КГУ


Елбасы Н.Ә. Назарбаев «Қазақстанның болашағы - қазақ тілінде. Ана тілі - бәріміздің анамыз, өйткені ол - ұлтымыздың анасы» дегендей Қазақстан халықтарының тілдері күні мерекесі аясында Ақтоғай орталық кітапханасында «Тәуелсіздік тірегі-мемлекеттік тіл» атты тақырыбымен кітапхана қызметкерлерінің қатысуымен пікірталас өтті. Ортаға ортақ тақырып тасталып, сол бойынша әркім өз ойларымен бөлісті. Осы тақырып төңірегінде жақсы ойлар қозғалып, пікірталас жоғары деңгейде өтті. Бұл шараның ерекшелігі: еркін форматта өтуінде дер едік.
Ана тіліміздің мәртебесін көтеру-әрбір қазақстандықтың басты міндеті болғандықтан, жастардың арасындағы диалектілерге, жаргон сөздерге тоқталып, ата-бабамыздан  мұра болып келе жатқан  өз   ұлттық туған ана тілімізді  шұбарлануына ешқандай жол бермей тап-таза күйінде  ұрпаққа жеткізе білуіміз керек деген оймен іс-шара өз мәресіне жетті.

ІС-ШАРАЛАР АФИШАСЫ

Барлық оқиғалар

Маңызды ақпарат

© 2006—2021 Павлодар облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Ақтоғай ауданының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі. Барлық құқықтар сақталған