«Туған жерім, Басқамыс, жарқырай бер, жайнай бер!»

17.04.2023

«Туған жерім, Басқамыс, жарқырай бер, жайнай бер!»

   Туған жердің - жері де көрікті, елі де мықты!                                      Жүрегімді баураған туған жер!

       

   Құшағынан аумаған туған жер!

       

  Басқамыс ауылы Ақтоғай ауданының елді-мекені. Ақтоғай ауданының батысында орналасқан. Екібастұз және Ақсу аудандарымен шектеседі. Павлодар қаласына дейін 190, Екібастұз қаласына дейін 90 және Ақтоғай аудан орталығына дейін 76 шақырым.

   1954 жылы Коммунистік партияның және совет үкіметінің шешімі бойынша» Шідерті» совхозы құрылды. Ең алғаш бұл қыр төсыне Ресейдің Тула облысынан тың игерушілер келіп қоныстанған. Кезінде алуан ұлт өкілдері қоныстанған құтты мекен болды. Ақкөл совхозы жерінен үлес алып, 30 жылдық Қазақстан колхозы және мемлекеттік жер қорынан да үлес алып, бой көтерген іргелі шаруашылыққа айналды. Шаруашылыққа пайдаланатын 91,724 гектар жер, соның ішінде ауылшаруашылыққа-86,949 гектар, егістікке-27,919 гектар, жайылымға-55,394 гектар жер болды

   Бірінші күннен бастап шаруашылық саласы дамыды, егін шаруашылығы, ірі қара мал  шаруашылығы, қой шаруашылығы. Шідерті совхозында мемлекетке жоғары сапада ет тапсыру жоспарларын орындаған. Сонымен бірге тері, сүт өнімдерін мемлекетке тапсыруда үлкен көрсеткіштер көрсеткен.

    Шідерті совхозында бірнеше жайылымдар болды. Онда 3,435 ірі қара мал, 12,143 қой, 345 жылқы болды. Мал кешендері, МТМ, гараж, кормоцех, қой қырқатын база, қой жуындыратын себезгілер, асхана, жанармай құю станциясы, ұн тартатын орындар  болды.

   Совхозда орта мектеп 380 бала болған және  балабақша 55 орынға шағындалған. Мәдениет үйі, дүкендер, екі қабатты  аурухана, наубайхана, ауылдық кітапхана т.б. жұмыс істеді.

   Бүгінгі күні Басқамыс  ауылында 1 негізгі мектеп ауыл оқушыларын тәрбиелеуде, мектепте «Балдырған» шағын орталығы, ауылдық кітапхана, клуб, дәрігерлік пункт, ветеринарлық пункт,  КБМ 18 шаруа және фермерлік қожалықтары жұмыс істейді. Халық саны 202 адам.

   

    

    

   

    

   

   

    

   

Маңызды ақпарат

© 2006—2021 Павлодар облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Ақтоғай ауданының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі. Барлық құқықтар сақталған