https://youtu.be/zkrrvWTRiGg
Туған жер- адам өмірінде киелі орын алады.Туған өлкеңнің өсіп-өркендеуі-әрбір тұрғын үшін қуаныш , мерей. Жастардың отаншылдық рухын оятып, еліне,жеріне деген махаббатын арттыру мақсатында Ақтоғай ауданының 85 жыл толуына орай Ақтоғай аудандық кітапханасында «Өз өлкеңді сүй, тарихыңды құрметте!» атты әдеби кеш өтті. Іс-шараға Ақтоғай ауданының Құрметті азаматы, Ақтоғайдың қара нары, Мәдениет саласының үздігі, айтыскер ақын Б.Мұқажанов, «Ардагерлер» аудандық филиалының, «Нұр-ана әлемі»қоғамдық бірлестігінің мүшелері және Қайырбаев ОМ 6-8 сынып оқушылары.Кеш пердесі айтыскер ақын Б.Мұқажановтың Ақтоғайға арналған арнауымен ашылып, әнші апамыз Н. Мұқажанованың орындауында Ақтоғайға арналған әндер шырқалды. Ауылымыздың тұрғындары бір ғасырлық тарихы бар жерімізде аштығын да, соғыс зардабын, соғыстан кейінгі қаншама ауыр өмір тәлкегін бастарынан кешсе де,өте тату тұрып, өмірден шыныққан, қайда болса да жауапкершілікті биікке ұстаған, барлық білген-жиған тәжірибелерін өз елінің дамуына арнаған, үлгілі де парасатты азаматтарымыз. Шара барысында жиналған қауымға сөз беріліп, «Ақтоғай-алтын бесігім» атты кең көлемді кітап көрмесі бойынша шолу жасалды.