Қараоба аулының шежіресі

27.04.2023

ҚАРАОБА АУЛЫНЫҢ ШЕЖІРЕСІ

   Қараоба – Ақтоғай ауданындағы ауыл. Қазіргі Қараоба селолық округінің орталығы. Облыс орталығы – Павлодар қаласынан Солтүстік Батысқа қарай – 64 шақырымда, аудан орталығы – Ақтоғайдан Оңтүстік Шығысқа қарай 50 шақырымда орналасқан. Қараоба – («Черная куча камней Курган» деген мағынада) бұрынғы Спартак совхозының  орталығы. Совхоз 1957 жылы Бірлік, Спартак, Қараоба МТС-і, Победа қолхоздары негізінде құрылған. Бірақ сол жылда Победа колхозының жері Калинин колхозына беріліп, 25 жылдық Октябрь совхозының 2-бөлімшесінің жері Спартак совхозына ауысқан болатын. Спартак – біздің эрамызға дейінгі 73-71 жылдардағы Рим империясындағы құлдар көтерілісінің көсемі еді. Осы қолбасшының есімімен совхоз да аталған. Қараоба селолық окгугіне – Қараоба селосы, Исантерек, Жаңа ауыл, Красная поляна, Спартак секілді шағын ауылдар енеді. Қараоба селолық округі жерінде Арктиканы зерттеуші, жердегі мұздықтар теориясын жасаушы, жер аударылған Е.С.Гернеттің сүйегі жатыр.

   Қараобада 1 орта мектеп, көпшіліктік кітапхана, Мәдениет үйі, 1 дәрігерлік амбулатория, 1 фельдшерлік пункт жұмыс жасайды. Ұлы Отан соғысында қаза болған қараобалықтарға арналып, ескерткіш орнатылған.

   Д.Мержоевтің  шаруа қожалығы бар. Бұл шарушылық негізінен егіншілікпен, мал өсірумен шұғылданады. Қараоба ауылдық округі жерінде 17 жыл бойы үздіксіз бұрынғы Спартак совхозын марқұм Салақиден Кәмешұлы Біләлов басқарды. Бұл совхозда есімі облыс жұршылығына танымал Социалистік  Еңбек Ері Антон Иосифович Энгель де сол кезеңде аз уақыт болса да, бас инженер ретінде совхоз экономикасын дамытуға көп үлес қосты. «Ленин» орденді Сләмбек Аленов, әйдік механизаторлар П.Я. Грулев, Анатолий Хрулев, Николай Лачугиндер, ағайынды Дмитрий, Василий Романюктер, ерлі-зайыпты Григорий Ивнович пен Лидия Тихоновна Бутенколар, бас инженер А.Жученко, Ұлы Отан соғысының ардагерлері Сейілхан Сәрсенбеков, Мүбәрәк Аяпбергенов, Мырзабек Рахымжанов, Ерсайын Шөренов, Рахметолла Мәжіков, Тоқан Қарманов, Зияда Шахманов, ағайынды Шәріп пен Айып Шамшиденовтар тұрып,  еңбек еткен. Ұзақ жылдар совхоз директорының шаруашылық бойынша орынбасары болған Дүйсенбай Көлбановтың, жүргізуші Ахметбек Шамкеновтың, почта қызметкері Галина Салейдің, Қайырбай Әубәкіровтың, т.б. жарқын бейнелері ұрпақтары есінде ұзақ уақыт сақталапына күмән келтірмейміз.

   Қараоба селолық округі жерінде Темірбай Таскенов сынды кәсіпкер отбасымен тұрады. Бұл жігіт негізінен бірнеше елді-мекеннен сауда дүкенін ашып, тұрғындарға қалтқысыз қызмет етуде. Мал басын өсірумен де айналысады.    

