https://youtu.be/mEZ9qVEqnBM
Тарихтан ерекше орын алып, қарыштап дамыған мемлекеттің әрі мәңгілік достықтың символына айналған Астана қаласының 25 жылдық мерейтойына орай Ақтоғай орталық кітапханасында «Кешкі кітапхана» жобасы аясында Елордамыздың 25 жыл ішінде даму жолдары мен тарихи кезеңдерін насихаттау мақсатында «Жайнай бер, жайна Астанам!» атты ақпараттық шолу өтті. Астана-бүгінде халықаралық аренада өзіндік келбеті бар, заманауи даму үрдісінен қалмай келе жатқан жас қала. Шара барысында осы уақытқа дейін еліміздің елордасы дамудың бірнеше сатысынан өтіп, астананың қысқаша тарихы мен қазіргі келбетін баяндайтын бейнефильм көрсетілімі өтті. Сонымен қатар, көрермен қауым, Астанада болып, қала кереметтерімен бөлісіп, пікірлесті. Кітап көрмесі бойынша шолу жасалды.