https://youtu.be/D-Q5JJuIEt0
Қазақстан халқының тілдері күні мерекесіне орай Ақтоғай аудандық кітапханасы аудандық Ішкі саясат бөлімімен біріккен «Тіл талапкері» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырып, өткізілді.
Шараға аудандық қазақ тілі қоғамының төрайымы А. Хұсайын, «Ауылдастар» клубының басшысы Б.Арынов, «Нұр-ана әлемі »қоғамдық бірлестік мүшелері және М.Қайырбаев ОМ оқушылары қатысты.
Шара барысында қазақ тілі негізін қалаушысы А.Байтұрсыновтың өмірбаяны мен шығармашылық жолы айтылып, оқырмандардың орындауында «Туған тілім», т.б. өлеңдер оқылып, тіл жанашырлары марапатталып, «CapCut» бағдарламасы бойынша тілге арналған ойын ойнатылып, жүлделі орынға ие болған оқушылар марапатқа ие болды.