КГУ

 

Ауылым – алтын бесігім
Жүрегім, жырым сенікі
Кеңесті  далам, кең далам
Тудым өстім есейдім- деп ақындар жырлаған туған дала туралы сөз қозғағанда уайымсыз балалық шағың, ата-анаң, бауырларың, достарың, көрші-қолаң барлығы еске түседі. Туған жер- адам өмірінде киелі орын алады. Туған өлкеңнің өсіп-өркендеуі, қарқын алып дамуы – әрбір тұрғын үшін қуаныш, мерей. Жастардың отаншылдық рухын оятып, еліне, жеріне деген махаббатын арттыру мақсатымен Ақтоғай аудандық кітапханасының ұйымдастыруымен аудандық «Ауылдастар» клубында «Өткеніңді білу-бүгініңді бағамдау» атты туған жер тарихына арналған кездесу өтті.
Іс-шараға ауыл ақсақалдары аудандық «Ауылдастар» ұйымының мүшелері және Қайырбаев ом 8 қазақ сыныбының оқушылары қатысты.
«Ауылыңда  ақылгөй  қария  болса, жазып  қойған  хатпен  тең»  деген  екен  біздің  бабаларымыз. Өткенімізді  осы үлкендерсіз елестету  мүмкін  емес. Біздің  бүгінгі  нұрлы  өміріміздің, алаңсыз  күлкі, тәтті  ұйқымыздың  да  бейбіт  сақшысы  бола  білген,  самайларын  қырау  шалып,  жүздерін  уақыт  әжімі  торлаған  данагөй  қарияларымыз туған өлкеміздің бұрыңғысымен қазіргісін, тарихын жас ұрпаққа әңгімелеп берді. Жас ұрпақ өз тарапынан қарияларға ризашылықтарын білдірді.
«Туған жерім-нұрлы елім»атты кітап көрмесі бойынша шолу жасалды.
Туған жерімізді, сүйікті Ақтоғайымызды әрқашан алтын бесікке теңеп, жақсы көреміз, құрметтейміз. Басқа жаққа кетсек, сағынамыз. Туған жерді, оның табиғатын қастерлей білейік!деген тілекпен іс-шара өз мәресіне жетті.

ІС-ШАРАЛАР АФИШАСЫ

Барлық оқиғалар

Маңызды ақпарат

© 2006—2021 Павлодар облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Ақтоғай ауданының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі. Барлық құқықтар сақталған