Менің туған өлкем, менің Барлыбайым...

25.04.2023

Менің туған өлкем, менің Барлыбайым...

Карл Маркс атындағы совхозы тың игеруінің ашылуы

    1955 жылы наурызда жастарды комсомолдың шақыруы бойынша жатып қалған тың жерлерді игеру бара жатқан сәті.Ленинградта және де басқа барлық қалалар мен ауылдарда комсомол жолдамасы бойынша Қазақстанға баруға тізімдер жасалды. 1955 жылы наурызда Ленинград қаласының комсомол сайланған райкомнан жіберілген Лениградтан Павлодарға 98 комсомол келді Ленинградта болған кезде комсомол жиналсыныда жігіттер мен қыздар барып, жаға өмір бастайтын жердің атын  Карл Маркс даңғылына атын қоямыз деп шешті. Себебі көбі сол көшеде тұрды.

   Алғышқы тың игерушілердің бірінші тұратын жерлері жылытылған палатка мен вагондар болды.Тың игерушілердің өмір сүруге жағдай жасалмағандары оларға қорқыныш болған жоқ. Алғашқы тың игеру жолындағы жығымды атмосфера, еңбек жолындағы жастардың жалыны көрінді. Тың   эпопеясы барлықтарына өмір  эпопеясы болды. Алыстан келгендердің көбіне бұл жер, туған жердей болды. Олар жер жыртып, егін егіп, ауылдарды тұрғызды, бұл батыр еңбектің уақыты болды.

   Бұл жылдар біздің ауыл үшін ерекше жылдар болды.Тыныштықта өмір сүргеншексіз дала,  тың игерушілердің арқасында жандана бастады. Құрылыс суық жерге қазық қағудан басталды.Жер өлшеушілерболашақ ауылдың орны мен аумғын белгіледі. Келген жастар төрт комсомол – жастар, трактор бриадасы болып бірікті.Алғашқы игерушілердің күзгі жемістері жақсы болды. Облыс мемлекетке 43 млн пуд нан тапсырды,Қазақстанның басқа областарынан қарағанда  көп болды.

   Алғашқы агроном, жас барлығына сыйлы Долгов И.И. болды, ал бригадиріБражевская Ю.И. болды. Олардың басқару және білімдерінің арқасында үлкен кірістер болды.Бірінші совхоз директоры Прокопенко Иван Афанасьевич болды. Бидай, арпа және тары екті. Адамдар жетіспеді, мамандар күндіз толық жұмыс істеп, түнгі ауысымда бидай өңдеу жұмыстарына барып жүрді.

   Комсомол комитеті жастардың белсенді еңбетері үшін марапаттап отырды. Ауыл клубтарында және мәдениет үйлерінде үйірмелер ашыла бастады, биге барды, спортпен шұғылданды. Мыңнан астам комсомолдар жоғары мемлекеттік марапаттармен марапатталды. Тың игеру жолында адамдарды жеке тұлға ретінде болуы бекітілді. Сол кездегі жігіттер мен қыздар бетке ұстар жұмысшылар, танымал мамандар болды, қазіргі уақытқа дейін ауыл жастарына өнеге болып келеді.

Лепихина Вера Степановна

    Лепихина Вера Степановна 1930 жылы 23 қарашада Жербей ауылы, Татауров ауданы, Киров облысында дүниеге келген. Лудена ауылында оқыған. 7 сынып аяқтаған. Мектеп аяқтаған кейін колхозда жұмысшы болып жұмыс істеген. 1955 жылы 3 мамырда күйеуі Лепихин Генадимен бірге тың игеруге жіберді. Күйеуі, Генади тракторшы курсын аяқтаған, ал Вера Степановна Карл Маркс атындағы совхозының егін егу алқабында аспаздың көмекшісі болып жұмыс істеген. 1965 жылдан 1975 жылдар аралығында мектепте еден жуушы болып жұмыс істеген. Содан кейін, 1957 жылдан ЖМС -да күзетші болып орналасқан,сол жерде зейнеткерлікке шыққанша  жұмыс істеп, 1985 жылы зейнетке шықты. Вера Степановна мен Генади Лепихиндердің үш ұлы бар: үлкені Михаил, 1957 жылы туған, екінші Александр, 1957 жылы туған, және кішісі Владимир, 1961 жылы туған.

