КГУ

https://www.youtube.com/watch?v=cC_Rbo6Ci6o

   Ахмет Жұбановтың өмірі мен шығармашылығын келешек жас ұрпаққа дәріптеу, музыкатану ғылымында баға жетпес еңбектерімен таныстыру мақсатында Ақтоғай орталық кітапханасында педагог, музыкатанушы Жұбанов Ахмет Қуанұлының 115 жылдық мерей тойына орай, онлайн форматта «Жырдың сарқылмас дәриясы» атты әдеби кеш өткізілді.
   Жұбанов Ахмет Қуанұлы қазақ музыкасын зерттеуші көрнекті ғалым, әйгілі композитор, дирижёр. Қазақстанның халық әртісі, өнертану ғылымының докторы , профессор , академик. Қазақ халқының қазіргі заманғы кәсіби музыкасының негізін қалаған аға буын композиторлардың бірі.
   Композитор ретінде қазақтың музыкалық мәдениетіне өзіндік мелодиялық өрнек қосқан ондаған ән мен күйдің, романстар мен хорлардың, аспаптық симфониялық және вокальдық шығармалардың авторы Ахмет Жұбановтың өлеңдері айтылып, кітап көрмесі бойынша шолу жасалды.

ІС-ШАРАЛАР АФИШАСЫ

Барлық оқиғалар

Маңызды ақпарат

© 2006—2021 Павлодар облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Ақтоғай ауданының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі. Барлық құқықтар сақталған