   Бұрынғы «Спартак» атанған ауыл еліміз тәуелсіздік алған алғашқы жылдарда өзінің тарихи атауы – «Қараоба» болып өзгертілген. Бұл округтің алғашқы әкімі қызметіне ауыл шаруашылығының жоғары білімді маманы Бухин Зейнолла сынды азамат тағайындалған болатын. Ауыл әкімі қызметін 4-5 жыл бойы атқарған кезеңінде ел экономикасы мен халықтың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайлары да тым ауыр еді. Ауылдың қоғамдық еңбекке жарамды жастары екі қолға бір күрек таба алмай, сергелдең күн кешкен. Бірақ адамдар өз аулаларында мал, құс, бау-бақша өсіріп, ел шетіне келген қиындықтардан аман өткен. Зейнолла  Бухин ауыл адамдарын төзімділікке шақырған. Ел Президентінің халыққа арналған сол бір өтпелі кезеңдегі әрбір сөзін ол өз ауылдастарына жеткізе отырып қызмет етті. әркез жерлестер ортасында жүріп, олардан бір қадам алшақтамады.

   Қараоба елді-мекені қай заманда да құт-береке дарыған қасиетті жер еді. Жерінде Ұлы Отан соғысының азапты күндері мен түндерін бастан кешкен аға ұрпақ өкілдерінің бүгінде балалары, немере-шөберелері тұрып жатыр. Аталар өмірін сабақтау да, дәстүрлерін ардақтау да, олардың есімдерін құрметпен атап жүру де – бүгінгі жас ұрпақ еншісіне тиген.

   Мержоев Александр Дикалович 1968 жылы 2 қаңтарда Павлодар облысы Краснокутский ауданы «Спартак» кеңшарында дүниеге келген, 1985 жылы Спартаков орта мектебінің 10 сыныбын ойдағыдай бітірген.1986 жылдың сәуір айында Кеңес әскері қатарына шақырылды. 1986 жылдың сәуір айынан тамыз айына дейін батыр қала Новороссийск Солтүстік Кавказ әскери округінде әскери борышын өтеді. 1986 жылдың тамыз айынан бастап Қазақстан Республикасының Кабул қаласында қызметін жалғастырды. Ауғанстан мотоатқыштар полкі, 3 тау атқыштар батальоны, 8 ПС ротасы.1987 жылы Кандагар қаласы маңында ұрыс қимылдарын орындау кезінде снарядтан соққы алған.1988 жылы мамырда демобилизацияланған. Ауғанстандағы әскери борышын өтеп жүріп, үкіметтік әскери наградалармен марапатталған: «Отанға сіңірген еңбегі үшін» медальдарымен, «Қызыл Жұлдыз» ордендерімен. Кеңес армиясы қатарындағы әскери борышын өтеп, факультетті бітірген. Қарағанды ​​мемлекеттік университетінің заң факультеті, 1998 жылдан 2002 жылға дейін Павлодар облысының прокуратурасында қызмет етті. КХ «Алға» Туған ауылымда.

Шамшиденов Махмут Аипович

   Павлодар облысы Ақтоғай ауданы Спартак совхозында 1966 жылы дүниее келген.

   1984 жылы мамыр айында әскерге шақырылады.Сол жылы Термез қаласында әскери қызметін атқарған.Ант қабылдаған соң Ауғанстанның астанасы Кабул қаласына жіберілді.Кабулда бір жұмадай болып№93992 мотоатқыштар бөлімінде әскери қызметін атқарды.

   Медальдар иегері: СССР интернационалист жауынгері, Әскери міндетін атқарғанына 10,20,30 толуына орай, СССР қарулы күштерінің 70 жылдығы, ҰОС 50 жыл

Мадеев Даут Ниязбекович

   Мадеев Даут Ниязбекұлы 1961жылы 1 тамызда Новосібір облысы Краснозерск ауданында дүниегекелді.1978-1979 жылдары Павлодар қаласындағы кәсіптік техникалық училищесін тәмамдап, жүргізуші мамандығын алған.

