КГУ


    Ақтоғай ауданы, Қожамжар ауылдық кітапханасындағы ,,Коммуникациялық орталығында" Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ,,Тәуелсіздік-елімнің ерлік жолы" атты дөңгелек үстел өтті. Шара барысында «Тәуелсіздік тұғырым» атты бейнеролик көрсетіліп, тәуелсіздік туралы пікірлер айтылып, өз ойларымен бөлісті. Желтоқсанда мерт болған қазақ қыздары мен жігіттерінің рухына, ерлігіне деген тағзым жасалды. Қазіргі таңда Тәуелсіздік күні – барлығымыз үшін ерекше қасиетті күн. Ол бірлік, ынтымақтастық пен татулық күні.
    Мемлекетіміздің тәуелсіздігі – ең алдымен халқымыздың бақыты, ұлтымыздың ұлы мұраты. Тәуелсіз ел болу оны жариялаумен, мемлекеттің іргетасын қалаумен шектелмейді. Тәуелсіздік үшін нағыз күрес күнделікті еңбекпен, үздіксіз әрі дәйекті елдік саясатпен мәңгі жалғасады. Біз қуатты тәуелсіз мемлекетімізбен ғана ұлт ретінде жер бетінде сақталамыз. Осы айнымас ақиқатты берік ұстануымыз қажет. «Тәуелсіздік бәрінен қымбат!» деген бір ауыз сөз мәңгі ұранымыз болуға тиіс. Шара соңында тілектер айтылып, мерекелік құттықтаулар.

ІС-ШАРАЛАР АФИШАСЫ

Барлық оқиғалар

Маңызды ақпарат

© 2006—2021 Павлодар облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Ақтоғай ауданының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі. Барлық құқықтар сақталған