КГУ

https://youtu.be/Tv1ilORZ7pY 

   Ақтоғай ауданы, Жаңатап ауылдық кітапханасы Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай "Тәуелсіздік-нұрлы таң" атты әңгіме сағатын өткізді. Шараға ауыл тұрғындары мен оқушы оқырмандар қатысты. Оқушылар тәуелсіздікке орай өлең, тақпақтарын айтты. Жоғарғы топ оқырмандары өз пікірлерімен бөлісті. Тәуелсіздікті насихаттау арқылы кітап көрмесіне шолу жасалды. Тәуелсіздік  – бабалар аңсауы, ұрпақтың қолы жеткен киелі кезең. Тәуелсіздік – таңбасы таста, қаны қара жердің тамырында жатқан құдіретті сөз. 
Еліміз тәуелсіздіктің бесігінде тербелгелі 30 жыл. Отыз жыл ішінде Қазақстан етек-жеңін жиып, шекарасын бекітіп, өз алдына дербес зайырлы ел болды. Бұл атадан келе жатқан ұлы жеңістің жемісі. 1991 жылы 16 желтоқсанда егемендігін алған еліміздің өз президенті, ұлты мен ұлысы, салты мен дәстүрі, мәдениеті мен экономикасы болды. Желтоқсанның желі мен ызғарына қарсы тұрған жастардың жалынды рухы мен ерліктерінің арқасында шаңырағы биік, керегесі кең мемлекет болып қалыптастық. 

ІС-ШАРАЛАР АФИШАСЫ

Барлық оқиғалар

Маңызды ақпарат

© 2006—2021 Павлодар облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Ақтоғай ауданының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі. Барлық құқықтар сақталған