   1979 жылы 3 қарашада Павлодар қаласынан әскеріне кетіп,Ташкент  қаласындағы №93908 жеке байланыс батальонында ,сол жылы дабыл бойынша Кабул қаласына жіберілді.Ауған республикасында 1980 жылдың мамырына дейінқатардағы жауынгер болып әскери қызметін өткерді.1981жылы әскерден келіп,Спартак Совхозында жүргізуші болды,1987 жылы «Мади» шаруа қожалығын ашып,қазіргі уақытқа дейін еңбек етіде.

   Марапаттары:Ауғаныстаннан әскерлерді шығаруна 25 жыл, «Ауғанстаннан әскерлерді шығаруна 30 жыл» медальдары.

Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы Д.А Қонаевтың Әнес Ахмединовтің омырауына орден тақты.

 Есею кезеңі

   Отбасындағы алты баланың ішіндегі үлкені болған Әнесті өмір ерте есейтті. Әкесі-Ахмедия Ұлы Отан соғысының екінші топтағы мүгедегі, шешесі-Бағила болса колхоздың түрлі жұмысында. Жетінші сыныпты енді бітірген жас жеткіншек аға шопан Қ.Бигельдиновтың көмекшісі болады. Бірақ ерте көктемде егіс даласында қызу науқан басталған кезде жастайынан еңбекқорлыққа үйренген ол өзі сұранып, №6 тракторшылар бригадасында есепші болып барады. Сөйтсе, бұл жұмыс екенін бірінің қолынын келе бермейтін қиын іс екен. Әйтсе де, бойындағы намыс қысып,қиындықпен күресіп бақты. Әнес ағаның өзі еске алғандай, мұнда бригададағы В.Г. Баланюктей азаматтың көп септігі тиді. Бірте-бірте жұмысқа икемделе бастаған ол қол жетпей жатқан кезде трактор руліне де отыратын болды. Өйткені, жұмыс десе жанып тұратын ол-тракторист болғысы келетін. Еңбектен қол үзбей жүріп, үш айлық тракторшылар курсын тәмәмдайды.

   Сол сәттегі қуанышымда шек болмады,-деп еске алады өткен шағын. Қолынын іс келетін қабілетін байқаған сол кездегі совхоз директоры Салахитдин Біләлов пен бас бухгалтер Федор Бугаев шақырып алып:

   Әнес,қарағым! Бізге кадр маселесін оң шешу керек. Сондықтан сені бухгалтерлер курсына жібермекпіз. Болашағы бар жігітсің. Бұл шешімге өзің қалай қарайсың?-дейді.

   Сенімдеріңізге рахмет.Бірақ мен трактор руліне отырсам ба деген ойым бар еді... Тағы да мақсат қоя білетіндігін ескерсе керек қос басшы жалындаған жігеріне құм құймай, тілегін қанағаттандырады. Әнес Ахмедия ұлының алғаш отырғаны М-2 тракторы болды. Күркесіз трактор мен қыстың қақаған аязында артезианнан су тасу жас жігіттің үйреншікті әдетіне айналды. Не керек 1962 жылдың маусымына дейін ол осы тракторды толық игеріп алды. Енді Т-75 маркалы тракторында істеу жеңіл болатын болды.Көктемде-егіс, күзде-егін орағы, қыста-техника жөндеу сияқты тынымсыз жұмысқа еті үйреніп алған Әнекең кезекті еңбек демалысы дегеннің не екенін білмеітін. Отбасылық жағдайын да естен шығарып көрген емес.

      Мүбәрәк Аяпбергенов

   Ұлы Отан соғысына қатысушы,  Ақсу ауданының № 4 ауылының тумасы Мүбәрәк Аяпбергенов-ұлты қазақ,1924жылы туған. Аяпбергенов Мүбәрәк бес жасында ата-анасымен Спартак МТС-на көшіп келген.Павлодар облысы,Ақтоғай ауданының Жаңа-ауыл ауылында 2004жылы өмірден өтті.

