" Жаса, Наурыз дәстүрлі!" Фольклорлық сайысы
01.07.2024
https://www.instagram.com/reel/C4skjnRo0Yd/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Павлодар облысы Ақтоғай ауданының Жалаулы ауылдық кітапханасында Наурыз мейрамын мерекелеуге арналған " Жаса, Наурыз дәстүрлі!" Фольклорлық сайысы болып өтті. Шараның мақсаты оқушыларға наурыз мерекесі туралы түсінік беру, олардың бойларына ұлттық құндылықтарды сіңіру. Шара барысында балалар сөздерден мақал жинау, әріптерден ұлттық ойындар мен ұлттық дәстүр атауларын тауып сөз құрастырды. Ұлттық дәстүрлер мен наурыз туралы сұрақтар викторинасы жүргізілді. Наурыз бата беріліп, жеті аталарын айтып шықты. Шара соңында балалар Наурыз көжеден, бауырсақтан мерекелік дастарханнан дәм татты.