https://www.youtube.com/watch?v=1l18pnt-rL0
31 мамыр – бүкіл қазақ баласы көкірегін қарс айырып, бір сәт күрсінетін күн. ХХ ғасырдағы саяси қуғын-сүргін – мыңдаған жазықсыз адамдардың қаны мен көз жасына суарылған тарихымыздың шерлі беттерінің бірі болып саналады. Бұл күні тек қуғын-сүргін құрбандарының туған-туыстары ғана емес, бүкіл ел бабалар рухына тағзым етеді. Кейінгі ұрпақ тәуелсіздік тұғырын қалаған боздақтарын ұмытпауы тиіс. Өткен тарихымыздан тағылым ала отырып, бүгінгі ұрпаққа әр кітап арқылы өнегелі тәрбие беру, оларды Отанын сүюге, елінің, жерінің адал патриоттары болуға баулу, саналарына тарихи шындықты жеткізу мақсатында Ақтоғай орталық кітапханасы онлайн режиміндегі оқырмандар назарына «Зұлмат жылдар қасіреті» атты еске алу кешін ұсынады.
...Жыл сайын мамыр айында жер бетінде жауқазын шығады. Қып-қызыл қызғалдақтар құлпырып, көздің жауын алады. Және ол барлық жерде шыға бермейді. Жота-жотаның, белес-белестің баурайына шығады. Сол қызғалдақтар құрбан болған қазақтардың қанына малынып, жер бетіне қайта шыққандай елестейді...
Енді міне қайта оралды заңғарлар,
Сталиндік тозақтарда жанғандар,
Ахметтер, Жүсіпбектер, Сәкендер,
Ілиястар, Бейімбеттер, Мағжандар...
Біз сол жастай солған жасампаз тұлғалардың алдында ғұмыр бойы бас иіп өтуге міндеттіміз.
Бұл– тарихқа мінәжат! Бұл – тағзым!
Шара барысында «Тарихтан тағылым-өткенге тағзым» аты бейне ролик көрсетілімі өтті.