   Әскери мамандығы: 1941 жылыҰлы Отан соғысы басталғанда ол 9-сыныпта оқып жүрген. Тамыз айында Қуйбышев аудандық әскери комиссариаты әскер қатарына  шақырып, Тамбов қаласына жіберді. Онда Мүбәрәк Аяпбергенов әскери даярлықтан өтіп,барлаушы болуға дайындалды. Мүбәрәк Аяпбергенов жауынгерлік ісіне мұқият үйренді. Даярлықта байсалдылыққа, төзімділікке жауынгерлер тәрбиелейді, табандылыққа және ерлікке шынықтырады.

   Жауынгерлік жолы: Жауынгерлік жолын  қатардағы Мүбәрәк Аяпбергенов Бірінші Белорусь майданынан бастады. Одан соң Екінші Белорусь майданының құрамында соғысты. №44 СД 0197\2 әскери бөлімшесінде болды. Майданда Барлаушының үлесі ауыр, ол өзінің қанша жолдастарынан айырылды. Әйтсе де, Қазақстаннан шыққан табанды солдат барлауда табысты қызмет етуін әрі жалғастырды. Оған неміс тылынан «тіл» әкелгені үшін алған Қызыл Жұлдыз ордені қымбат, «Тіл» болғанда қандай! Ол неміс офицерін көтеріп әкелді. Тілден біздің командование көп жайды біліп алды, ақпарат Балтық жағасында әскери операцияны ысырапсыз және табысты өткізуге көмектесті. Мүбәрәк Аяпбергенов қатерлі тапсырмаларға талай барды және әрдайым ерлік, батылдық көрсетті. Бұл шүбәсіз тірі қалуына көмектесті. Барлаушы-жігіттер де сайдың тасындай болды. Мүбәрәк Аяпбергенов қорқуды білмеген және әрдайым командованиенің айрықша маңызды міндеттерін орындаған, ол өзінің командирі аға лейтенант Соловьевті мақтан етеді. Қарт солдат майдандас капитан Кашимировты өмір бойы есінен шығармады. «Ол өзінің солдаттарына әрдайым қамқорлық жасайтын. Өзі батыл адам болатын және өз жігіттерін ержүрек болуға тәрбиеледі» деп еске алатын.

   Марапаттары: «Қызыл жұлдыз ордені» «Құрмет белгісі» және ll дәрежелі «Ұлы Отан соғысы» ордендері мен «Жауынгерлік еңбегі үшін», Кеңес Одағының Маршалы Г.К. Жуков медалімен марапатталған, «1941-1945 ж ж. Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» медаль иегері.

   Мерекелік медальдары ”1941-1945 ж ж Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 20 жыл,” ”1941-1945 жж Ұлы Отан соғысында ғы Жеңіске 40  жыл”, “ Ұлы Отан соғысында ғы Жеңіске 50 жыл”, “Ұлы Отан соғысында ғы Жеңіске 55 жыл”, ”Ұлы Отан соғысында ғы Жеңіске 70жыл.”

  Бейбіт өмірдегі еңбек жолы: Мүбәрәк Аяпбергенов үйіне жеңістен соң бір жылдан кейін оралды 1946ж. Мүбәрәк Аяпбергенов бейбіт кезде ұзақ уақытын жас ұрпақтарды тәрбиелеуге арнады,мұғалім болып еңбек етті. Одан соң кеншар өндірісінде, мал шаруашылығы фермаларында зоотехник болып істеді. Бейбіт өмірде де беделді, өз ісін білетін маман болды. Әрдайым беделді өмір кешті, 1950 жылы  Мүбәрәк Аяпбергенов Қайынжамал Әлкеновамен отбасын құрып. Олар он бала тәрбиелеп, өсірді. Олардың бәрі тиісті білім алды, өмірден лайықты өз орындарын тапты. Мүбәрәк ата- балаларынан немере, шөбере көріп, бақытты қария болды.

