Қожамжар ауылының тарихы

22.12.2021

Қожамжар ауылының тарихы

   Қожамжар ауылы-Ақтоғай ауданына қарасты елді мекен. Облыс орталығы-Павлодардан Солтүстік Батысқа қарай 125 шақырымда, аудан орталығы Ақтоғайдан Солтүстік Батысқа қарай 9 шақырымда, Ертістің сол жағалауына орналасқан. Бұрынғы "Рассвет" совхозының орталығы. Бұл совхоз 1962 жылы К. Маркс, 10 жылдық Қазақ ССРы совхоздары жерлестерінен үлес алып, бой көтерген.

  Қожамжар селолық  округіне Қожамжар ауылы, Жамбыл, Қайран, Қараой секілді елді мекендер жатады. Ұлы Отан соғысында мерт болған жерлестер құрметіне жұрті биік ескерткіш орнатқан. Жанда Тіленшинге бюст орнатылып, орта мектепке бұл тұлғаның есімі берілген (1967). Осы өңір топырағында тупы, Ұлы Отан соғысы жылдарында елін қорғаған, соғыстан кеән бейбіт жылдарда совхоз шаурашылығын оркендетуге мол үлес қосқан тұлғалар аз болмаған. Солардың біразын атар болсақ: Литвинов Петр, Исин Естай, Мұқашев Мендібай, Қонжанов Сағит, Букетов Хасен, Уашкенов Гельман, Коньяков Иван, Мусин Аманжол, Мухамеджанов Адам, Марьина Валентина, Бекбауов Қаби, Әубакиров Қорсан және т.б. Бұл енді мекенде тұрып, ұзақ жылдар совхоз шаурашылығын өркендетуге еңбек сіңірген адамдар көп болатын. Соның кейбірейлерін атап кетуді жөң көрдік. Ағайынды Ысқақа және Амантай Ибраевтар "Еңбек қызыл ту" орденінің игері, Мұхамеджанов Адам-шопан, социалистік жарыстардың жеңімпазы (1976-79), 1981 жылы облыстық ең таңдаулы шопаны атағын алды және басқалардың осы совхозға көп еңбегі сіңді, олардың жолы-жастарға үлгі-өнеге. ауған жерінде әскери тапсырманы орындау кезінде-өзінің интернационалдық борышына адал атқару үстінде 1987 жылдың тамыз айында жерлесіміз Аслан Мағаулов 19 жасында қаза табады. Осы ерлік үшін "Қызыл жұлдыз" орденімен наградталды. Имандылыққа, адамгершілікке шақыратын дінімізге көзғарастың өзгеруі қазақты қуантып отыр. Қазір жер-жерге мешіт салу мәселесі шешіліп жатыр. Өшкен шырақты қайта тұтату ата-бабамыздың алдындағы көп парыздың бірің өтегеңіміз. 1998 жылы "Бекбау-ата" мешітінің салынуына жанашырлық көрсеткен адамдар аз болған жоқ.

    Жастарымызды имандылыққа, мейірімді, қайырымды болуға тәрбиелеуге ұйытқы болатын орталық-Құдай үйі болмақ. Осы мешітте Аллаға құлшылық етіп, жастарға тәрбие беруге үлес қосқан Алдамдаров Құснияр, Асайынов Тұяқ, Оспанов Серіктерді атап өткен жөн болар. Сонымен бірге, осы мешіттің алғашқы имандары 1997 жылы Сакенов Оралбай, 2004 жылы Мұрат Серікбайұлы еңбек жасаған.

   Жастар болашағымыз дейтің болсақ, бұл игі әрекеттер солардың ертеңінің жарқын болуы үшін атқарылып жатқан шаралар. Қожамжар ауылдық округінің жер көлемі-65683 гектарды құрайды. Округ бойынша 346 аула бар.

