
«Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы оқырмандар арасында бірнеше жыл бойы өз орнын тауып келеді. Аталмыш жоба қазақ әдебиетінің қазыналы туындыларын насихаттау, оқу мәдениетін қолдау және дамыту, жастарды рухани және патриоттық тәрбиеге баулуға бағытталған. 2021 жылдың Жыл кітаптарын таңдауда «Бір ел – бір кітап» акциясы бойынша ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, жалпыхалықтық оқуға «Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына – 30 кітап» рухани-мәдени акциясы ұсынылып отыр. Акция аясында Ақтоғай орталық кітапханасының фойесінде кең көлемді кітап көрмесі ашылып, ел болып оқитын кітаптар әр жанрдан ұсынылады. Олар: поэзия, проза, драматургия, балалар әдебиеті және аудармалар:
Поэзия:М. Мақатаев «Өмірдастан»,Ж Нәжімеденов «Менің Қазақстаным»,Ұ. Есдәулет «Киіз кітап»,С. Ақсұңқарұлы «Көкейімде Күлтегіннің жазуы»,Т. Таңжарық «Түн парақтары»,Б. Қанапиянов «Достояние души».
Проза: Т. Нұрмағамбетов «Періштелердің өлімі», Т. Жармағамбетов «Отамалы», С.Досжан «Қасірет пен тағдыр»,Ю. Серебрянский «Дәмді де пайдалы қазақстандық әдебиет»,Д. Қуат «Бөрісоқпақ»,Т. Сәукетай «Желқайық».
Драматургия:Р. Отарбаев «Айна ғұмыр» пьесалар жинағы,Д.Исабеков «Жеті желкен» пьесалар жинағы,М.Омарова «Көмбе нанның дәмі»,И-Ғайып «Қорқыттың көрі» пьесалар жинағы,Д.Рамазан «Пешене» пьесалар жинағы,С. Қасымбек «Жанталас».
Балалар әдебиеті:Ы. Алтынсарин «Өнер-білім бар жұрттар»,Б.Соқпақбаев «Жекпе-жек»,
М. Қабанбаев «Жиһангез Тити»,Т. Әбдірайым «Алабұға аулаған күн», З. Наурызбаева, Л. Калаус «Алтын тостағанды іздеу»,М. Айымбетов «Бар болғаны он төрт жас».
Аударма: Юсупов Кеңес,Габриель Гарсиа Маркес «Жүз жылдық жалғыздық»,Әдетов Бекболат,Эрих Мария Ремарк «Аманат өмір»,Ахметов Әділ,Агата Кристи «Ғайып болған миллион»,Меллат Төлеген,Халид Хусейн «Жарқыраған мың күн»,Мәзен Динара,Ж.К. Роулинг «Хәрри Поттер мен жасырын бөлме»,Құрметұлы Амангелді,Орхан Памук «Менің атым – Қырмызы».
Құрметті оқырмандар! Білім бұлағы - қымбат қазына саналатын кітапты насихаттау мақсатында алдағы уақытта таным көкжиегімізді кеңейтіп, білім нәрімен бірге сусындайық. Бір ел - бір кітаптан алыстамаңыздар!