Мәктай Әйтімқызы

   Мәктай Әйтімқызы 1929 жылы Павлодар облысы Ақтоғай ауданы Алға ауылында дүниеге келген.

   Қожамжар ауылының Тленшин атындағы мектебіне 1936 жылы оқуға барып, 1945 жылы 10-сыныпты бітірді. Соғыстан кейін ауыр жылдар болғандықтан, еңбекке ерте араласуына тура келді. Әкесі Әйтім, ағасы Сағадат соғыстан оралмады. Үйінде анасы мен кіші сіңлісі болатын. Әкесі әскерге кеткенде 16 жаста Сағадат, 2 жаста сіңлісі Шолпан, Мактай апа өзі анасымен қалған. Ағасы Сағадат 1942 жылы жасыл ұлғайтып, 17 жастамын деп сұранып майданға кеткен. 3 жыл майданда болған,Десантник болып, жамбастан жараланып, 3 ай Шахуня деген госпитальда емделіп шыққан. Февральдің 22-де қайта майданға аттанды. Танкисттің оқуын оқып, танкист болып, Берлинге жетті. Майдың 2-де Берлинде шайқастамыз деп соңғы хаты келген. Содан хабарсыз  кетті деп қара қағаз келген. Сіңлісі Шолпан соғыс біткесін 10-ны бітіріп, Павлодар медицина училищесінде акушер – фельдшер группасында оқыған. Одан кейін Алматының медицина институтында жеті жыл оқу бітіріп, дәрігер болып шыққан. Жолдасы Кеңесбек Жүзбаев екеуі туберкулез диспансерінде еңбек етті. Кеңесбек 1993 жылы өмірден өтті. Шолпан зейнеткерлікке шықты. 2 ұлы, 5 немересімен павлодарда тұрады.

    Мәктай Айтымова 1946  жылы  Павлодар қаласындағы Б. Ахметов атындағы мұғалімдер училищесіне сырттай оқуға түсіп, сол жылы қазіргі С. Мүткенов атындағы орта мектепте пионер- вожатый болып жұмысқа орналасты.

   1948 жылы педучилищені толықтай бітіріп, Алға ауылында, Харьковка, Октябрьдің 25-жылдығы қазіргі Әуелбек атындағы мектептерде ұстаздық етті. Соңғы жылдары Спартак ауылында балабақша меңгерушісі болып істеп, 1979 жылы зейнеткерлікке шықты. Одан кейін 1980- 1983 жылдары сауда үйінің меңгерушісі болып еңбегін жалғастырды. Мәктай Әйтімқызы- соғыс жылдарының тыл еңбеккері. 2005 жылы Жеңістің 60 жылдығы, 2010 жылы 65 жылдық медалімен марапатталған. Алты бала тәрбиелеп өсіріп отырған Мәктай апа- күміс алқа иегері, немере- шөберелері бар. Балалары- немерелері әр салада еңбек етіп жүр. Мәктай апаның отағасы Таскенов Жұмабай ақсақал- Ұлы Отан соғысының ардагері, осы Ақтоғай ауданында қырық жыл еңбек етіп, балаларының қызығын көріп, 1994 жылы дүниеден өтті.

                                «Өтті біздің балалық шақ осылай»

   Жазғытұрым совхоз бақша егеді. Картоп, капуста, қарбыз, қияр, қызанақ, т.б. олар өсе бастағанда, біздерді сол бақшаның арамшөбін отауға апарады. Демалыс күндері кейде түстен кейінде барамыз. Күзде тағы соларды жинап тереміз, ол кезде картоп егетін, картоп жинайтын техника жоқ, бәрі қолмен істеледі. Картопты да аналарымыз күрекпен қазып, біз шұңқырға салып отырамыз. Күзгі  жинау кезінде тағы да бірнеше гектар жердің картобын әйелдер күрекпен қазады да, біздер шелекпен жинап, өгіз жегілген арбадағы үлкен ағаш жәшікке салып толтырамыз. Кешке тамақ ішуге шамамыз келмей төсекке құлаймыз.

