КГУ

https://youtu.be/i5YWY1AZxZ8 

    Ақтоғай орталық кітапханасында педагогика саласының ардагері, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, елінің ертеңін ойлап, қайнаған тіршіліктің бел ортасында мағыналы ғұмыр кешіп жүрген, тау-тұлғалы жерлестері жайлы деректі материалдарға толы тарихи шығарма туғызуға септік болған Амангелді Қайырбайұлы Елтіновтың «Туған жерім-нұрлы елім» атты кітап тұсаукесері өтті. Іс-шараға мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі басшысының орынбасары А.М. Абисинов, ауданымыздың қара нары атанған Б.М. Мұқажанов, Қ.М. Машырықов, аудандық «Ардагерлер» клубының төрағасы Б.Қ. Арынов, Ш.Ж. Сәдуақасов және Ақтоғай ауданының беделді адамдары, ауданның Абай және Қайырбаев ОМ оқушылары қатысты. Іс-шара барысында Амангелді Қайырбайұлының соңғы шыққан « Сакралды орындарға саяхат» пен «Әзіл-шыны аралас» атты қос кітабының тұсаукесері өтіп, жиналған қауым өздерінің көңілдерінде жүрген түрлі сұрақтарын қойып, толықтай жауабын алды деп айтуға болады. Кездесу тағылымды да, өз мәнінде өтті, және баршамыздың көңілінен шықты деуге болады.

ІС-ШАРАЛАР АФИШАСЫ

Барлық оқиғалар

Маңызды ақпарат

© 2006—2021 Павлодар облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Ақтоғай ауданының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі. Барлық құқықтар сақталған