   Тұрғындардың саны – 1470 адам. Мұның ішінде экономикалық тұрғыдан белсенділері-880 адам, жұмыспен қамтылғандар саны-349 адам, жұмыссыздар саны- 4 адам, зейнеткерлер-161, 1-111 топтағы мүгедектер-44 адамды құрап отыр. Бүгінгі таңда ауылдық округ жерінде 9 шаруа қожалығы әрекет етеді. Мұның біреу ғана егін шаруашылығымен, қалған 8-і бірынғай мал шаруашылығымен айналысқан. Округ бойынша 291 ауланың меншігінде 1987 ірі қара мал, мұның 897-сі сиыр, 2480-қой ешкі, 404-жылқы, 1473 құс бар 2011 жылменсалыстырғанда қара мал басы-3%-ке қой мен ешкі 2 %-ке өскен (2013-тың 1 қаңтарына). 2012 жылы «Бірлік» шаруа қожалығы мемлекеттік «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 4,5 миллион теңге несие алып, бұл қаражатқа 2 асыл тұқымды бұқа , 34 ірі қара мал сатып алып, өз шаруашылығын біршама дамытқан. Ірі қара мал мен қой ешкіге де бірынғай сәйкестендіру жүргізіліп, деректер қорына еңген. Төрт түлікті мал басына ветеринарлық-профилактикалық іс-шаралар да белгіленген график бойынша атқарылып, мал ұстайтын 52 ауылда қора-қопсыларына (1220 шаршы метрге) дезинфекция жасалған екен. 2012-2013 жылдың қыс айларына арналып жем-шөп те мал басына жетерліктей әзірленген болатын. Жеке кәсіпкерлік те заманталғамына сәйкес даму сатысына көтерілген. Надежда Александровна Македонскаяның 1998 жылдан бері ауыл тұрғындарына қызмет жасап тұрған сауда дүкенінен азық-түліктің алуан түрің сатып алуға болады. Жеке кәсіпкер Людмила Ивановна Марьина да шығын наубайхана ашып, тәуілік сайын жаңа піскен нанымен ауылдастарын риза еткен. Округте үй жихазын жасайтын цех (меншік иесі В.А. Бабаханова), шаштараз, авторезино жөндеу шеберханасы, мал өнімдерің жинау пункті секілді кәсіпшіліктер де бүгінгі таңда даму шағында. Қожамжар ауылдық округ құрамына Жамбыл, Қайран, Қараой секілді ірілі -ұсақты елді-мекендер енсе, жадырап жаз келгенде, бұл ауылдар жасыл желегімен, ақшанған үйлерімен де алыстан көз тартады. Округ  елді-мекендерінің көркеюніне Қожамжар ауылының тумасы, Павлодар электролиз зауытының вицепрезиденті Жұмабек Жөкенұлы Қамзиннің, «Резон» ЖШС, басшысы П.Н. Вырвинскийдің, Абызбай Адамовтың, тағы басқаларының жасап отырған қамқорлықтары да айтарлықтай.

   150 орындық  Мәдениет үйі, «Жөкен мен Күлянда асханасы, орта мектеп ғимараты, «Бекбау ата» мешітінің аулалары. Әсересе, жаз айларында ерекше сәнденіп, салтанатты тым жарасып кетеді. Өткен жылда ұжым, мекемелер аулаларына 350 түп көшет отырғызылып, күтімге алынса керек. Ж.Тіленшин атындағы орта мектеп пен Жамбыл негізгімектеп спорт залдары бүгінгі өскелен өмір талғамына сәйкестендіріле жарақатандырылып келеді.

   Жастардың жазғы спорт аланы да металл-кестемен қоршалып, сырланған. Орталық Мәдениет үйінен басқа да 2 ауылдық клуб өз іс- шараларын белгіленген жоспар-кесте бойынша жүргізеді екен. Округ жастары арасында волейбол, стридбол, шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ, кірдің тасын көтеру секілді спорт түрлерің дамып келеді. Спорттың осы түрлері бойынша аудан жастарының 20-шы жазғы спартакиядасында Қожамжарлықтар жүлделі 1-орынға көтерілген. Спортпен тұрақты тұрде мында 312 адам шұғылданаын көрінеді.