   Егін кезінде де солай егін көтерілгесін түгел соның арасына шыққан арамшөбін балалар қатар – қатар тұрып, борозда бойымен жүріп отырып жұламыз. Ол кезде арамшөп өсірмейтін, химикат жоқ. Егін піскенде егінді де, бидай не тары, т.б бричкаға (үлкен жақтаулы арба) салып қырманға әкеп төгеді, соны жайып үстінен каток тасты домалатып пар өгізбен айналып жүріп бастырады. Әйелдер өгіз жетектейді. Біздер бишікпен соңынан өгізді айдап жүреміз.

   Бидай не тары үгілген үстіндегі соломды шетке тасимыз. Әйелдер түскен дәнді күрекпен желге лақтырып, ұшырады. Ал біздер ұшқан ұшырындыны тал сыпырғышпен жинап, тағы шетке шұңқырға апарып төгеміз. Әйтпесе жел болса, қайта қырманға (ток) ұшып түседі ғой.

   Жұмысқа шамасы жетпейтін қарттар шіліктен (жіңішке тал) сыпырғыш дайындап, ағаш, күрек жасап, айыр, күрек, тырнауышқа сап дайындайды. Ешкім бос отырмайды. Лениннің «Еңбек етпеген, ішіп жемейді» дегенді алдыңа тартады. Тәртіп, заң өте қатал. Ұрлықтың үлкен – кішісі болмайды деп, 1 литр сүт алған сауыншы да, бір қап астық алған егінші де 5-10 жылға сотты болады.

   Берин мен Андроповтың қатал заңынан қорқып, ұрламайды. Оның үстіне, халық арасында кім екені белгісіз, НКВД-ның тыңшылары болады, солар жеткізіп отырады да, солардан сақтанып, соғыс туралы сөз, әсіресе (плен) қолға түсіп қалу туралы сөз айтпайсың. Туыстардан хат ұзақ уақыт келмесе, оны да жүргенде ең айтатын ауыр сөзі «сен фашиссің» деген сөз болады.

    Міне біздің балалық шағымыз осылай ауыр еңбекпен, қорқыныш үреймен болды.

                 «Сөнбеген үмітімнің оты жанды» Жеңістің 68 жылдығына арналады

    1942 жылы Әшірбеков Әйтім қазіргі Мүткенов (бұрынғы Чкалов) мектебінде директор болып қызмет істеп жүрген кезінде майданға аттанған еді. 1943 жылы хабар үзіліп, соғыс біткесін «Боздақтар» кітабынан әкемнің інісі Әшербеков Қабышты Волгоград түбінде баласы Әйтімов Сағадат он бесінші сәуірде Берлин шайқасында хабарсыз кетті деп жазған еді. Ал әкем Әшірбеков Әйтім қайтыс болды, дегенмен қай жерде жерленгені белгісіз еді. 2013 жылы ақпанның 20-сы күні балам Бауыржан интернет арқылы іздестіріп отырып, Калужский облысын азат етуде шілденің 21-де жараланып қайтыс болғанын хабар алды. Осыдан кейін Қамзин Жұмабекпен хабарласып, ол азамат сол жермен байланыс жасап, Калужский облысы Павлиново станциясы Гнездиловский биігі шайқасында қайтыс болғанын және бауырластар зиратында жерленгенін әкесі, сол кісінің аты-жөні, қалта телефон нөміріне дейін жазып, балаларым Темірбай мен Бауыржанға қалай бару керектігін, жол кестесіне дейін айтып ақыл кеңес берді.

