КГУ



   Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен Мәдениет және спорт министрлігі арасында «Парасат жолы» орталығының бірлескен жұмысы туралы Меморандумға қол қойылып, осыған орай «Адалдық алаңы» жобасы аясында қоғамның әр-түрлі орталарындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын – алу, профилактикалық жұмыстарын насихаттау, құқықтық мағлұмат беру мақсатында  мамырдың 28 күні Ақтоғай орталық кітапханасында “Жемқорлыққа жол жоқ” атты ЗУМ платформасы негізінде Ақтоғай ОКЖ қызметкерлері қатысуымен әңгімелеу шарасы өтті.
   Спикер: «Нұр Отан» ХДП аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Б.Б. Алханов жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңдарды негізге ала отырып, құқықтық мағлұмат беріп, қойылған сұрақтарға ұтымды жауап берді. Шара бейнекөрсетілім арқылы өз мәресіне жетті.

ІС-ШАРАЛАР АФИШАСЫ

Барлық оқиғалар

Маңызды ақпарат

© 2006—2021 Павлодар облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Ақтоғай ауданының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі. Барлық құқықтар сақталған