
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен Мәдениет және спорт Министрлігі арасында «Парасат жолы» орталығының бірлескен жұмысы туралы Меморандумға қол қойылып, осыған орай «Адалдық алаңы» жобасы аясында Ақтоғай аудандық кітапханасында құрылған жоспар негізінде ағымдағы жылдың 30 наурыз күні «Жемқорлықпен күрес-ортақ іс» атты ЗУМ платформасы негізінде Ақтоғай ОКЖ қызметкерлері, аудан мекемелерінің басшыларымен қатар Павлодар облысының аудандық кітапхана директорлары қатысуыменәңгімелеу шарасы өз жалғасын тапты.Бұл дертпен еліміздің құқық қорғау салаларының арнайы бөлімдері, «NUR OTAN» партиясы, сан түрлі қоғамдық ұйымдар, белсенді жанкүйер азаматтар күрес жүргізіп келеді.
Шара спикері - ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі басшысы Дархан Бәкібайұлы Рамазанов өзекті тақырып бойыншаталқылауға түскен мәселеге қатысты өз ой-пікірімен бөлісіп, оқырмандар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.