            Қиындыққа төзе білу керек

   Мержоев Дикало Азизович жасы бойынша Ақтоғай ауданының қарт кәсіпкерлерінің бірі. Өзінің «Алға» атты шаруа қожалығын 1990 жылы ұйымдастырды. Кеңшар өндірісінің куйреуімен қатар әрі қарай қалай өмір суру керек деген сұрақ туды. Осы қиын кезеңде көбі қалаға кетті. Кейбірі тіпті жақсы өмір  іздеп,Қазақстаннан тыс жерлерге кетті. Дикало Азизович ешқайда кетуді ойлаған да жоқ. Өмір бойы ауыл шаруашылығында жұмыс істеген ол еңбекқор адамға қорқынышты ештеңе жоқ екенін, жер әрқашан да асырайтынын білді. Жастайынан қиындыққа үйренген ол бұл сынақты қаймықпай қарсы алды. Мержоевтар және олар сияқты мыңдаған отбасы Сталиннің жарлығы бойынша Қазақстанға жер аударылғанға дейін олар туған жері Шешенстанда тұрды. Оның ата-анасы колхозда жұмыс істеді. Егіс егу және астық жинау кезінде жекеменшік өгіздерімен, аттарымен колхозға қолдан келген көмегін көрсетті. Рас әкесі біраз ауылдық кеңестің төрағасы болды. Шаруашылықтары қомақты болатын. Басқа малдарын есептемегенде, 14 шақтты қара малы бар еді. 1934 жылы туған ол Қазақстанға келгенге дейін ұлттық мектебінің 3 сыныбын бітірген болатын. Кішкентайынан Дикало алғыр бала болып өсті.

    Павлодарға 23 наурыз күні келдік.Барлығымыз тоңып, ауырып қалдық. Қазақстанның қатты ауа райына үйрену оңай болған жоқ. Станцияда өгіз жегілген арбаларға отырғызып, әрі қарай жететін жерімізге үш тәулік жүрдік. Бір түн Ребровкада, екінші күні Калинин ауылында түнеп, үшінші күн дегенде «Красная поляна» колхозына келдік. Бізді дереу жергілікті тұрғындардың үйлеріне орналастырды. Біздің жанұямыз бір үлкен бөлмесі және кішкентай асханасы бар Қайденовтердің үйіне тоқтады. Біз 14 адам болсақ, олар 16 екен. Тар болғанына қарамастан, тату-тәтті тұрдық. Өз үйінің төрін беріп, кейде соңғы нанымен бөлісіп, бізді өлімнен сақтап қалған осы бір қарапайым адамдар алдында басымызды иеміз. Біз оны ешқашан ұмытпаймыз, -деді толғана отырып Дикало Азизович.

   1951 жылы ол өзі С-80 тракторында жұмыс істеді. Біртіндеп жүргізуші мамандығын игерді. ЗИС көлігімен астық және басқа жүктер тасымалдады. 1960 жылы үйленді. Зайыбы Эмма Зосимовна алғаш тың игеруші. 1956 жылы Вологда облысынан келіп, мәңгілікке осында қалды. Бірлесіп өмір сүрген 42 жыл ішінде 5 ұл, 2 қыз тәрбиеледі. Олардың барлығы қазір ер жеткенімен, әкесінің жанында көмектесіп жүр. Қараоба селолық округінде тұрған 75 жыл ішінде Дикало Азизовичке неше түрлі жұмысты істеуге тура келді. Механизатор, жүргізуші, автотұрақ меңгенрушісі, жабдықтаушы, зоотехник, бөлімше бастығы болды. Осының барлығы ауыл шаруашылығы өндірісін жақсы біліп, шаруа қожалығының басшысы болғанда көп пайдасы тиді. «Алға» ШҚ- ауданның ірі қожалықтарының бірі. -Дикало Азизович ғұмырында көп қиындық көргендіктен, үнемі аз қамтылған отбасыларына қолдан келген көмегін көрсетеді. «Өмір сүру оңай емес. Ол бізді көптеген сынақтардан өткізеді. Ең бастысы, өзіңнің жағдайыңды жасап, еңбек етіп, қиындыққа берілмеу керек»  

Маңызды ақпарат

© 2006—2021 Павлодар облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Ақтоғай ауданының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі. Барлық құқықтар сақталған