   Округ жеріңде 1 орта, 1негізгі, 2 бастауыш мектептен 235 шәкірт білім-тәрбие алған. Ж.Тіленшин атындағы орта мектеп, Жамбыл негізгі, Абай, Кубань бастауыш мектептері жанымнан 2 мен 5жас аралықтаррындағы бүлдіршіндерге арналып шағын-орталық ашылып, мемлекеттік «Балапан» бағдарламасы аясында әрекет етіп отыр. Мектеп компьютерленіп, оқытудын жаңа технологиялары бойынша да ұстаздар қауымы хал-халдерінше шәкірттеріне білім-тәрбие берген. Тіпті оқушылардың өзі галамторға шығып, өздеріне қажетті мәлеметткрді де таңдап алу дәрежесіне жетіскен. Интерактивті тақтамен де жұмыс жасауға балалар біршама төселген. Қожамжар дәргерлік амбулаториясы аудандағы байырғы медициналық мекемелердің біріненсаналады.

   Мұнда Ұлы Отан соғысы жылдарында,бұдан кейінде Эрна Ивановна Янцен сынды тамаша дәрігер ұзақ жылдар бойы қызмет жасап, жарық дүниеге асыққан талай нәрестенің «кіндік шешесі» атанған. Дәргерлік амбулатория мен ауыл медициналық пункттерінде тұрғындар денсаулығын сақтау жолында 8 медициналық қызметкер және 4 санитар еңбек етуге.

   Бұрынғыдай (өткен ғасырдың 90-шы жылдыдары), мемлекет тарапынан әулеметтік ақшалай көмек аламын деушілер мұнда тіптен де жоқ. Десек те, қамтылған, мүдегек, жалғыз іліктілер, көп балалы аналар баршылық.

   Мұндайларға қамқорлық акциясы аясында 410 мың теңгенің алуан мазмұндағы көмек қолдауы жасалған көрінеді. Ауылдық округ әкімшілігі тарапынан атқарылатың жұмыс тұрлері де сан қырлы. Бұл қызметтердің дені тұрғындардың әулеметтік тұрмыстық жағдайларын неғырлым түзеуге ғана бағытталған.

 Елім- алтын бесігім

   Қазақ халқының ұғымында «Елім- алтын бесігім» деген атпен естілген, қуанданда жүректі жай ететің,ренжіген шақта «уh» деген өкінішті сөзбен көкректен шығатын,адам баласының жадында жаттанбай-ақ жазылып қалған мағыналы да мәнді асыл сөз бар. Мұндай асыл сөзді құлай сүйген, алыста жүргенде тағатсыз аңсаған азамат ғана айта алады. Елінің топырағын қасиеттепбағалаған, елің елеген, зиялы азаматтарын ағалай білген, інілерің бағалай білген, дос жарынын жоғары санаған, жеңгелері мен апаларын желекке мінгізе білген ел азаматы ғана дәріптеп, қадірлей біледі. Сондықтан «Елім-алтын бесігім»деген адамды елі сыйлап, қадірлеп отырса, оңда оның ел құрметіне бөленгені.

   Сталин колхозын Сыздықов Бейсен кейіннен Жетімхан марқұмға тапсырып, Жамбыл бөлімшесін басқарған. Ел азаматынан басқарушылық қызметінде болған (Қожамжарда)-сол кісі. Мамандығы-зоотехник еді. Кейінен Рассвет совхозында бас экономист болды. Елге сыйлы, мінезі,таза азамат, еңбеққор, ауыл шаруашылығының қыр-сырын жақсы білді. Жетімхан да Жанабет ауылының тумасы болатын. Іскер басшы, ұйымдастырушылық қабілетің ел-жұрты да, аудан басшылығы да жоғары бағалады. Сталин колхозы–Рассвет совхозының негізі әрі құрамдас бөлігі ретінде кеткендіктен, Ж.Шарапиденов Чкалов совхозына директор болып ауысты. Жаңақұрылған Рассвет кеңшарын басқаруға Сүйіндік Мұстаин келді, елге сыйлы болып, ұзақжылдар қызмет атқарғаны аңық та еді.

