https://youtu.be/wu1dUS_d-w8
Жастардың өзін-өзі жүзеге асыруы үшін қажетті жағдай жасау, маңызды және өзекті мәселелерді шешу, одан әрі даму үшін іргетас қалыптастыру мақсатымен Ақтоғай орталық кітапханасында «Кешкі кітапхана» жобасы аясында «Жастар-елдің тірегі»атты тақырыптық дебат өтті.
Жастар – қоғамның қозғаушы күші ғана емес, елдің тірегі, мемлекеттің ең белсенді бөлігі. Бүгінде жас ұрпақ – Қазақстанның берік тірегі деп сеніммен айтуға болады.
Іс-шара жастардың белсенді қатысуымен іске асырылып, дебат ойыны барысында қатысушылар жақтаушы және даттаушы екі топқа бөлініп тақырыпқа қатысты өз ойларымен бөлісті. Жақтаушы топ: «әрбір адам өзі біледі, оның санасына байланысты», — десе, даттаушы топ: «Жастарды дұрыс жолға салу керек. Басқа елдің мерекесін тойлағанша, өзіміздің 15 сәуірдегі «Қозы мен Баян» ғашықтар мейрамын атап өткен дұрыс. Расында да қазақи «Ғашықтар күнінің» болғанына қуанамыз. Бірақ бұл мереке пәктік пен шынайы сезімнің, құрмет пен отбасылық тіректің мейрамы болса игі. Жалпы қазақ болмысына тән қасиеттермен тойланса екен», — деп тамаша ойларын айтты.