Ақтоғай аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің балалар әдебиеті бөлімі білімді де талантты оқырманын анықтау үшін осы жылдың қорытындысы «Үздік оқырман» атты тәлімдік сағатын өткізді.
Бір жылдық жұмысынның қортындысы ретінде балалар жылы аясында өткізілген іс-шаралар сараланды. Ақтоғай аудандық Абай атындағы орта мектебі мен М. Қайырбаев атындағы орта мектептің оқушылар белсенді қатысып қызықты бейнеролик тамашалап викториналық сұрақтарға жауап берілді, сонымен қоса бөліміміздің кітап қорынан «Кітап бетіне саяхат» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Кешке қатысушыларға шағын тәтті сыйлықтар ұсынылып, кешіміздің шарықтау шегінде бір жыл бойы өздерін әр қырынан көрсеткен оқушылар номинациялармен марапатталып дипломдармен сыйлықтар табысталынды.
«Оқу залының көшбасшысы» номинация бойынша Македонская Рита,
«Ең белсенді оқырман» номинациямен Жасұлан Айару,
«Ең тұрақты оқырман» номинациямен Тоқтар Махамбет,
«Көп қырлы оқырман» номинациямен Жантілеу Айлана.
«Мен кітапқа құштармын» номинациямен Жасұлан Нұрайна
«Ең көңілді оқырман» номинациямен Абай Айсәуле.
Сонымен қатар үздіктердің үздігі болып танылған Абай Орта мектебінің оқушысы Жасуланов Рамазан Жыл оқырманы «Үздік оқырман» атанды.
Құрметті оқырмандар осы қырларыныздан танбаңыздар, бұданда биік белестерді бағындырып тек ғана биік шыңнан көрініңіздер. Келер жаңа жылымызда бұл тізімнің саны артып, өресен өсіп келе жатқан жас буын кітапқа деген құлшынысы асып алі талай бірге қызықты іс-шаралар өткіземіз деп сенемін.
Сіздердің отбасыларыңызға амандақ, саулық тилеп зейнідеріңіз ашылсын дегім келеді. Балалар, әрі қарай да кітаппен және кітапханамен дос болуларыңызға тілектеспін. Мен сіздермен мақтанамын, Кітап патшалығының шынайы достары!