   Қапжапаров Темен бұл совхозды он жылдан аса басқарды. Теменнің кезінде совхоз өмірінде бұрын-сонды тұрғызылмаған мәдени- әлеуметтік, тұрмысқа қажетті құрылыс обьектілер бой көтерді. Шаруашылықтың экономикасы дамыды, материалдық-техникалық базасы біршама нығайды. Өзінің дана ойымен ақыл парасат иесі атанып, елі сыйлаған, аталы сөзін тыңдатқан ақсақалдары болды. Самар, Есмұқан, Естай, Қамза, Епен, Мүрсалім, Хасен, Құсайын, Жекенайлар-елдегі бір ақылияттылық пен биік адами болмыстық өнегесіндей қариялар-тұғын. Бұлардын жүрген жұрістері, тұрған тұрыстарынаң өзі кейінгі жастарға сабақ, тәрбие мектебіндей болатын да тұратын.

   Есмұқан атамыз тоғай қорыған-қорықшы еді. Есағаң халыққа қатар тәртіп орнатып, орман соғайын қызғыша қорыса да, ел-жұртына сыйлы болды. Қарапайым адамға жағымды, сыйлы болумен қатар, үкіметтің дежұмысын абыроймен атқарды.

   Жекенай ақсақал-ел қамқоры аталды. «Жекенай жарынан» түсіп, сол кісінің қайығымен шөп шаппаған адам ауылда болған емес. «Әке көрген оқ жонар» демекші, тәлімімен өскен Жақсылық та марқұм туған ауылы қамын көп ойлап, қолынан келген көмегін жасап кетті. Совхоздан қалған екі вагонда жөндеп, той-дүман, өлім-жітімге байланысты жасалатын шаруаны тындыруға-әркімнің қолына беріп қойды. Вагон көпшілікке ас пісіріп, әзірлейтің көшпелі ас үйге айналды. Сол арба, бәлкім, 35 жыл болған шығар, халықтың бұл саладағы мұқтажын өтеп тұр. Әр мұның бүгінгі иесі Жақсылық марқұмның баласы-Бейбіт.

   Қариялық шақтың келесі бір буының Сазданның Қайыркеші, Сатыбайдың Қайыркеші, Адам әкем, Шәкібайдың Шамшидені, Ахметтің Жәкені, Мүрсәлімнің Жәпені, Бекбаудың Қабиы, Қани, Қабыршақ-бұлар ел тұтқасын ұстаған зиялы азаматтар еді. Бұл азаматтардың ел жұртты есімдерің толық атамай, Адамды-«Адекең» деп, Қабиді-«Қабаң» деп, Қаниді «Қанағаң» деген.

   Мұрат Қасанұлы, Сатау Шәріпов, Сәрсенбаев Шаяхмет, Шайхин Мұрат, Қанафия Асқаров, Әукенов Біләл, Қасенов Қайыржан секілді ұлы ұтаздардан тәлім-тәрбие алды ауыл жастары. Кейбірі ұстаздарының жолын қуып, ауыр да жауапты мамандыққа өмірлерін арнады. Қожамжардың жастары ғана емес, бұл тау-тұлғалары ауыл болып сыйлады. Шынайы «халық мұғалімі» болып еді бұлар. Сатау мұғалімнің алгебраның 7 формуласын үйреткенде, бұл формуланың авторы осы-мұғалімнің өзі шығар-ау деп те қабылдайтынбыз сабақ үстінде. Мұрат Қасанұлы Сабит Мұқановтың «Өмір мектебінің» кейбір үзінділерінжатқа айтатын. Осы кітаптың да авторы Мұрат Қасанұлы секілді көрініп, құлағымызға түйдектеле құйылатын. Мұрагерлерін-бесіктен бастап үйретіп, Құлагерлерін құлын кезінен баптаған есімдері естенкетпес мұғалімдеріміз еді бұлар.

