
Балаларды кітап оқуға, кітап және кітап оқу құндылығын насихаттау, шығармашылық қабілетті тәрбиелеу, ой-өрісті кеңейту мақсатында Ақтоғай орталық кітапханасының балалар әдебиет бөлімінде балалар апталығы аясында «Жаңа кітап-жаңа бағыт» атты библиошолу өтті. Жиналған оқырмандарға шара барысында кітаптың адам өміріндегі орны туралы түсінік беріліп, кітаппен достасуға, кітапхананың тұрақты оқырманы болуға шақырды. Сонымен қатар, балаларға атаулы күннің не туралы, қалай пайда болғаны жөнінде ақпараттар айтылып, балалар кітапханасына виртуалды саяхат жасалды. Кітап туралы өлең шумақтары оқылып, жұмбақ жасырылып, мақал-мәтел жалғасын табу ойындары ойналды. "Кітап - руxани жаңғыру құралы" атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, көрмеге библиографиялық шолу жасалды.