https://www.youtube.com/watch?v=KCy_PRgpjuk
Ақтоғай орталық кітапханасында «Тәуелсіздік ұлт рухы» тақырыбында Тәуелсіздік құрдастарының қатысуымен әдеби-сазды кеш өтті. Іс-шараға тәуелсіздіктің төл құрдастары және Абай ОМ жоғары сынып оқушылары қатысты. Кеш шымылдығы «Желтоқсан оқиғалары» атты көріністен басталып, Павлодар облысы Мемлекеттік Университетінің қазақ тілінің кафедра меңгерушісі, филология ғылымдарының докторы, профессор Желтоқсан оқиғасының куәгері әрі қатысушысы Зейнуллина А. Ф. бейне сұхбаты ұсынылып, оқырмандардың орындауындағы патриоттық өлеңдер оқылып, көпшіліктің ықыласына бөленді. Шараға мерекемен құттықтап Ақтоғай ауданының Мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы С.М. Сәдуақаксов және өнер мектебінің ұстазы мен шәкірті домбыра сүйемелдеуімен күйді нақышына келтіріп, орындап берді.