   Елдің енсесің қарапайым жұмыстағы азаматтар биік көтеріп жүрді.Бәстемидің Қабидені, Қалидің Аманы, Құсайынның Жамбылы, Ағыбайдың Тоқсаны, Қамзаның Жөкені, Қайролласы (Кәушен), Доскеннің Амангелдісі, Асайынның Тұяғы, Марға, т.б. солкезендегі орта буын азаматтар тұғын. Бұлар 1936-1942 жылдарда туған тұлғалар. Бәрі де тың жерді игеругекелген украин, беларусь, орыс ұлты өкілдерімен қатар еңбек ете жұріп, қиындықтардың талайын ел намысы үшің бастан кешті.

   Жыл сайын егінорағының алдында өтетің аудандық спорттық сайыстарда Қожамжар жігіттері жүлдегер атанып, Рассвет атағын асқақтататын Тоқсан, Ескендір, Сайлау, Тұрлыбек, Жұмаш, Аманжол, Рамаш, Қуантай, Қауыстың Аманы, Озханның Қайкені, т.б. аудан бойынша өтетің спартакиядалардан маңдайлары жарқырап көрінетін. Ауыл балалары ұшқыш немесе темір жолшы боламын деп армандаймын. Мұндай мамандық иелері ауыл түгел, аудан көлемінде жоқ болатын. Ауыл жастары дәрігер, ұстаз, механизатор, дихан агроном, мал маманы болуды ойластыратын көбінде. Бұл мамандықтар бойынша да Қожамжар жерінен әйдіктер өсіп, тәрбиеленді.

   Өткен ғасырдан 80-ші жылдары шаруашылықтың 19 мың гектары еккен арпа-бидайы, 4 мың гектарлық жүгері-күнбағасы алқабы болатын. 5 мың гектар көп жылдық шөп, 6 мың гектар шабындық-жайылымдық жері, 14 мың бас қойы, 4 мыңдай қара  малы, 250-ге тарта жылқысы болған. Машина трактор паркі де ауыл  шаруашылығының жыл он екі ай бойғы  жұмыстарына сақадай–сай тұрып, әрі жыл сайын жаңа техника түрлерімен толығытын. Өкінішке орай, Рассвет кеншары ауданның Харьков, Жданов, Новотроицк, Чкалов совхоздарының алдына түсе алмайтын. Шаруашылықтың дәуірлеу кезені ала құла болды. Географиялық орналасу жағдайы экономикалық тұрғыда  ыңғайы болғанымен, «бір шатырдың астындағы» Жданов кеншары Рассветті үнемі артқа тастап отырды.

  Сталин совхозы өз заманында экономикасы дамыған, тіпті «миллионер колхоз» атанған  аудандағы алдынғы қатардағы шаруашылық еді.

  Қиқымов Хамитжан, Шарапиденов Жетімхан, Сыздықов Бейсендер бұл колхоздың өсіп өркендеуіне ікерлікпен басшылық жасаған. Рассвет совхозын 30 жыл ішінде Қожамжар жерінде туып өскен азаматтардың бір де бірінің басқармауы (директорлыққа тағайындалмауы) да шаруашылықтың қарқынды дамуына кері әсерін тигізген де анық болатұғын.

                               

 

 

 

   

   

   

   

1962 жылдан Рассвет совхозы еңбек ұжымын басқарған тұлғалар.

1. Совхоз директорлары:

Мұстафин Сүйіндік Әшімұлы;

Абдрахманов Ғизатулла Смағұлұлы;

Қапжапаров Темен Қапжапарұлы;

Қасымов Қадыр;

Машырыков Қаратай;

Әлмишев Ұлан;

Жаңқарин Тілек;

Кәрімов Абай.

