
Ақтоғай орталық кітапханасы «Кешкі кітапхана» жобасы бойынша Ақтоғай ауданының Төтенше жағдайлар бөлімімен бірігіп Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдық мерейтойына орай «Тіл білімінің атасы» атты кездесу кешін өткізді. Іс-шара барысында Ахмет Байтұрсыновтың өмірбаяны айтылып, өлеңдері оқылды.