КГУ

    

    Тәуелсіздік - ең басты құндылығымыз болып табылады. Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деген тілекпен Ақтоғай орталық кітапханасында ішкі саясат бөлімінің бас маманы Смагулов М.Қ,«Аманат» партиясының төрайымы Уюқбаев Б.Е, Ақтоғай аудандық «Ардагерлер» кеңесінің төрағасы Арынов Б.К, «Нұр-ана әлемі» қоғамдық бірлестік төрағасы Қ.Карагужинова, аудандық «Ауылдастар» клубының мүшелері және бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі- жастардың қатысуымен «Тәуелсіз елім-Қазақстан» атты дөңгелек үстел өтті. Іс-шара ҚР Мемлекеттік әнұран орындауымен басталып, тәуелсіздік алған 32 жылдың ішіндегі жеткен жетістіктерге тоқталып, қазақ халқының тарихында болған желтоқсан оқиғасынан, тәуелсіз мемлекетіміздің егемендік алғаннан бері маңызды кезеңдерінен ақпарат берілді.Тәуелсіз елдің жастарын сөз алған «Ауылдастар» клубының мүшесі Жасұлан Қамзаұлы Камзин құттықтап,
     Желтоқсанның желі мен ызғарына қарсы тұрған жастардың жалынды рухы мен ерліктерін көрсететін «Желтоқсан ызғары» атты бейнефильм көрсетілді.
«Тұғыры биік-Тәуелсіздік»атты кітап көрмесі бойынша шолу жасалды.

ІС-ШАРАЛАР АФИШАСЫ

Барлық оқиғалар

Маңызды ақпарат

© 2006—2021 Павлодар облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Ақтоғай ауданының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі. Барлық құқықтар сақталған