"Тәуелсіздікті жырлаймын!" мәнерлеп оқу сайысы
1991 жылы 16 желтоқсан әлем картасында жаңа жас Қазақстан Республикасы пайда болды. Бұл тәуелсіздік қанша ғасырдан бері армандап келе жатқан бұрынғы ата-бабаларымыздың аңсаған арманы, аналарымыздың көз жасы. Өзінің ішкі және сыртқы саясатын, экономикасы мен валютасын қалыптастыру сынды жауапты жұмыстар тұрды. Осының бәрін отыз жылда орындап, әлем жұртының алдында өзіннің даңқты ел екенін мойындата білді.Осы елеулі күнге орай Желтоқсан оқиғасының тарихымен таныстырып, өз Отанына, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, отаншылдыққа, елжандылыққа тәрбиелеу мақсатында2021 жылдың 18 қазан күні Ақтоғай аудандық кітапханасы ғимаратында аудан көлемінде
«Тәуелсіздікті жырлаймын!» атты «Жас Қанат» жастардың ресурстық орталығымен қоса ұйымдастырылған мәнерлеп оқу сайысы өтті. Мәнерлеп оқу байқауына ауылдық округтерімен қатар аудан орталығынан да қатысушылар жиналып, таланттары бірінен-бірі асып, байқау қонақтары мен әділ қазылар алқасының көңілдерінен шыға білді.
Өзгені емес, өзімізді танудан қалып бара жатқан еліміз тәуелділік құрсауынан құтылып, бүгінде, болашақта Қазақстанның көк туын жеңіс тұғырынан көрсететін ұландарымыз өз елінің тәуелсіздігін мақтанышпен жыр шумақтары арқылы жеткізе білді.
Сайыс соңында әділ қазылар алқасының өкілдері сөз сөйлеп, жеңімпаздарды дипломдармен, алғыс хаттармен және сыйлықтармен марапатталды.