2. Селолық кеңес төрағасы.

Бекбауов Қаби;

Кошевой Иван Григорьевич;

Курганов Леонид Иосифович;

Касенов Айтуған Қасенұлы;

Шефер Виктор Александрович;

Төлеубаев Мұса Төлеубайұлы;

Исин Асқар Естайұлы;

Ағамбаев Жасұлан Қаратайұлы;

Кәрімов Аманбай Болатұлы;

Алин ЖақсыбекТілеуқабылұлы;

Әубәкіров Бекмұхамед Камелұлы.

3. Жұмысшылар комитетінің төрағалары.

Хатьков Виктор;

Дерунов Василий Алексеевич;

Алханов Аманбай Есмұханұлы;

Жағыпаров Жасталап Фатқоллаұлы.

4. Комсомол комитетінің хатшылары.

Суслин Виктор;

Қамзина Қымбат;

Әлібекова Нағима;

Оспанова Ляззат;

Қамзин Жұмабек;

Әубакирова Көгершін;

Самарова Күлянда.

5. Совхоз, партком хатшылары.

Кошевой Иван Григорьевич;

Курганов Леонид Иосифович;

Қасенов Қайыржан Қасенұлы;

Дерунов Василий Алексеевич;

Горбатюк Василий Алексеевич;

Қасымов Қадыр Қасымұлы;

Алин Жасыбек Тілеуғабылұлы;

Газета «Пульс села», 2007г.

Қожамжар ауылынан 1928-1938 жылдараралығында «Халық жауы» ретіңде жазықсыз жазаланын,

кейіннен ақталғандар.

1. Асаинов Амен-Қызылағаш болысының хатшысы, Ертіс ауданы;

2. Айсақтың Арыны-ауатком аппараты қызметшісі;

3. Смайылдың Ақаны-Сталин колхозының басқарма төрағасы;

4. Қошқардың Қабышы-селолық кеңес бастығы;

5. Алханның Мәрдені-колхоз бастығының орынбасары;

6. Ағамбаев Аппақ-еңбек адамы- колхозшы;

7. Салықұлы Ақан-жылқы фермасының бастығы;

8. Ауғанбайдың Татыбай МТС гараж меңгерушісі,Сталин колхозы;

9. Шыңдауылдың Нұржаны 80 жаста, 1937 жылы тартылды, хабарсыз кетті;

10. Шопшының Баймұрыны-1928 жылы мал мүлкі тәркіленді, Қызылағаш болысы, №2 ауыл, қазіргі Жамбыл (Балбыл, Жәдік);

11. Мұстафаның Ахметі 1928 жылы мал мүлкі тәркіленді;

12. Мұтафаның  Асайыны-1928 жылы мал мүлкі кәмпескеленіп, Ресейге жер аударылді;

13. Асайынұлы Ыбырайым-мүлкі тәнкіленді;

14. Бәден (Берлібай);

15. Асайынұлы Нығмет Ресейге жер аударылды, мал мүлкі тәркіленді;

16. Ахметұлы Әбілжан-1929 сотталады, 7 жыл отырып, ақталып келді;

17. Қасқырбайұлы Ыбырайым-1929 жылы мал мүлкі тәркіленді;

18. Қасқырбай туысы Жаңтас-1929 жылы мал мүлкі тәркіленді;

19. Қайырбай әкесі Елтің-1937 жылы сотталды (ауылдық совет председателі болған);

20. Төрегельдинов Қайырбек-ауылда селолық кеңес төреғасы болған, 1937 жылы жазаланды;

21. Дәуленов Дойман–1875 жылы туған, туған жері №1ауыл, кохозшы, 1937 жылы жазаланды;

22. Мұқыш Саттар әкесі-1929 жылы мал мүлкі тәркіленді;

23. Қисанын Төлеубайды-1937 жылы Новотроицкіге жер аударылады;

24. Қуантаұлы Айтмағамбет-Новосібір жағында атылады;

25. Мұстафаұлы Қасыбай қажы-1929 жылы атылады;

26. Қонақбайұлы Сләмбек.

