Ақтоғай ауданында түрлі ұлт өкілдерінің бір-біріне деген сый-құрметін арттырып, татулықты, бірлікті, ортақ құндылықтарды насихаттау мақсатында 1 мамыр мерекесіне орай «Ынтымақ –достық кепіліі» атауымен Ақтоғай орталық кітапханасының ұйымдастыруымен мерекелік акциясы өтті. Акция барысында қазақ, болгар ұлт киімдерін киген кітапхана қызметкерлері көше бойында жолыққан халықтан бала кездерінде1 мамыр мерекесін қалай өткізгендері жайлы сұхбаттасып, мерекеге байланысты парақшалар таратып, барлығын құттықтап, береке-бірлік тіледі.