https://youtube.com/shorts/pG81XOVULCo?feature=share
Павлодар облысы Ақтоғай ауданының Жалаулы ауылдық кітапханасы Тілдер күніне арналған "Тіл ғұмыры - ұлт ғұмыры" викториналық сайыс іс-шарасын өткізді. Шараның мақсаты мемлекеттік тіліміздің дамуына үлес қосып, мәртебесін көтеру. Оқырмандарды ана тілімізді құрметтеуге тәрбиелеу. Шара барысында оқырмандардың назарына кітап көрмесі ұсынылды. Оқырмандар екі топқа бөлініп, тіл туралы мақал-мәтелдер, қызықты сұрақтар мен тапсырмаларды орындап белсенділік танытты.