Баскамыс ауылдық кітапханасы Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған "ЖЕҢІС, БІРЛІК, БЕЙБІТШІЛІК, ДОСТЫҚ" атты мәнерлеп оқу сайысын ұйымдастырды. Бұл рухани шара 1-9 сынып оқушыларының белсенді қатысуымен өтті. Жеңіс күніне орайластырылған бұл ерекше әдеби кеш балалар мен көрермендерге рухани азық сыйлап, патриоттық сезімдерін оятты. Сайысқа Шідерті негізгі мектебінің оқушылары қатысты. Олар қазақ және әлем поэзиясының үздік туындыларын нақышына келтіріп оқып, әр өлеңнің мағынасын жүректерге жеткізді. Әрбір оқушының өнері әділқазылар мен көрермендердің жоғары бағасына ие болды. Әділқазылар алқасының шешімі бойынша үздік қатысушылар анықталды: Гран-при – Жастлекова Балнұр (9-сынып); 1 орын – Мақсұт Абай (7-сынып); 2 орын – Замкен Құралай (7-сынып); 3 орын – Ауталипова Айдана (4-сынып) және Темергалиева Жанбиби (1-сынып). Көрермендер де өз таңдауларын жасап, ерекше ұнаған өнерпаздарға марапаттарын берді: 1 орын – Мақсұт Абай; 2 орын – Замкен Батырхан (5-сынып). Сайысқа қатысқан барлық балалар ынталандыру сыйлықтарына ие болды. Бұл олардың шығармашылыққа деген құштарлығын арттырып, болашақта да белсенді қатысуға жігерлендірді. Бұл тек сайыс ғана емес, жас буынға тарихымызды құрметтеуді, ел мен жерді сүюді, әдебиетті бағалауды үйрететін ерекше платформа болды.
https://www.instagram.com/reel/DJIkhjJK9Bd/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MXBkd2RrbnJiZWF0cw==
© 2006—2021 Павлодар облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Ақтоғай ауданының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі. Барлық құқықтар сақталған