Кожамжар селолық округі бойынша есімдері ақталған неміс ұлтты адамдардың тізімі.

1.Вельц Ирма Александровна.

2.Иахлейд Мария Ивановна

3.Луя Роза.

4.Кейль Кристина.

5.Вельц Тереза

6.Гольцер Берта (Калинина)

7.Ангальд Адальф

8.Шлее Мария Ивановна.

9.Шлее Адольф

10.Хватова Ида.

11.Осадчая Эльвира (Вера Антоновна)

12.Шлее Адольф Антонович.

13.Ковалева Фрида Антоновна.

14.Шлее Иван Иванович.

Елдің тұлғалары

 

 

Болашағы бар ауыл

    Қожамдар ауылында мыңға жуық адам өмір сүреді. Бұл ауылдық округ үшің жақсы көрсеткіш. Алайда мемлекеттік бағдарлама аясында атқарып жатқан жұмыстар өз мәселесіне жеткен соң. Бұл көрсеткіштер алдағы уақыттарда бүданда жоғарлауы әбден мүмкүн. Себебі Қожамжарда өмір сүруге қолайлы барлық жағдай жасалған. Білім алатын заман талабына сай мектеп, ауылшылық тақтайдай төп – тегіс жолдар әрбір үйдің ішіне дейің кіргізілген таза ауыс су, аяқ қақсап, балтыр сыздағанында дәргердің көмегіне жүгініп, ем қабылдауға арналған типтік негізіңдегі ауылдық амбулатория жұмыстан бос уақытта салауатты өмір салтын үстанып спротпен шығындануға спорт аланы , бокс секциясы, жастардын бос уақытын қамтамасыз ету үшің ауылдық мәдениет үйімен коворкинг орталығы , той домалақ өлім жетімге ас беру секілді қажетіліктерді өтейтің асхана, рухани баю үшің мешіт жұмыс істеп тұр. Онымен қоса бірнеше мамандықтарға оқытып, диплом үстанатын ауылымдағы жалғыз колледж де осы ауылды орналасқан. Осындай әулеметтік маңызы бар ғимараттар қанша адамды жұмыспен қамытып отырғаның көз алдыңызға  елестетіп көріңіз. Жерлікті жердің кәсіпкерлеріге ауылда алансыз өмір сүруге қолдарынан келгенше жағдай жасап жатыр. Мәселен «Агро-Терра» ЖШС ондаған адамды тұрақты жұмыспен қамтамассыз еткен мен қоса, ауылдастарына құстыкүні копжетімді бағаға көмір сатып, үйінедейің жеткізіп береді. Ал Марина Л. Өсімдік кәсіпкер болса аудан көліміңде танымал Мариннің ауылында ғана емес көрші ауылдарымен қоса аудан орталығына да сатып аудан тұрғындарының жана піскен ыстық тәтті нанмен қамтуда. Қолынан іс келіп, шағын кәсіп бастағысы келіп жүргендеріңде айыоңынан туып тұр. Себебі алдағы уақытта Қожамжардағы ауылдық округ әкімі аппараты ғимаратында шағын кәсіп ашып,халыққа пайдасы тиер ісің айналасам деушілерге тамаша мүмкүндік қарастырылғалы тұр. Бұл жерде қарапайым заттар экономикасы бағдарламасы аясында шағын индустриалды аймақ ашылды деп жоспарлауында. Қазырғы күні ғимараттын бес кабинетіне жөңдеу жұмыстары жұргізіліп жатыр. Оның ішіңде терезелерің, есіктерің. едендрің алмастыру және линолиум төсеу жұмыстары рет ретімен жұргізіліп жатыр. Бұл жұмыстарға аудан бюджетігінен жеткіліктң қаражат бөліңген көрінеді.Менің пайымдауымша осындай жағдай бар ауылдан зхалық қалаға көшпек түгелі, қаладан ауылға ағылары аңық. Ауыл жастары қаладағы оқуларын тәмамдай сала дипломмен ауылға келіп туған жерге туын тігетіңдер қатарыда көбейері де сөзсіз. Бүның бәрі «Ауыл-Ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасын тиімділігі. Ауелде бағдарламаның негізгі мақсаты ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауақатын жақсарту, ауылдарды тұрақты дамыту болса. Бұл жоба өз жемісің берип, мемлекеттік бағдарламаның ұтқан түсі деп білемің.

