КГУ

 

Өскелең ұрпақты мәдени, рухани ағарту және тәрбиелеу мақсатында Ақтоғай орталық кітапханасында «Адалдық алаңы» жобасы аясында Абай ОМ 10 сынып оқушыларының қатысуымен «Өзіңнен баста» атты дөңгелек үстел өтті. Кездесуде «Парасат жолы» орталықтары арқылы парасаттылық, ізгілік пен даналықты, әділет пен қамқорлықты дәріптеп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің мәнін түсіндіру жөнінде сұхбат жүргізілді. Есімі елімізге танымал сатирик-ақын Н. Төлепбергенұлының «Жемқордың жеткен жері» атты кітабынан үзінді мысалдар келтіріліп, тақырып аясында әр-түрлі ситуациялар талданып, жиналған оқырман назарына бейнефильм көрсетілімі ұсынылды. Кітап көрмесі бойынша шолу жасалды.

ІС-ШАРАЛАР АФИШАСЫ

Барлық оқиғалар

Маңызды ақпарат

© 2006—2021 Павлодар облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Ақтоғай ауданының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі. Барлық құқықтар сақталған