"Ақбұлақ" клубы Жалаулы ауылдық кітапханасы

01.11.2021

"Ақбұлақ" клубы Жалаулы ауылдық кітапханасы

 

Клубтың ұраны: 

   Біздер бұрын көрмеген, 

   Салт-дәстүрім өлмеген.

   Үйренеміз дәріптеп

   Заманымда өрленген

Төлқұжат "Ақбұлақ" клубы

  1. Ауылдық округ атауы: Жалаулы ауылдық округі;
  2. Кітапхана атауы: Жалаулы ауылдық кітапханасы;
  3. Мекен-жайы: Павлодар облысы, Ақтоғай ауданы, Жалаулы ауылы;
  4. Клубтың атауы: "Ақбұлақ" клубы;
  5. Клубтың құрылған жылы: 2009 жыл;
  6. Клубтың мақсаты: Оқушылардың бойына қазақ халқының рухани байлығын сіңіру; Қазақ халқының саот-дәстүрлері жайлы білімдерін кеңейту; Ұлтымыздың дәстүрлерінен үлгі алу;
  7. Оқырман санаты: 6-8 сынып оқушылары;
  8. Сабақтардың кездесулер күні тұрақтылығы: 2 айда 1 рет;
  9. Қатысушылар саны: 10 оқушы.

"Ақбұлақ" клубы туралы Ереже

І. Жалпы ережелер.

  1.1. "Ақбұлақ" клубы-Қазақ халқының ұлттық дәстүрлерін және тарихын дәріптеу, ұғындыру, оны жас ұрпақтың санасына жеткізу мақсатында құрылған;

  1.2. Клуб:

  • жас оқырмандарға ұлттық дәстүрлер жайлы мол ақпарат беру;
  • ұлттық дәстүрлерді жас оқырмандар арасында кеңінен насихаттау мақсатында іс-шаралар өткізу;

ІІ. Клубқа қатысушылар.

  2.1. Клубқа қатысушылар:

  • 5-8 сынып оқушылар;
  • 11-15 жас аралығындағы мектеп оқушылары.

ІІІ. Клубтың мақсаттары мен міндеттер.

  3.1. Клубтың мақсаты:

  • тарихымызды терең ұғыну, ұлттық асыл мұраларымызды сақтау, ұлттық дәстүрлерімізді дәріптеу, ұлттық мәдениетімізді сақтау, жас оқырмандарды одан ғибрат алуға тәрбиелеу. Кітап оқуға деген қызығушылықтарын арттыру, кітап оқуға құмарландыру.
  • оқырмандармен тығыз байланыста болып, олардың көпшілік алдында өз ойларын еркін жеткізе білуге баулу.

  3.2. Клубтың міндеттері:

  • клубқа мүшелікке оқырмандарды таңдау;
  • мәдени іс-шаралар ұйымдастырып өткізу;
  • әдебиеттерді насихаттау;
  • кітап көрмелерін ұйымдастырып, жинақтау папкасын ашып, оған клуб мүшелерімен бірге материалдар жинақтау.

IV. Қызметінің бағыттары.

  4.1. Клуб қойылған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу үшін өткізеді.

  • клубтың кездесулер;
  • ұлттық дәстүрді насихаттайтын әртүрлі іс-шаралар;
  • сайыстар, викториналар, кештер, экскурсиялар т.б.

V. Құқықтары мен міндеттері.

  5.1. Клуб мүшелері құқылы:

  • клубтың жұмысына еркін қатысу;
  • клуб қызметімен байланысты мәселелер бойынша ұсыныстар, ескертулер енгізу;
  • клубтың нышандары мен рәміздерін пайдалану.

  5.2. Клуб мүшелері міндетті:

  • клуб туралы ереже сақтау;
  • клубтың басқа да мүшелерінің құқықтары мен заңды мүдделерін құрметтеу;
  • клубтың жұмысына мүмкіндігінше қатысу, клуб отырысын өткізу және ұйымдастыру.

VI. Мекемелер мен басқару тәртібі:

  6.1. Жоғары басқару мекемесі клуб мүшелерінің жалпы жиналысы болып табылады. Клубтвң жалпы жиналысының құзыретіне келесі сұрақтарды шешу жатады:

  • клуб туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізу;
  • клуб жұмысының есептерін тыңдау және бағалау;
  • клуб қызметінің басым бағыттарын айқындау;
  • клубтың қызметін тоқтату.

VII. Клубтың қызметін тоқтату.

  7.1. Клубтың қызметі клуб қатарындағы немесе ауыл кітапханашысының бастамашы тобы мүшелерінің ұсынысы бойынша клубтың жалпы жиналысының шешімімен тоқтатылады.

VIII. Клубтың қызмет орны.

  8.1. Клуб қатысушылары кемінде екі айда бір рет Жалаулы ауылының кітапханасында кездеседі.

Маңызды ақпарат

© 2006—2021 Павлодар облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Ақтоғай ауданының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі. Барлық құқықтар сақталған