   

Индустриалды аймақ –ел өркендеуінің кепілі

     Қожамжара ауылында шағын кәсіпкерлікті дамыту мақсатында шағын индустриалды аймақ ашылды. Ауылдық округ әкімі аппаратты ғимаратына жанасынав орналасқан шағын индустриалды аймақ 5 бөлмеден тұрады. Шаштараз, фотостудия, сұлулық салоны және тігіншілік өз жұмыстарына кірісіп кетті. Ал қалған 1 бөлме боксышылардын киім ауыстыратын және жалпы физикалық дайындық өткізетің орнына айналды. Шағын және орта бизнес ел экономикасының қозғаушы күштерінің бірі. Бүгіңде кәсіпкерлікті дамыту жүмыстарына мемлекет деңгейіңде аса үлкен қолдау көрсетілуде.Аталмыш индустриалды аймақты ашуға аудан бюджетінен 4млн.қаражат бөліңген көрінеді. Бұл соммаға есік, терпезелер, алмастырып, едені жанартылып төбесіне заманнауи көрмелі төбе тартылған. Бұл ауданымызды Әуелбек, Ақтоғай ауылдарынан кейінгі үшіңші шағын индустриалды аймақ бөлып саналады. Мәселен арнауйы оқыған тігіңшілік мамандығы бар Шынар Түсіппекова есімді келіңшек бұған дейің үйіңде тігіңшілікпен айналысып келгендігің айтады. Ғимараттын бір бұрышына ие болған Шынар еді кәсіпкерлікке шындап кірісті. Қазырғы таңда Шынардың қолынан шығып жүрген қазақы оюімен ұлттық нақыштағы көрпе жастық, көрпешелер, қоржын тағыда басқа қыздың жасауы боларлықтай дүниенің бірі сүранысқа ие көрінеді.

 

Спорт денсаулық кепілі

   Қожамжар ауылы ежелден спортты салауатты өмір салатын үстануды бастады бағдар еткен елді мекендердің бірегейі болып саналды. Сондықтанда болар осы ауылда көп функционалды ашық жазғы спорт кешенің салутұрғындардың сүранысы болатың.

   Қазырғы уақытта, жұрт жылы қабылдап отырған бағдарлама аясында , округ орталығында аталмышы спорт аланның  құрылыс жұмыстары жүргізіп жатыр.Енді ауыл жастары фудболды шанды бұрқыратып топырақта ойнамайды. Көп фунциалды спорт аланына баскедбол ойнауға арналған алан, тартан жабындысы бар жүгіру жолы, воркаут аланы, қашықтықтан жүргізіп үзындыққа секіру секторы секілді аландар салынды. Спорт аланының ортасына таман киім ауыстыратын бөлмелер орнатылды. Аланның үзындығы 135 м болса, ені 67 метірді құрайды. Қазырғы күні аланға қиыршық тастар төсеу жұмыстары жүргізіп жатыр.Аланның сапалы салынып, уақытылы тапсырылуын «Жан ерке ИК» ЖШС мердігер үйымы қамтамасыз етеді. Бұл үшің қазынадан 133 млн тенге қаражат бөлініп отыр.Оңсызда спорт серік ететің Қожамжар жастары бұдан кейің спортқа шыңдап кірісері сөзсіз.

    

Маңызды ақпарат

© 2006—2021 Павлодар облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Ақтоғай ауданының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі. Барлық құқықтар сақталған