақ" клубы туралы ЕРЕЖЕ

І. Жалпы ережелер.

   1.1. "Болашақ" клубы балалар мен ересектерге ақпараттық-анықтамалық көмек көрсетіп, бос уақытты тиімді өткізуі үшін ұйымдастырылған;

   1.2. Клуб:

  • Оқушыларға білікті кеңес беру;
  • Клубқа кіру үшін ауыл кітапханасының кітапханашысымен кеңесіп, сауалнама толтыруы қажет.

ІІ. Клубқа қатысушылар.

   2.1. Клубқа қатысушылар:

  • 8-11 сынып оқушылары.

ІІІ. клубтың мақсаты мен міндеттері.

   3.1. Клубтың мақсаты:

  • Балалардың туған елі мен жеріне, тарихына және ана тіліне деген сүйіспеншілігін ояту;
  • Балалардың қоғамдық мәдени-ағартудағы белсенділіктерін, таным деңгейлерін және шығармашылық қабілеттерін арттыру;

   3.2. Клубтың міндеті:

  • Балаларға Еліміздің болашағы туралы көптеген мәлімет беру. Елбасымыздың жолдауларымен алға қойылған мақсаттарымен таныстыру.

IV. Қызметінің бағыттары.

   Клубтың қойылған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу үшін өткізіледі:

  • Мұғалімдермен, ата-аналарымен, ауыл тұрғындарымен өткізілетін, еліміздің және бүкіл әлемнің болашағы туралы әңгімелер мен консультациялар;
  • Тренингтер, клубтық кездесулер;
  • Бос уақыттағы іс-шаралар, байқаулар, ойындар және т.б.

V. Құқықтары мен міндеттері.

    5.1. Клуб мүшелері құқылы:

  • Клубтың жұмысына еркін қатысу;
  • Клуб қызметімен байланысты мәселелер бойынша ұсыныстар, өзгерістер енгізу;

    5.2. Клуб мүшелері міндетті:

  • Клуб туралы ереже сақтау;
  • Клубтың басқа да мүшелерінің құқықтары мен заңды мүдделерін құрметтеу;
  • Клубтың жұмысына мүмкіндігінше қатысу, клуб отырысының жақсы өткізілуі үшін көмек көрсету.

VI. Мекемелер мен басқару тәртібі.

   Жоғарғы басқару мекемесі Клуб мүшелерінің жалпы жиналысы болып табылады. Клубтың жалпы жиналысының құдыретіне келесі сұрақтарды шешу болып табылады:

  • клуб туралы Ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізу;
  • клуб жұмысының есептерін тыңдау және бағалау;
  • клуб қызметінің басым бағыттарын айқындау;
  • клубтың қызметін тоқтату.

VII. Клубтың қызметін тоқтату.

   Клубтың қызметі клуб қатарындағынемесе ауыл кітапханашысының бастамашы тобы мүшелерінің ұсынысы бойынша клубтың жалпы жиналысының шешімімен тоқтатылады.

VIII. Клубтың қызмет орны.

   Клуб қатысушылары, кемінде айына 1 рет Шолақсор ауылының кітапханасында мына мекен жайы бойынша кездеседі: 8 наурыз көшесі.

"Болашақ" клубы

  1. Клубтың ұраны: "Болашақ бүгіннен басталады".
  2. Клуб жайлы: "Болашақ" клубы 20.04.2016 жылы құрылды. Болашақ клубы балалардың Еліміздегі болашақта болатын өзгерістерден хабардар болып, өздерінің еліміздің көркеюіне қандай үлес қоса алатындығын ойланып және осы елдің болашағы екендігін түсініп білу мақсатында құрылған.
  3. 8-11 сынып оқушылары және 3 мұғалім.

Клубтың міндеті:

   Балаларға Еліміздің болашағы туралы көптеген мәлімет беру. Елбасымыздың жолдауларымен алға қойылған мақсаттарымен танстыру.

Маңызды ақпарат

© 2006—2021 Павлодар облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Ақтоғай ауданының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі. Барлық құқықтар сақталған