       

Татаренко Надежда Андриановна

    Надежда Андриановна 1930 жылы 12 шілдеде Ленинград қаласында дүниеге келген. Балалық шағы, суық, аш, балалардың киімі болмайтын, анамыз таңнан түнге дейін жұмыста болатын. 1952 жылы жүк тасушы болып жұмыс істеген, кейін агроном оқуын оқуға кеткен. Содан кейін Ленинградэнергода жұмыс істеген.Надежда Андриановна 1947 жылы комсомолға кірді, ал 1965 жылы партия құрамында болды. 1955 жылы Карл Маркс атындағы совхозға тың игеруге келді. Туған жердің игілігі үшін аянбай, күні және түн,  екі ауысымда жұмыс істедік. Қиыншылықтар болды, бірақ алғашқы еңбекақылар пайда болды. Әрқашан еңбекте жарысып, тату- тәтті өмір сүрдік. Надежда Андриановна алғашқы уақытта агроном болып жұмыс істеген, ал 1965 жылы есепші қызметіне ауысты. Сол жерде зейнеткерлікке  шыққанша  жұмыс істеп, 1985 жылы зейнетке шықты. Надежда Андриановна – еңбек Ардагері, Қызыл Ту медальі және В.И.Ленин медальімен марапатталған.

Ахметкалиев Ныги

    Ахметкалиев Нығи 1930 жылы сәуір айының басында Куйбышев ауданының Жаңа – талап колхозында дүниеге келген. Сол жерде төртінші сыныпқа дейін оқыған.1941 жылы 12 жасында мектепті тастауға тура келді, оның себебі соғыс басталып кетті, үлкендерге көмектесу керек болды. Колхозға жұмысшы болып жұмысқа барды. 1945 жылы Нығи Ахметкалиевтің әкесі жасөспірімді Коминтерін совхозына әкелді, сол жерде оқуын орыс мектебінде жалғастырды, себебі бұл жерде қазақ мектебі боламды. Оқуды үшінші сыныптан бастады. Жетінші сыныпты аяқтаған соң, оны Коминтерн совхозындағы МТС комсомол ұйымына хатшы қызметіне шақырды, онда үш жыл жұмыс істеді.  Содан соң МТС директоры Ахметкалиев Нығиды қолхоз ісі бойынша нұсқаушы етіп тағайындады. Екі жыл нұсқаушы жұмысынан кейін, басшы кадрларды  дайындау ауылшаруашылық мектебіне оқуға жіберілді. Ол  мектепті аяқтаған соң агроном мамандығын алды. Мектепті аяқтаған соң екі жыл Шідерті совхозында агроном және жоспаршы болып жұмыс істеді.Сол уақытта Семей қаласындағы зооветинститутын сырттай оқып, сәтті аяқтаған. Институтты аяқтаған соң, Карл Маркс атындағы совхозына бас зоотехник қызметіне жолданды.  Бес жыл жұмыс істегеннен кейін, денсаулығына байланысты аталған совхоздың бас экономист қызмтіне ауысты. Зейнеткерлікке шығу алдында Коминтерн совхозына партком хатшысы етіп ауыстырды. 1990 жылы зейнеткерлікке шыққан соң, Карл Маркс атындағы совхозына қайта келді. Қазіргі уақытқа дейін тұрып келеді. « Ерең еңбегі үшін » медалімен марапатталды. Ахметкалиев Нығи жұбаймен бірге  10 бала өсіріп, аяққа тұрғызды. Қазіргі уақытта дін саласында, молла қызметінде. Аудан мешітінің имамының Алғыс хатымен марапатталды.Ахметкалиев Нығи Ақтоғай аудынының Құрметті азаматы.

Барлыбай ауылының Еңбекші негізгі мектебі

Ұлы Отан соғысы қатысушыларының даңқ ескерткіші

Барлыбай ауылдық кітапханасы 2022 жылы ашылды

Барлыбай ауылының клубы

Барлыбай ауылының су жүйесі.

Еңбекші негізгі мектебіндегі « Рухани Жаңғыру кабинеті»

     

2021 жылы педагог еңбегінің ардагері, ҰОС қатысушысы Хамза Рамазанұлының мұражай кабинеті ашылды.

Тың ескерткіші

2009 жылы   «Балдырған » шағын орталығы ашылды

 

 

Маңызды ақпарат

© 2006—2021 Павлодар облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Ақтоғай ауданының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі. Барлық құқықтар сақталған